№27 дәрістің тақырыбы: Мектеп психологының негізгі жұмысы.
Дәріс мазмұны:
1. Мектеп психологының жауапкершілігі
2. Мектеп психологының негізгі мақсаты-міндеттері
Мектеп психологының жауапкершілігі:
– Психолог психологиялық көрсеткіштердің сауаттылығына, қолданылынатын
болжам жасау және түзету әдістердің тиімді екеніне, ұсынылатын пікір-ұсыныстардың
ғылыми негізделуіне тікелей жауапкершілікте болады.
– Психолог психологиялық зерттеулер хаттамаларының сақталуына, құжаттардың
жүргізілуіне жеке жауапкершілікте болады.
Осыдан, келесі практик-психолог жұмысының дәстүрлі қалыптасқан қағидалары.
Психологтың ұстаным әдебі туындайды:
1. Бүлдіріп алма! Өз біліміңді игілік үшін қолдан!
2. Баға беруге асықпа! Әсіресе, теріс баға беруге әуестенбе! Теріс бағаны дауыстап
айтпа!
3. Әр адамды қазір қандай, сол тұрғыда «сөзсіз оң қабылдау» (Роджерс). Өзіңе сеніп
келген баланы түсінуге тырыс.
4. Кәсіби құпияны сақта. Оқушылар, педагогтар, ата-аналар туралы оларға қандай да
кесел келтіретін мәліметтерді хабарлауға қатаң тыйым салынады.
5. Жұмыстағы әріптестеріңді, олардың кәсіби шығармашылығы мен жұмыс
әдістерін өз бетінше таңдау құқығын сыйла.
6. Өзге адамдар алдында әріптестерге қатынасты жұмыстағы жағдайларды
талқылама!
7. Білікті бол! Өзің жеткілікті дәрежеде игермеген техника мен әдістемелерді
қолданба!
8. Клиентпен өзара шекараңды біл! Клиентке өзі туралы аса қымбат құпияларын
ашуға мүмкіндік берме, оны белгілі бір арақашықтықта ұста, әйтпесе оның құрметі мен
сенімін жоғалтып алуға болады.
9. Клиенттің өз құқықтары мен қылықтарына өзі жауап беру мүмкіндігін тартып
алма! Клиентке өз тағдыры үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыру қажет.
10. Өз біліміңді көрмеге қойма! Клиентке кез-келген сәтте сөйлеуге, ойын айтуға
мүмкіндік бер.
11. Клиентке теріс ақпарат берме. Психолог кей кезде өзі біле бермейтін нәрсе
туралы айтып, соңынан ол жалған нәрсе туралы мойындағысы келмеуі мүмкін. Бұл
клиенттің де, психологтың да өмірін күрделендіруге, немесе қате шешім қабылдауға алып
келуі мүмкін.
12. Клиенттің психологиялық процедураларға міндетті түрде қатысуы және ерікті
түрде қатысу принципін сақта.
13. Ө¬зіңді адам ретінде және маман ретінде құрметте!
Мектеп психологының негізгі мақсаты-міндеттері:
1. Оқушылардың сабаққа үлгермеушілік себептерін анықтау.
2. Кейбір оқушылардың тәртіпсіз болу себептерін анықтау.
3. «Қиын» сыныптармен жұмыс істеу бағдарламасын жасау.
4. Жеткіншектермен жұмыс.
5. Жағдайы қолайсыз жанұямен қарым-қатынаста болатын ата-ана мен бала
қақтығысы, кикілжіңді дұрыс шешу, оның тиімді формаларын табу.
6. Мектеп пен отбасы арасындағы бірлесіп жұмыс істеу үйлесімділігін орнықтыру.
7. Оқушының сабаққа деген қызығушылығы мен жауапкершілігін тәрбиелеу.
8. Оқушының танымдық қабілетін арттыру.
9. Психологиялық кеңес беру.
10. Мамандық таңдауға көмек.
Мектеп психологы :1 жылдың ішінде шамамен 100-150-ге дейін баланы зерттеуден
өткізуі тиіс.
10-20 (топ) сынып зерттелуі керек.
100-150-ге дейін жеке кеңес беру.
Семинар, тренингтер, жеке жұмыс – 100-150.
Топтық сабақ (ата-ана, мұғалімдер) – 200-ге дейін.
Ағартушылық жұмыс (ересек адамдармен) – 40.
Консилиум, комиссия – 10 шақты жиналыс.
Мектеп психологының негізгі зерттеу әдістері:
Бақылау, сұхбат, тест, сауалнама, байқау, эксперимент (табиғи) тәжірибе
Оқушыларды зерттеу 4 түрлі шкала бойынша жүргізіледі:
1.Оқушылардың мектепке деген қатынасын;.
2.Оқушының қызығушылығы ( интерес);
3.Оқушының жеке қасиеттерін.;
4. Оқушының ойлау қабілетін анықтау.
Психологтың этикалық кодексі:
1. Қауіп келтірме! Өз білімдеріңді дұрыс қолдана біл.
2. Бағалама! Жағымсыз бағалауларыңды дауыстап айтпа.
3. Адамды сол қалпында қабылдай біл. Психолог алдына келген клиентті түсіне
білуге міндетті.
4. Кәсіби құпияны сақтау. Оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар жайлы
ақпараттарды жариялауға қатаң түрде тыйым салынады.
5. Оқушылар мен қызметкерлер бар жерде, жұмыстағы әріптестеріңмен
араларыңдағы түсініксіз мәселелерді шешпе.
6. Компетентті бол! Техникалар мен әдістерді жетік білмесең, қолданба.
7. Клиентпен қарым-қатынаста дистанцияны ұстана біл.
8. Клиенттің өз іс-әрекеті мен өміріне деген жауапкершілік құқығынан айырма.
9. Клиентті қате ақпараттандырма! Себебі клиент дұрыс емес шешім қабылдауы
мүмкін.
10. Клиенттің әртүрлі психологиялық шараларға қатысуындағы еріктілік принципін
ұстан!
11. Өзіңді тұлға және маман ретінде сыйлай біл!
Психологтың жұмыс бағыттары:
1. Психопрофилактикалық жұмыстар жүргізудің мақсаты мектеп мұғалімдеріне
жүйелі түрде психологиялық кеңестер бере отырып, олардың психологиялық сауатын
көтеру. Оқушыларда кездесетін психикалық ауытқушылықтың алдын алу шараларын
жүргізу, бала психологиясындағы өзгерістер туралы ата-анаға дер кезінде психологиялық
кеңестер беріп, олардың алдын-ала сақтандырып отыру. Мектеп жағдайындағы
психопрофилактикалық жұмыстарға жататындар:
- балалардың мектептегі оқуға психологиялық даярлығын анықтау (ес, зейін, ерік,
ойлау, сөйлеу, қабылдау т.б.);
- бастауыш сынып оқушыларының мектептегі оқуға тез бейімделуін анықтап, ата-
аналар мен ұстаздарға ұсыныстар беру;
-
оқушылардың сыныптан сыныпқа көшу барысындағы психологиялық
ерекшеліктеріне зерттеу жүргізіп, психологиялық кешеуілдеу мен ауытқушылықтарды
анықтап, оны жоюға бағытталған шаралардың бағдарламасын жасау;
- оқушылардың әрбір психикалық үрдістерінің, сезімі мен еркінің, қабілеті мен
мінезінің дамуына үзбей зерттеу жүргізіп, ұсыныстар беру;
- арнаулы бағдарламамен жұмыс жүргізуді қажет ететін оқушылар үшін пән
мұғалімдерімен бірлесе отырып, арнаулы бағдарламалар дайындау;
- интернат типіндегі мекемелерге қабылданатын оқушылар үшін арнайы
психологиялық зерттеулер жүргізіп, олардың өзіндік ерекшеліктерін анықтау;
- оқушылардың тұрмыс жағдайларына, оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктеріне
(күрделілік, олқылықтар, мұғалімнің өзіне тән психологиясын түсінбеу т.б.) байланысты
олардың жүйке жүйесінің бұзылуының алдын алу;
- педагогикалық ұжымда үйлесімді психологиялық ахуалды қалыптастыру, ұстаздар
мен оқушылардың, ата-аналар мен ұстаздардың арасында сенімді байланысты
қалыптастырып, психологиялық ынтымақтастықты орнату.
Психолог психопрофилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін сынып жетекшілермен
бірлесе отыра, оқушылар туралы мәліметтер жинақтайды:
- дарынды оқушылар;
- озат оқушылар;
- үлгермеуші оқушылар;
- «қиын» оқушы мәселесі.
Психолог сабақтарға қатысады:
- оқушылардың жалпы білім деңгейін анықтау мақсатында;
- оқушылардың психикалық үрдістеріне, мінез-құлық, темперамент ерекшеліктеріне
зерттеу жүргізу мақсатында;
- мұғалімдерге педагогикалық-психологиялық ұсыныстар беру мақсатында.
Оқудан тыс шаралар ұйымдастырады:
- мұғалімдер үшін психотерапиялық ойындар мен тренингтер өткізу;
- педагогикалық-психологиялық консилиумдар өткізу;
- ІХ-ХІ сынып оқушыларының кәсіби бейімділігін зерттеу;
- оқушылардың жеке психологиялық ерекшеліктерін зерттеу;
- мұғалімдер үшін психологиялық мазмұнда тұрақты семинарлар өткізу;
Психопрофилактикалық
жұмыс
түрлері:
психологиялық
сауаттандыру,
психологиялық кеңес беру, педагогикалық-психологиялық консилиум.
2. Психодиагностикалық жұмыстар - ол әрбір жас кезеңдеріндегі оқушылардың
өзіндік психикалық үрдістерінің даму ерекшеліктерін түрлі зерттеу әдістері мен зерттеу
әдіс темелерін қолдана отыра анықтайды.
Психодиагностикалық жұмыстарды мектеп психологы мынадай мақсатта жүргізе
алады:
- оқушылардың психикалық дамуы оның жас ерекшеліктеріне сай келе ме? Әрбір
оқушымен жеке жұмыс жүргізу мақсатында олардың қабілетін ерте анықтау үшін
психологиялық зерттеулер жүргізеді;
- балалардың жас дамуынан төмен психикалық ауытқушылықтарының себ ептерін,
мінез-құлықтың бұзылу себебін анықтауға арналған диагностикалық зерттеулер жүргізеді;
- оқушылардың ересектермен (мұғалім, ата-ана), өз құрбыларымен қарым-
қатынасының мазмұнын, қарым-қатынастың бұзылуының кейбір психологиялық
себептерін анықтауға байланысты жұмыстар жүргізеді.
3. Психокоррекциялық (түзету) жұмыстары. Оқушылардың жеке тұлға ретінде
қалыптасуына белсенді түрде психологиялық әдіс-тәсілдер арқылы ықпал ету. Білім беру
мен тәрбие жұмыстарын қатар жүргізе отырып, оқушылардың қабілеті мен бейімділігі,
жалпы психикасындағы ауытқушылықтар мен кемшіліктерді түзету. Ол үшін психолог:
- жас ерекшелігіне байланысты әрбір кезеңнің қалыптасу бағдарламасын жасауы
керек;
- психикасында ауытқушылығы бар балалардың жүйке жүйесінің бұзылуының
себептерін анықтайды;
- әрбір психикалық ауытқушылықтардың мазмұнына байланысты коррекциялық
(түзету) жұмыстың бағдарламасын жасайды;
- шұғыл шара алатындай отбасы жағдайы қиын балалар мен жасөспірімдерге
психологиялық көмек көрсетудің бағдарламасын жасау.
Психокоррекциялық жұмыс ата-аналармен, пән мұғалімдері мен сынып
жетекшісімен бірлесіп жүргізілуі керек. Психокоррекциялық жұмыстар барысында
оқушыларға ойын тренингтерін беру, иммитациялық ойындар, түрлі маңызды
ситуацияларды шешу т.б. тапсырмалар беріледі.
Қиындық туғызатын оқушылармен жұмыстың мақсат-міндеттері:
1. Оқушының жеке басын, отбасын жеке зерттеу;
2. Оқушының физиологиялық-психологиялық ерекшелігін диагностика арқылы
анықтау;
3. Қиын оқушылармен ақыл-кеңес, әңгімелесу, сырласу жұмыстарын жүргізу;
4. Мектептің, сыныптың қоғамдық жұмыстарына белсенді түрде араластыру;
5. Арнайы мамандармен (дәрігерлер, психолог, заң қызметкерлерімен) кездестіру;
6. Арнайы комиссияларға апару;
7. Оқушыларға жауапты жұмыстар тапсыру;
8. Балаға сыйластықпен қарап, оның жағымды жақтарын ашуға тырысу;
9. Сабаққа қатысуын жүйелі бақылау;
10. Ата-анасымен үнемі тығыз байланыста болып, ақыл - кеңес беру.
Қиындық туғызатын оқушыны бақылау күнделігі
1 Аты-жөні
2 Жасы
3 Сыныбы
4 Отбасы құрамы, білімі, кәсібі. Ата-анасының қызметі
5 Отбасының педагогикалық жағдайына сипаттама
6 Педагогикалық қиындықтарды жою жолдары
7 Оқушымен, ата-анасымен жүргізілген жұмыстың нәтижелілігі: сауалнама,
диагностика, бақылау, міндеттерді алу, түзету жұмыстары, нәтижесі.
Достарыңызбен бөлісу: |