Информационное письмо



Pdf көрінісі
бет43/73
Дата08.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#80473
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   73
Байланысты:
2023 Мектеп психологиясы силлабусс (копия).docx1

 
№29 дәрістің тақырыбыМектеп психологы іс-әрекетінің мазмұны. 
Дәріс мазмұны: 
1. Ұйымдастыру-психологиялық жұмыс 
2. Дамытушылық және психофасилитациялық жұмыс 
1.Ұйымдастыру-психологиялық жұмыс 
Мектеп психологы ұйымдастыру-психологиялық іс-әрекетті орындау барысында 
келесі жұмыстарды жүргізеді: 
• Балаларды мектепке қабылдау және сыныптарды жинақтау; 
• Мектептегі психологиялық қызметтің іс-әрекет бағдарламасын немесе жоспарын 
оқу орнының ерекшеліктерін ескере отырып жасау. 
• Оқу-тәрбие жұмыс жоспарлары мен құжаттарына, мектеп әкімшілігінің не 
педагогикалық кеңестің қабылдаған шешімдеріне және іс-әрекеттердің тиімділігін 
болжамдауға психологиялық талдау. 
• Мектеп оқушыларын аттестациялауға қатысу. 
• Жаңа мұғалімдерді жұмысқа қабылдау, ұжымда болатын кикілжіңдерді шешу, оқу 
топтарын құру, мектеп ұжымындағы психологиялық ахуалды орнықтыру, сауықтыру, 
оқыту-тәрбиелеу ісіне инновациялық үрдістерді енгізу, т. б. Мәселелер бойынша 
ұсыныстар беру. Бір сөзбен айтқанда, белсенді болу, алғы шепте болу, қамқоршы болу… 
• Әкімшілікке, педагогтарға, ата-аналар мен оқушыларға әртүрлі мәселелер 
бойынша кеңес беру. 
• Әртүрлі мәселелер бойынша психологиялық-педагогикалық консилиумдар 
жұмысына қатысу. 
• Түрлі семинарлар, конференциялар жұмысына, әдістемелік бірлестіктер 
отырыстары мен іс-шараларына қатысу, басқа мектеп психологтарымен, психология 
кафедраларымен, практикалық психологтар ассоциацияларымен байланыс орнату, 
белсенді араласу, сақтау. 
2. Дамытушылық және психофасилитациялық жұмыс 
Психолог тұлғалық даму, шығармашылық және кәсіби қабілеттілік, т.б. 
мәселелерді шешуде көмек көрсетеді. 
• Педагогтарға оқытудың және тәрбиелеудің әдістемелерін таңдау кезінде көмек 
көрсету. 
• (Әкімшілік-педагогтар, педагогтар-педагогтар, педагогтар-оқушылар, оқушылар-
оқушылар, ата-ана-оқушы) сияқты тұлға аралық өзара қарым-қатынастың барлық деңгейін 
талдау, қате тұғырнамаларды түзету бойынша ұсыныстар әзірлеу. 
• Тұлғаның дамуындағы кедергілерді анықтау және жоба бойынша жұмыстар 
жүргізу. 
• Тұлғалық және кәсіби даму мәселелері бойынша мониторинг өткізу. 
• Тұлғаның даму деңгейіне таңдамды бақылау жүргізу. 
Мектеп әкімшілігімен, педагогтармен, ата-аналармен, оқушылармен өзіндік білім 
алу және өз-өзін тәрбиелеу мәселелері, тұлға дамуы мен оның жекелеген жақтары туралы 
кеңес жүргізу. 
• Мектеп әкімшілігін және педагогтарды педагогиканың психологиялық 
негіздерімен, ынтымақтастықтың және оқыту мен дамытудың белсенді әдістерімен 
таныстыру және оқыту. 
3. Психопрофилактикалық жұмыс 
4. Оқушылардың, педагогтардың, ата-аналардың арасында психологиялық-
педагогикалық білімдерді насихаттау. 
5. Мектеп оқушыларына арналған психологиялық үйірмеге жетекшілік жасай алады. 
6. Психологиялық диагностика көмегімен тұлғалық дамудағы кері өзгерістерді 
анықтайды және анықталған өзгерістерді болдырмау мен бейтараптандыру жөнінде 
педагогикалық ұжымға ұсыныстар әзірлейді. 


7. Психологиялық диагностика көмегімен педагогикалық босаңсып кеткен 
балаларды анықтайды және оқытушыға олардың дамуын түзетудің жеке жоспарын 
жасауға көмектеседі. 
8. Мектептің педагогикалық кеңесі мен ата-аналар үшін нашақорлық, маскүнемдік, 
шылым шегу, токсикомания, жыныстық бұзылушылық, т.б. мәселелер бойынша 
ұсыныстар әзірлейді, кеңес береді. 
9. Мектеп әкімшілігіне, педагогтарға, ата-аналарға, оқушыларға психологиялық 
артық жүктемені болдырмау, жүйке ауруларына ұшырамау туралы, олардың алдын алу 
мәселелері бойынша кеңес береді. 
10. Мектеп ұжымында жайлы хал-ахуал туғызу бойынша жұмыстанады. 
11. Кітапхана қызметкерлеріне психологиялық-педагогикалық әдебиетті жинақтауға 
көмектеседі. 
12. Психодиагностикалық және психокоррекциялық жұмыс 
Мектеп психологы бұл іс-әрекеттің ерекше түрінде : 
1. Педагогикалық кеңеске қатысушылардың барлығының тілдесу диагностикасын 
жүргізеді. 
2. Психологиялық даму барысын немесе оның жекелеген жақтарын анықтау 
мақсатында оқушыларға психологиялық зерттеу жүргізеді. 
3. Оқушыларға дер кезінде психологиялық көмек көрсету мақсатында олардың 
қабілеттерін, мүдделерін, бейімдіктерін зерттеуді жүргізеді. 
4. Сынып жетекшілерімен әкімшілік өкілдерімен және басқа да тұлғалармен бірлесе 
отырып, психикалық дамудағы ауытқушылықтарды жоюға бағытталған психикалық 
түзету бағдарламаларын жасайды және жүзеге асырады. 
5. Психологиялық тәсілдерді аймақтың әлеуметтік, ұлттық, мәдени және басқа 
ерекшеліктерді ескере отырып жасайды, қолданады және бейімдейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет