Инфекциялық-токсикалық шок



бет85/85
Дата01.05.2023
өлшемі1,24 Mb.
#88625
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85
Байланысты:
Èíôåêöèÿëû?-òîêñèêàëû? øîê

3 уровень
?
106.Менинигитке күдікпен бала ауруханаға түсті, оның басы ауырған, бірнеше рет құсқан. Қарағанда менингиттік симптомдар оң: шүйде бұлшық еттерінің тартылуы мен Керниг симптомы бар. Люмбалдық пункция жасалды: цитоз 1800 жасуша, лимфоциттер – 25%, нейтрофилдер – 75%, Панди реакциясы++, Нонне-Апельт ++. Ликвор көрсеткіштерін талдаңыз:

  1. ликвор көрінісі патологиясыз

  2. лимфоцитарлық плеоцитоз, Панди ++, Нонне-Апельт реакциялары ++

  3. лимфоцитарлық плеоцитоз, Нонне-Апельт ++

  4. нейтрофильдік плеоцитоз, Панди ++, Нонне-Апельта реакциялары++

  5. нейтрофильдік плеоцитоз, Панди реакциясы ++

?
107.Қабылдау бөлімшесіне баспа диагнозымен баланы алып келген. Объективті:ауыздан тәттілеу-шылқыма иіс шығады, ауыз жұтқыншақта аздаған қызару бар, бадамша бездерінде ақшыл-сұр жабынды бар, қалақшамен (шпатель) қиын алынады, алынған орны қанайды. Аңқадан BL алынған жұғынды талдау оң. Осы науқасқа жасайтын алғашқы емдік тактикаңыз:

  • антибактериалдық терапия

  • тырысуға қарсы терапия

  • ыстық түсіретін терапия

  • дифтерияға қарсы сарысуды енгізу

  • симптоматикалық терапия

?
108.9 айлық баланың ауруханаға түскендегі диагнозы: ЖРВИ, жедел ларинготрахеит. Жұтқыншақтың I дәрежелі стенозы. Бұл баладағы стенозды емдеу үшін БШАИЖ тактикасы:

  1. антигистаминдік терапия

  2. антибактериалдық терапия

  3. глюкокортикоидты терапия

  4. жылы сұйықтық ішкізу

  5. сальбутамолмен ингаляция

?
109.8 айлық бала дене қызуының 37,40 С дейін көтерілуімен, тәулігіне 10 ретке дейін реприздермен ұстама тәрізді жөтелмен, көзінің ақ қабатына қан құйылуы мен тілінің астында жараның болуымен ауруханаға түсті. Өкпесінде перкуторлық дыбыс қораптық. Аускультацияда аздаған құрғақ сырылдар. Болжамдық диагнозы: Көкжөтел. Диагнозды дәлелдеу үшін зертханалық және аспаптық тексеру әдістері:

  • жалпы қан талдауы, жалпы зәр талдауы, копроскопия, нәжісті бак.себу, кеуде қуысына R-грамма

  • жалпы қан талдауы, жалпы зәр талдауы, копроскопия, нәжісті бак.себу, кеуде қуысына КТ жасау

  • жалпы қан талдауы, мұрыннан флораға жұғынды, кеуде қуысына КТ

  • жалпы қан талдауы, пластинаға жөтелу әдісі, кеуде қуысының R-граммасы, Bordetella pertussis таяқшасына антиденелерді анықтайтын ИФТ

  • жалпы қан талдауы, қақырықты ИФТ, кеуде қуысына КТ

?
110.Ауызжұтқыншақ дифтериясымен ауырған балада 3 күннен кейін мына симптомдар пайда болды: дөрекі жөтел, стенотикалық тыныс алу, дауысының афонияға дейін өзгеруі. Балада пайда болған процесті болжаңыз:
A. вирустық круп

  1. көкірекаралық обыр

  2. жалған круп

  3. дифтериялық круп

  4. стридор

?
111.Бала орташа ауырлық дәрежелі дизентериямен ауырған, Қазір баланың жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық. Шағымдар жоқ. Нәжісте патология жоқ. Нәжістің соңғы бакпосев анализінде балада қайта S. dysenteriae, серовар 3 табылды. Инфекциялық үдерістің формасы:

  • сау тасымалдаушы

  • вирусты тасымалдаушы

  • иннапаранттық инфекция

  • реконвалесценттік тасымалдаушы

  • созылмалы тасымалдаушы

?
112.Парагриппті науқас бала 7 күн амбулаторлық ем алды. Аймақтық дәрігердің тексеруінен қайта өткенде келесі ауру белгілері сақталып қалған: тез шаршағыштық, тершеңдік, бас ауруы. Баладағы инфекциялық үдеріс кезеңі:

  1. өршу

  2. бастапқы (предвестников)

  3. инкубациялық

  4. сауығу

  5. бөлек салдарларын

?
113.5 жасар бала жедел ауырған. Түскен кезде дене қызу – 37,2, жиі құрғақ жөтел мазалайды, тәбеті қалыпты. Қарау барасында дауыс дірілі өзгермеген, ТАЖ мин 28 рет. Перкуссияда өкпелік дыбыс, өкпе аускультациясында: тынысы қатты, құрғақ сырылдар, cor-тондар қатты, ритмді. Кеуде қуысының R-граммасында өкпелік суреттің күшеюі. Жалпы қан талдауында күтуге болатын өзгерістер:
А.1 дәрежелі анемия
B.ЭТЖ жоғарылауы
С.Айқын лейкоцитоз
D.Жалпы қан талдауында жасқа сай қалыпты көрсеткіштер
Е.Солға ығысқан нейтрофилез
?
114.Бала 3 жаста. Дені сау балада тырыспалық жөтел, ұйықтағанда жойылатын, қобалжу кезіндегі ентігу. Анасының айтуынша, бала ұсақ ойыншықтармен ойнаған. Қарау барысында экспираторлы ентігу. Перкуторлы – қорапты дыбыс, өкпе аускультациясында -қатаң тыныс, құрғақ ысқырықты сырылдар. ЖҚА өзгеріссіз. Диагностикалауда ең ақпаратты әдіс:
А.рентгенография
В.бронхография
С.пневмотахометрия
D.бронхоскопия
Е.спирография
?
115.1 жас 3 айлық бала, салмағы 2100 г, ауыр жағдайда түсті. Ауруханада ақуыз-энергетикалық жетіспеушілік, аралас этиологиялы диагнозымен жатқанына 3 күн болды. Туылған кездегі салмағы 3000 грамм. Бала жасанды тамақтандырылады. Балаға тағайындалатын диетотерапияның сатысы:

  1. оптималды тамақтану

  2. аралық

  3. аралық және минималды

  4. минималды

  5. аралық және оптимальды

?
116. Бала 3,5 айлық, салмағы 4500 гр., бойы 59 см. Бала дистрофия 2 дәрежелі гипотрофия типі диагнозымен емханада 8 күн бойы жатыр. Жасаңды тамақтандырылуда. Туған кездегі салмағы 3400 грамм, бойы 51 см. Балаға жүргізілетін диетотерапияның сатысы:
A.минимальды және оптималды
B.оптималды тамақтану
C.минималды
D.аралық
E.аралық және оптималды
?
117.Ер бала 12 жаста. Жағдайы ауыр. Ентігуге, жөтелгенде және терең дем алғанда кеудесі ауырсынады, терісі бозғылт. Айқын акроционоз. Физикалық жүктемеде ентігудің күшеюіне әкеледі. Кеуде торының оң жағы тыныстан қалады, қабырғааралықтар тегістелген. 4 қабырға деңгейінен бастап өкпелік дыбыстың тұйықталуы анықталған. Грокко-Гаухфус, Гарланд ұшбұрыштары анықталған. Аускультацияда тыныс естілмейді. Кеуде торының R-графиясында оң өкпенің төменгі бөлігінің қараюы, кеудеаралықтың сол жаққа ығысуы байқалады. ЖҚА: Hb 110 г/л, лейкоциттер 16х10 9, т/я 15%, с/я 60%, э 1%, м 5%, л 19%, ЭТЖ -30 мм/сағ. Болжамды пневмонияның өкпелік асқынысы:
A.ателектаз
B.абсцесс
C.булла
D.плеврит
E.пневмоторакс
?
118.Бала 2 жаста. Дене температурасы 38.5. Енжар, тәбеті төмендеген, ылғалды жөтел мазалайды. ТАЖ минутына 48. Өкпелік тыныстың оң жауырынасты аймақта қысқаруы. Осы аймақта тыныстың әлсіреуі және ылғалды кіші көпіршікті сырылдар. Ауруханадан тыс оң жақтық ошақты пневмонияның болжамды диагнозы қойылған. Қойылған аурудың диагностикасының «алтын стандарты»:
A.бронхоскопия
B.кеуде торы мүшелерінің R-скопиясы
C.бронхография
D.кеуде торы мүшелерінің R-графиясы
E.кеуде торы мүшелерінің УДЗ
?
119. Бронхиолалардың гранулярлы және фиброзды тіннен тұратын түйінді массалармен облитерациясы және өкпенің зақымданған аймақтарының қанайналымының резекциясымен жүретін ауруды аңықтаңыз:
A.жедел бронхиолит
B.обструктивті бронхит
C.бронх демікпесі
D.облитирлеуші бронхиолит
E.қарапайым бронхит
?
120.Қалалық балалар ауруханасына 6 айлық бала ентігіп, жөтеліп, дене қызыуның жоғарлауымен түсті. Бала жедел ауырған. Жағдайы орташа ауырлық деңгейде, тері жабындылары бозғылт, мұрын айналасындағы цианоз. Кеуде қуысы бөшке тәрізді кеңейген. Өкпе перкуссияда қораптық дыбыс, аускультациясында қатаң тыныс. Өкпенің жоғарғы бөлімінде ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Балаға қойылған диагноз: Жедел облитирлеуші бронхиолит. Рентгенде өкпенің зақымдануы «мақталы өкпені» көрсетеді. Рентгенде өзгерістерді бақылай отырып, ажыратпалы диагноз жүргізіңіз:
A.қарапайым бронхиолит
B.рецидивты бронхит
C.обструктивті бронхит
D.өкпе туберкулезы
E.бронх демікпесі
?
121.10 жастағы балаға диагноз қойылды: Жедел ревматикалық қызба, митралды қақпақшаның зақымдалуымен кардит, полиартрит НК1 (ФКІ). Қазіргі жағдайдағы этиологиялық терапия:
А.цефазолиин 50-100 мг/кг/тәул - 10 тәулік
В.эритромицин 0,4-1,0/тәул 4 рет – 10 тәулік
С.рокситромицин 5 мг/кг 2 рет – 10 тәулік
D.бензилпенициллин 50-100 мың бірлік/кг – 10 тәул
Е.азитрормицин 10 мг/кг * 1гр – 3 тәул
?
122.Бала стационарға түсті. Диагнозы: ЖРҚ, ІІ дәрежелі белсенділік, миокардит, митралды қақпақшаның жетіспеушілігі, полиартриит. НКІ (ФКІ). Фармакотерапияда ең қолайлы препарат:
А.дигоксин
В.купренил
С.циклофосфан
D.делагил
Е.индометацин
?
123.Бөлімге бала ауырсынуға, қимылдың шектелуі, тізе буындарының ісінуіне, субфебрильді температураға шағымданып бөлімге түсті. 3 апатаға жуық баспамен ауырған. Ауру ісінумен, балтыр-табан буындарының ауырсынуы, осы буындардағы ісіну және ауырсыну азайған, алайда тізе буындарында осы процесс байқалған. Көлденең жүрек өлшемдері ұлғайған. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек түрткісінде V нүктеде систолалық шу. Фармакотерапияда ең қолайлы препарат:
А.индометацмин және С дәрумені
В.бутадион және преднизолон
С.индометацин және делагил
D.индометацин және бутадион
Е.индометацин және преднизолон
?
124.Глюкокортикоидты терапияның қандай жауабы бойынша нефритикалық синдром кезінде гормон тәуелді нефротикалық синдром қойылады?
А.науқаста клиникалық өршу болмайды, ал лабораториялық өршу бар
В.бұндай ауру кезінде, науқаста толық клиникалық-лабораториялық өршу басталады
С.науқаста клиникалық өршу болады, ал лабораторлы өршу жоқ
D.науқаста толық клиникалық-лабораториялық өршу анықталмайды
Е.науқаста преднизолонмен 2 мг/кг/с 6 апта емдеуде толық клиникалық-лабораторлық өршуі бақыланбайды
?
125.Тромбоцитопениялық пурпура кезінде қан кету тромбоцитопения мен тромбоцитопатия салдарынан болады. Гемостаздың ең ықтимал бөлігі:
А.коагуляция факторларын белсендіруі

  1. лейкоциттік бөлігі

  2. лимфоциттік бөлігі

  3. тамырлық бөлігі

  4. гемостаздың тромбоцитттер бөлігі

?
126.Тромбоцитопатия патогенезінің негізінде тромбастения кезіндегі тромбоциттердің функционалды белсенділігінің ақауында гликопротеин 2b/3a комплексі жатыр.Төмендегі берілгендермен тромбоциттер байланыспайды:

  1. ристоцетин

  2. тромбин

  3. гликопротеид

  4. Вилебрант факторы

  5. фибриноген

?
127.Р. есімді ұл бала, 12 жаста, бөлімшеге әлсіздік, құсу, лоқсу, дене қызыуның жоғарылауы, аяғындағы ауырсынулармен келіп түсті. Жағдайының нашарлауы осыдан 10 күн бұрын, дене қызыуның 39,3оС, лимфатикалық түйіндердің үлкеюімен анықталған. Амбулаторлы қан анализінде гиперлейкоцитоз 200х109/л, созылмалы лейкозға күдіктеніп, ұл баланы госпитализациялаған. Ең тиімді диагностикалық қадам:

  1. коагулограмма+АЛАТ,АСАТ

  2. зооноздарға ИФТ

  3. цитогенетика+коагулограмма

  4. миелограмма+протромбинді индекс

  5. миелограмма+цитогенетика

?
128.14 жасар ұл балада диагнозы - он екі елі ішектің ойық жарасы хеликобактериялық этиологиясымен. Әкесінде ойық жара бар. Бір жыл бұрын эррадикациондық ем алған. Зерттеген кезде Helicobacter pylori танықталған. Сіздің тактикаңыз:

  1. тек ғана балаға эрадикациондық ем жүргізу

  2. эрадикацондық емнің жүргізуі қажет емес, ол бұрын емделген

  3. эрадикациондық ем жанұяда жүргізу қажет емес Helicobacter pylori табылса

  4. балаға антацидтық ем жүргізу керек 4 аптадай

  5. балаға және жанұя мүшелеріне эррадикациондық ем жүргізу

?
129.13 жасар ұл бала диагнозы он екі елі ішектің ойық жарасы, хеликобактер этиологиясы, эрадикациондық емнің екінші курсын (квадротерапияны) алған. Эрадикацияның бақылау мерзімі:

  1. 2 аптадан кейін

  2. емнен кейін

  3. 1 жылдан кейін

  4. емдеу кезінде

  5. 4 аптадан кейін

?
130.11 жасар ұлы балада 12 елі ішек тінің ойық жарасы, қан кетуімен асқынған, қанда Нв 57г/л, эр.2,1х1012/л. Анемияның емдеу әдісі:

  1. тағамдарда көп мөлшерді нәруыздың болуы

  2. тағамдарда көп мөлшерде витаминдердің болуы

  3. тағамдарда ет, В витамин тобы бар тағамдарды беру.

  4. темір препараттарды тамыр арқылы бұлшық етке енгізу

  5. эритроцитарлық массаны тамыр арқылы беру

?
131.10 жасар балада ойық жара ауруы, эритроциттер -2,2х1012/л, Нв-64г/л. Бұл жағдайда анемияны емдеу әдісі:
А.диетада нәруыздың көп болуы
В.диетада В витамин тобынын көп болуы
С.эритроцитарлық массаны вена ішіне енгізу

  1. per os темір препараттары

Е.темір дәрілерді тамыр арқылы бұлшық етке еңгізу
?
132. Ауызжұтқыншақ дифтериясы диагнозы қойылған 3 жастағы балада көзінің асты мен аяқтарының таңертеңгі уақытта ісіп тұруы байқалған, жалпы зәр талдауын тексеру кезінде анықталғаны: протеинурия, гематурия, цилиндрурия, соққылау симптомы оң. Дәрігер бірінші кезекте бұл аурудың ең ықтимал асқынысын ойлауы керек:

  1. пиелоэктазия

  2. зәр шығару жолдарының инфекциясы

  3. зәртас ауруы

  4. нефроптоз

  5. гломерулонефрит

?
133. Бала бүгін қызылшамен ауырған науқаспен қарым-қатынаста болған, соған байланысты оның бұлшықетіне гаммаглобулин егілген. Бұл балада қызылша дамуы мүмкін мерзімін көрсетіңіз:

  1. 1 -17 күндер аралығында

  2. 1 - 21 күндер аралығында

  3. 2 - 7 күндер аралығында

  4. 12 - 31 күндер аралығында

  5. 9 - 21 күндер аралығында

?
134.5 жастағы баладан дәрігер бадамша бездердің лакуналарынан іріңді жабындыларды байқаған. Зертханалық әдіс аурудың этиологиясын нақтылауға мүмкіндік береді:

  1. копроскопия

  2. гемокультураға қан

  3. жалпы қан анализі

  4. аңқадан флораға жұғынды

  5. жалпы зәр анализі

?
135.Өкпенің гистологиялық зерттеуінде табылды: өкпенің көптеген аймақтарында (рентгенограммада аралық тіндердің қалыңдауымен) көрінген өзгерістер, альвеоланың тығыздалуынан және микроателектаздан құралғаны байқалды. Пневмонияға тән өзгерістер:
А.ошақты
В.крупоздық
С.сегменттік
D.интерстициалды
Е.ошақты-құйылу
?
136.Бала 6 айлық. Жиі, қиын жөтелге, ентігуге шағымданады. Қарағанда: жағдайы орташа ауырлық дәрежеде, ентігу экспираторлы сипатта. ТАЖ- минутында 68 рет, ЖЖЖ- минутында 120 рет. Т-38,2. Қосымша бұлшық еттердің тыныс алуында қатысу. Перкуторлы дыбыс қораптық сипатта, тыныс әлсіреген, құрғақ және ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Алғашқы диагноз: Жедел бронхиолит. Диагнозды нақтылау үшін қандай қосымша зерттеу әдістерін жүргізу керек?
A.пикфлоуметрия
B.бронхография
C.бронхоскопия
D.өкпе рентгені
E.шырыш микроскопиясы
?
137.Өкпе құрылымының патологиялық процесстеріне ұшырауына байланысты, созылмалы облитирлеуші бронхиолиттің түрлерін ажыратады:
A.аз симптомды, көп симптомды
B.генерализденген, локалды
C.манифестті, жеделдеу
D.констриктивті, пролиферативті
E.найзағайлы, созылынқы
?
138.Бала 10 жаста. Стационарда пневмонияға қарсы ем алып жатыр. Өкпе рентгенограммасында: өкпе суреті торлы, өкпе түбірінен ұршық тәрізді сызықтар өтеді, анық сызық тәрізді көлеңке көрінеді. Рентгенологиялық мәліметтерге байланысты тән өзгерістер
A.ошақты-құйылу
B.ошақты
C.сегменттік
D.интерстициалды
E.крупоздық
?
139. Науқас 5 жаста. Шағымдары: Т-39,4, ентігу, жөтел. Бала шұғыл ауырған. Қарау кезінде: терісі бозғылт, таза. Оң жақ кеуде қуысының тыныс актісінде артта қалуы байқалған. Оң жақ өкпенің төменгі шегі қозғалғыштығының шектелуі. Оң жақ төменгі бөлігінде перкуторлы дыбыстың қысқаруы байқалды. Өкпе R-граммасында: оң жақ өкпенің төменгі бөліктерінде инфильтративті көлеңке анықталған. Қойылған диагноз: Оң жақты крупоздық пневмония. Сипатталған клиникалық жағдайда ойлауға болатын аурудың этиологиясы:
A.хламидия
B.стрептококк
C.цитомегаловирус
D.пневмококк
E.микоплазма
?
140. ЖРҚ бар науқаста келесі симптомдар көрінді: ЖЖЖ қалыптыдан 40% жоғарылаған, ТАЖ қалыптыдан 50% жоғарылаған, өкпе ісінуі жоқ, бауыр қабырға доғасынан 2-3 см шығыңқы. Фармакотерапияда ең қолайлы препарат:
А.коргликон
В.панангин
С.фуросемид
D.дигоксин
Е.верошпирон
?
141.Бала 3 жаста. Ауруханаға түскендегі диагнозы: ЖРВИ. 3-ші тәулікте науқаста ентігу, күрт әлсіздік, жіп тәріздес пульс, жиі жөтел ауызға қақырықтың толуы байқалады. Аускультация кезінде: екі жақты өкпенің төмен аймағында ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. Рентгенограммада: өкпенің альвеолярлы ісігі, ЭхоКГ: сол жақ қарыншаның насостық қызметі төмендеген. Қандай асқынудың дамуы жайлы ойлауға болады:
A.жаппай жүрек жетіспеушілігі
B.жедел пневмония
C.перикардит
D.жедел сол жақ қарыншалық жүрек жетіспеушілігі
E.жедел он жақ қарыншалық жүрек жетіспеушілігі
?
142.3 жастағы баланың ата-анасы емханаға баланың физикалық дамуының артта қалуына шағымданып келді, бала нашар жүреді. Объективті қарағанда: психикалық дамуы жасына сәйкес, қалыпты, иық аймағының артық дамуы анықталған. Дененің төменгі бөлімі, аяқтары әлсіз, бұлшықет гипотониясы анықталды. Жүрек аймақтары солға 2 см кеңейген. Жүрек ұшында 1 тон күшейген. Систолалық шу 2-ші қабырға аралалығы оң жақтан естіледі. Бауыры ұлғаймаған. Осы клиникалық көріністердің аорта коарктациясын нақтылайды:
A.АҚ аяқ пен қолда бірдей
B.Оң жақ қарыншадағы миокард гипертрофиясы
C.АҚ қолға қарағанда аяқта жоғары
D.Рентгенограммада өкпе сүретінің күшеюі
E.АҚ аяққа қарағанда қолда жоғары
?
143.12 жасар бала ЖРВИ-мен ауырған. Аурудың 5-ші тәуілігінде брадикардия, пульс минутына 59, экстрасистола пайда болған. Баланы ЭКГ, ФКГ, қан және зәр анализіне бағыттаған. 8-ші тәуілігінде балада физикалық жүктемеден кейін демікпе, ерекше әлсіздік, жіп-тәрізді пульс, аузынан көпіршікті қақырықты жиі жөтел пайда болған. Өкпесін тыңдағанда өкпесінің төменгі екі жағынан ылғалды сырылдар естіледі.Асқынуы:
A.жедел бронхиолит
B.перикардит
C.жедел пневмония
D.жедел оң қарыншалық жетіспушілік
E.жедел сол қарыншалық жетіспушілік
?
144.Баланың диагнозы: Туа пайда болған нефротикалық синдромы – финскілік типі. Бүйректе көрінетін морфологиялық өзгерістер:
А.мезигмеальды
В.мембранозды-пролиферативті гломерулонефрит
С.шумақтардың склерозы
D.өзекшелердің микрокистозы
Е.фокальды-сегменттік гломерулонефрит
?
145.Қыз бала 10 жаста. Қол-аяқтарында геморрагиялық бөртпелерге шағымданады. Анамнезі: бөртпелер вирустық инфекциямен ауырғаннан кейін пайда болған. Объективті: Сирағында нүкте тәрізді, папулезді геморрагиялық бөртпелер байқалады. Симметриялы. Тері-буын жүйесі деформацияға ұшырамаған. Іші жұмсақ, кіндік аймағында аздап ауырсыну бар. Бауыр және көкбауыр шекаралары қабырға қырында. Геморрагиялық васкулит диагнозы қойылған. Фармокотерапияда қолданылатын ең тиімді препарат:

  1. антибактериалды терапия

  2. жүрек гликозидтері

  3. цитозин,гепарин

  4. инсулин+нарий хлорид

  5. дезагрегантты терапия,гепарин

?
146. Науқастың сырқаты жедел басталды, дене қызуы кенеттен 40 0С дейін көтеріліп, басының қатты ауыруына, қайталап құсуына, қол саусақтарының буындарында ауырсынуыға шағымданды. Объективті анықталғаны: аяқ-қолдарында және жамбасында пішіні дұрыс емес жұлдызша тәрізді ортасы некроздалған геморрагиялық бөртпелер пайда болды, олар басқанда жоғалып кетпейді. Менингеальді белгілері оң.Диагнозды қою үшін жүргізілетін зерттеу әдісі:
А.иммуноферменттік анализ
В.толық тамшыға қан алу
С.жалпы қан анализі
D.люмбалдық пункция
E.полимеразды тізбектік реакция
?
147.«Пневмония» диагнозымен соматикалық бөлімшеде жатқан 1 жастағы баладан сальмонеллездің бар екені анықталды. Науқас бала жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Бөлімшедегі баламен қатынаста болған басқа балаларға тексеру жүргізу қажет:
А.қақырықты бак.себу
В.копроскопия
С.гемокультураға қан алу
D.нәжісті бак.себу
E.флораға аңқадан жұғынды алу
?
148.Маша, 4 жаста, жедел ауырды, Т – 38,0 С, ішінің ұстама тәрізді ауырсынуы. Нәжісі сұйық, қызғылт сары түсті, сулы, шырыш аралас. Нәжісінен бактериалды себуде E. сoli табылған. ТЕГАР (тікелей емес гемагглютинация реакциясы) анықталған қоздырғышқа қарсы антиденелер титрі – 1:40, 7 күннен кейін – 1:160. Антиденелердің өсуінің минималды төменгі титрі диагнозды дәлелдейді:
A.антиденелер титрінің 2 есе өсуі
B.антиденелер титрінің 3 есе өсуі
C.антиденелер титрінің 6 есе өсуі
D.антиденелер титрінің 4 есе өсуі
E.антиденелер титрінің 8 есе өсуі
?
149.12 жастағы балаға дәрігер - паротиттік инфекция диагнозын қойды, 2-жақтық паротит және оң жақтық орхит. Паротиттік орхитпен науқас балаға қажетті емді тағайындаңыз:
A.Дезо байламын жасау
B.құрғақ жылу
C.лангет тағайындау
D.суспензорий тағайындау
E.ішке регидратация қабылдайтың
?
150.Ауруханада «Көкжөтел» диагнозымен емделіп жатқан 1 жастағы балада жөтел ұстамасы тәулігіне 10 реттен 15 ретке дейін, реприздер 10 ретке дейін, бір рет апноэ болды. Өкпесінің R-графиясы қалыпты. Науқас балаға қажетті ем:
A.пенициллин
B.ампициллин
C.парацетамол
D.аминазин
E.супрастин

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет