ҚАК режимі бойынша 21 күн новинетпен, кейін - кесте бойынша 3 ай гестагенмен емдеу м+
151. Әйелдер кеңесіне 28 жастағы науқас ішінің төменгі жағы мен белінің сыздап ауырсынуына шағымданып келді. Жүктілік мерзімі 13-14 апта. Анамнезінде бір босану және үш жасанды түсік. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойнының ұзындығы 2,5 см, орталықта орналасқан. Жатыр мойнының өзегі бір саусақ өткізеді, жатыр жүктілік мерзімен сәйкес ұлғайған, жыныс жолдарынан аздаған мөлшерде шырышты бөлінділер. Жүктілікті үзу қаупінің болжамды себебі:
ИЦЖ+
Әйелдің жасы
Гиперэстрогения
Rh-сәйкессіздік
Құрсақішілік жұқпалар
152. 30 жастағы науқас стационарға ішінің төмегі жағының ауыруына және жыныс жолдарынан жағылған қанды бөлінділерге шағымданып түсті. Анамнезінде жатыр қуысын қайталамалы қырумен 2 өзіндік түсік. Қынаптық зертеуде: жатыр мойны сақталған, сыртқы өзегі саусақ ұшын өткізеді, жатыр 5-6 апталық жүктілікке дейін ұлғайған, қосалқылары анықталмайды, күмбездері терең. Соңғы етеккірі 1,5 ай бұрын болған. Сіздің болжамды диагнозыңыз:
Жүктіліктің 5-6 аптасы. Жолдағы түсік
Жүктіліктің 5-6 аптасы. Толық емес түсік
Жүктіліктің 5-6 аптасы. Өзіндік түсік қаупі+
Жүктіліктің 5-6 аптасы. Басталған өзіндік түсік
Жүктіліктің 5-6 аптасы. Жатырдан тыс жүктілік
153. Науқастың негізгі симптомдары: іштің төменгі жағының жедел ауырсынуы, құсу, зәр шығарудың жиіленуі, дене қызуы 380С дейін көтерілуі, пульс минутына 98 рет. Іші орташа кепкен, Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Жатырдың оң жағы мен алдында қозғалтқанда жанға батып ауыратын, қозғалысы шектелген көлемі 6х6см, тығыз эластикалық түзіліс пальпацияланады. Бөлінділер ірің тәрізді. Қандай диагноз ықтимал?
Ішектің тарылуы
Бүйрек шаншуы
Аналық без апоплексиясы
Аналық без ісігінің бұралуы
Достарыңызбен бөлісу: |