жауапкершілікті бөліскен балалар болашақта жасөспірім болғанда өздері шешім
қабылдайтындай дәрежеге жете алады.
3.Құрдастарымен қарым-қатынастары орта балалық шақта әлеуметтік және тұлғалық
дамуына әсер ететін ең басты фактор болып табылады. Үлкендермен достықтың
нәтежиесінде балалар әлеуметтік ұғымдарды меңгереді, әлеуметтік дағдыларға үйренеді
және өзін-өзі құрметтеуді дамытады. Тұрақты достары бар балалар оқуда , өмірде де үлкен
жетістіктерге жете алады. Достықтың сипаты даму барысында өзгеріп отырады. Селман
бойынша мектепке дейінгі және 1-2 сынып оқушыларына бірінші стадия деңгейіндегі
достық тән.Бұл жаста сенімді достарың болуы балалар үшін өте маңызды. Олар өзара
өздерінің сезімдері, қорқыныштары, өмір туралы талқылай алады. Достары болмаған
балалар, шеттетілген болып олар үлкейгенде әлеуметтік бейімделе алмаушылыққа
ұшырауы мүмкін.
Құрдастар тобы- бұл топтық нормалары бар, өз лидерлері немесе жетекшілері бар
құрылым. Орта балалық шақтың басында құрдастар тобы формальды болмайды. Ал 11 -12
жаста құрдастар тобының маңызы арта түседі.Бала мінез-құлқында топтың әсері күшейе
түседі. Топ құрамы формальды бола түседі және ол бір жынысты балалардан құралады.
Құрдастар тобында балалар статусы әр түрлі болады. Лидерлер- сабақты жақсы оқитын,
жалпы қабілеттері ортадан жоғары балалар. Оқшау қалған және шеттетілген балалар-
сабақта үлгерімі нашар, әлсіз, ұялшақ немесе керісінше агрессивті, яғни әлеуметтік
жағынан компетентті (хабардар емес)балалар. Баланың топтағы орны оның өзін-өзі
сезінуіне әсер етеді. Сонымен қатар топта жоғары конформды балалар болады. Ола әр
түрлі « толымсыздық комплексі» және «эго күшінің» жетіспеушілігімен ерекшеленеді.
Бұл жастағы балаларда үлкендерге соның ішінде мұғалімдерге деген сенімділігі, бағынуы,
еліктеуі жоғарылайды. Балаларда сенімділік, ашықтық, айтқанын орындау, тыңдау
баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына жақсы жағдай жасайды. Сондықтан да
бастауыш мектеп жасы баланың денелік, когнитивті және тұлғалық дамуы үшін ең басты
кезеңдер болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: