Инфекциялық, паразиттік аурулар және (немесе) улану оқиғаларын, иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністерді тіркеу және тергеп-тексеру, есепке алу мен есептілігін жүргізу қағидаларын бекіту туралы



бет1/5
Дата21.09.2024
өлшемі29,03 Kb.
#145142
  1   2   3   4   5
Байланысты:
169 бұйрық






Инфекциялық, паразиттік аурулар және (немесе) улану оқиғаларын, иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністерді тіркеу және тергеп-тексеру, есепке алу мен есептілігін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-169/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 қазанда № 21562 болып тіркелді.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 105-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:


1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Инфекциялық, паразиттік аурулар және (немесе) улану оқиғаларын, иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністерді тіркеу және тергеп-тексеру, есепке алу мен есептілігін жүргізу қағидалары бекітілсін.


2. Мыналардың:


1) "Халықтың инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы №224 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17039 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 22 маусымда жарияланған);


2) "Инфекциялық, паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланулар жағдайларын тіркеу, есепке алуды жүргізу қағидаларын және олар бойынша есептілікті жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2019 жылғы 16 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-127 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19383 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 19 қыркүйекте жарияланған) күші жойылды деп танылсын.


3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:


1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;


2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;


3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.


4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.


5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі




А. Цой




Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 29 қазаны
№ ҚР ДСМ-169/2020 бұйрығына
қосымша

Инфекциялық, паразиттік аурулар және (немесе) улану оқиғаларын, иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністерді тіркеу және тергеп-тексеру, есепке алу мен есептілігін жүргізу қағидалары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет