Дәрістің мақсаты: Еуропа аймақтарын классификациялау және оларға сипаттама беру.
Терминдер мен анықтамалар. Шетелдік Еуропа. Өндірістік инфрақұрылым. Еуропа субаймақтары.
Дәрістің топтама-тәсімі.Шетелдік Еуропаның жалпы экономикалық-географиялық және саяси сипаттамасы. Еуропаның шекаралары. Географиялық және геосаяси тұрғыдан орналасуы. Еуропаның дамуы мен қалыптасуына әсер ететін қолайлы табиғи және тарихи-мәдени факторлар. ХХ ғасырдағы Еуропадағы геосаяси өзгерістер. Еуропаның субаймақтары. Еуропадағы интеграциялық үрдістер. Еуропалық Одақ.
Еуропа аймақтарының өндірістік инфрақұрылымы. Еуропа аймақтарының әлеуметтік инфрақұрылымы. Еуропа аймақтарының ғылыми инфрақұрылымы. Еуропадағы туризм және спорт инфрақұрылымы. Батысеуропалық сәйкестілік. Еуропаның жетекші мемлекеттері. Мемлекеттердің жалпы сипаттамасы (аумақ, халық, билік ету формасы, әкімшілік-аумақты құрылысы). Дамудың қазіргі кезіндегі Еуропаның жетекші мемлекеттеріндегі халық пен өмір сүру сапасы. Еуропадағы аймақтық саясаттың ұлттық деңгейінен жоғары деңгейдің жалпы сипаттамасы.
Еуразия дүниенің екі бөлігінен Еуропа мен Азиядан құралатын жер шарындағы ең үлкен материк. (Еуразия деген ұғымды 1883 жылы австриялық ғалым Э.Зюсс енгізді) Еуропа мен Азия дүниенің жеке бөліктері ретіндегі дәстүрлі табиғи-тарихи даму жолында талай рет өзгерді. Қазіргі шартты шекара Орал тауының шығысының етегі мен Жем өзені бойынан Каспий теңізіне дейін, одан ары Кума және Маныч өзендерін бойлай Донның сағасына дейін кетеді. Жері 53,4 млн км кв (бүкіл құрлықтың 37%-ы), оның 2,75 млн км кв жуығы аралдар. Еуразияда 290 млн адам өмір сүреді және 170 ұлт өклдері бар. Евразияның материктегі қиыр шеттері: солтүстігінде - Челюскин мүйісі, оңтүстігінде Пиай мүйісі, батысында Рока мүйісі, шығысында Джнев мүйісі. Негізінен солтүстік жарты шарда, тек оңтүстік-шығысындағы біраз аралдары ғана Оңтүстік жарты шарға өтеді. Еуразияны 4 мүхит - Атлант, Солтүстік мұзды, Үнді, Тынық мұхиттары және шеткі теңіздер қоршап жатыр. Оңтүстік батысында Гибралтар бұғазы, Жерорта және Қызыл теңіздер. Еуразияны Африкадан, Солтүстік-шығысында Австралия мен Азия аралығындағы теңіздер Австралиядан бөледі.
Қазіргі әлем өзара интеграция жүйесінде дамуды қарастырады. Қазір бүкіл әлем интеграцияланған ұйымдардың жиынтығы деуге болады және бұл жағдайда мемлекеттердің жекелей дамуы мүмкін емес, немесе алдында тұрған қиындықтарды еңсеруде. Егемен Қазақстан Республикасы да өзінің дамуын аймақтық интеграциялармен тығыз байланыстырады және дамыған мемлекеттермен көреді. Сондай интеграциялық ұйымдардың бірі Европалық Одақ деуге болады. Осы Одақ шегінде европа елдерінің экономикалық, саяси, құқықтық мәселелері оңды шешімдерін тапқан болатын.
Еуропалық интеграция халықаралық үрдістердің дамуына әсер етуші ретінде халықаралық қатынастар дамуының объективті құрылымдық негізі, ал әлемнің саяси жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Сонымен қатар Еуропалық интеграция бүгінгі таңдағы ең дамыған интеграциялық үрдіс ретінде қарастырылады.
Еуропалық Одақ әлемдегі ең дамыған және жемісті интеграциялық бірлестік болып табылады. Тарихи өлшемдегі елу жыл - Одақ экономикалық сипаттағы шағын субаймақтық топтан өзінің жеке басқару аппараты бар және қоғамдық өмірдің әртүрлі сфераларында өз қызметін жүзеге асырып отырған әмбебап біліктіліктегі шынайы европалық интеграциялық бірлестікке айналды.
Еуропалық Одақ – еуропалық интеграцияға қатысушы мемлекеттердің біріккен одағы. Жалпы Батыс Еуропалық интеграцияның бірқатар алғышарттары бар: