№28 дәрістің тақырыбы: Мектептегі психологиялық педагогикалық консилиум
Білім беру ұйымының психологиялық-педагогикалық консилиумының негізгі мақсаты
жалпы білім беру үдерісіне қосылған білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды
қолдау стратегиясын және оларды оқыту мен әлеуметтендірудің табыстылығы үшін
ересектердің келісілген әрекеттерін алқалық анықтау болып табылады.
Консилиум міндеттері:
- білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды дамыту және\немесе оқыту
жағдайларын талдау;
- оқушыларға психологиялық-педагогикалық көмектің мазмұнын анықтау және оны
көрсететін мамандардың өзара әрекеттесуін үйлестіру;
- оқу үдерісіндегі балаларға көмек мазмұны туралы педагогтарға, ата -аналарға ұсынымдар
әзірлеу;
- психологиялық-педагогикалық көмектің тиімділігін бағалау.
Мектептік консилиум жұмысын құру негіздері:
- қарастырылған мәселелерге (әр түрлі мамандардың өзара тығыз байланысы) кешенді
тәсілдеме;
- оқушылардың қажеттіліктерін динамикалық зерттеу;
- оқушылардың қызығушылықтарын сақтау және жеке психофизикалық ерекшеліктерін
есепке алу.
Мектеп консилиумының құрамы иілімді болып, оның тұрақты және уақытша
қатысушылары болады. Тұрақты қатысушылар – оқу-тәрбие жұмысы бойынша мектеп
директорының орынбасары, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, логопед мұғалім,
дефектолог мұғалім. Тұрақты қатысушылар әрбір мәжіліске, оны дайындау жұмысына
қатысады, оның ұсынымдарының орындалуын бақылайды. Уақытша қатысушылар
(сынып жетекшілері, пән мұғалімдері, медициналық қызметкерлер) консилиумге
қажеттіліктері бойынша қатысады.
Консилиум жоспарлы және жоспардан тыс болып бөлінеді. Жоспарлы консилиумдар
жылына 3-5 рет өткізіледі. Жоспарлы консилиумдар жұмысының қызметі келесі
бағыттармен жүзеге асады:
- мектепке оқуға келген оқушылардың, білім алуда ерекше қажеттіліктері бар, орта буынға
өткен оқушылардың білім алудағы ерекше қажеттіліктерін талқылау;
- білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық
қолдаудың мазмұнын әзірлеу;
- түзете дамыту тапсырмаларын жүзе асырудың табыстылығын динамикалық бағалау
және қажет болған жағдайда оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың
алдын ала әзірленген бағдарламаларын өзгерту;
- оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың тиімділігін бағалау.
Консилиумның тұжырымдамасы білім беру үдерісінің барлық қатысушыларына (пән
мұғалімдеріне, қосымша білім беру педагогтеріне, ата-аналарға) хабарланады және
ұсынымдама болып табылады.
Жоспардан тыс консилиумдар білім беру үдерісінің кез-келген қатысушысының, оның
ішінде білім беру ұйымының басшылығының немесе ата-
анасының (олардың орындағылардың) сұрауы бойынша өткізіледі. Жоспардан тыс
консилиум үшін баланың оқуына және дамуына әсер ететін жаңа жағдайлардың
анықталуы немесе туындауы, оның дамуы мен оқуының кері динамикасы себеп бола
алады. Мамандар мен ата-аналардың сұрау түрлері әр түрлі болуы мүмкін, бірақ қандай
жағдайда болмасын олар баланың мәселелерін (дамудағы және оқудағы) немесе
педагогтың, ата-ананың баламен өзара әрекеттесуіндегі мәселелерді бейнелеуге міндетті.
Жоспардан тыс консилиумның қызметінің бағыттары:
- баланы оқыту мен тәрбиелеуде анықталған проблемаларды жою бойынша іс-шараларды
ұйымдастыру;
- өзгерген жағдайда баламен түзете дамыту жұмысының жоспарын әзірлеу.
Мектептік психологиялық-педагогикалық консилиумды жүргізу тәртібі:
Консилиумның бірінші мәжілісінде консилиумдарды жүргізу кестесі құрылады және білім
алуда ерекше қажеттіліктері бар және қолдау көрсететін мамандардың динамикалық
бақылауына мұқтаж балалардың тізімі анықталады.
Консилиумде психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің әрбір қызметкері
жүргізген тексерудің жинақталған аналитикалық материалдары талқыланады. Олар
мамандардың ұсынымдары түрінде құрылады (А қосымшасы). Мамандардың
ұсынымдарында бала және оның жанұясы туралы мәліметтер педагог үшін түсінікті және
қолжетімді тілде беріледі және бала мен оның жанұясының құпиялылыққа деген құқығын
бұзбайтындай түрде жазылады.
Консилиумде оқушының әрекеттерін бақылау мен зерттеу нәтижелерін талқылауды
консилиум төрағасы реттеуге және бақылауға міндетті. Консилиум жұмыс тәртібімен
оның барлық қатысушылары таныс болуы қажет. Егер консилиумда уақытша
қатысушылар болса, онда төраға жұмыс басталарда жүргізу тәртібін еске түсіреді.
Консилиум мәжілісінің келесі жұмыс тәртібін ұстануға болады:
1. Баланы консилиумға жіберген маман (педагог немесе ата-ана) сөз сөйлейді. Ол
оқушының оқу және даму жағдайы туралы, өзін алаңдататын проблемалары мен жағымды
жақтарын нақты айтып береді. Маманның (педагог, ата-ана) сөзін ешкім сұрақ, реплика,
ескертумен бөлмейді. Егер оқушыда ППК тұжырымдамасы болса, онда ол туралы сынып
мұғалімі баяндайды.
2. Консилиум мүшелері баланың дамуы мен оқу жағдайларының мәнін нақтылау және
түсіну үшін маманға (педагог, ата-ана) кезекпен сұрақ қояды. Маман (педагог, ата-ана)
әрбір қойылған сұраққа жауап береді.
3. Консилиумның барлық қатысушылары, өз кезегімен консилиум үшін алдын ала
дайындаған бала туралы ұсыныстарын пайдалана отырып, оқушының дамуы мен оқу
әрекетінінің ерекшеліктеріне кәсіптік сипаттама беріп, мәселе туралы өзінің пікірін және
жағдайды жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтады.
4. Оқушыны қолдауды ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдері әзірленеді, түзете дамыту
жұмысының мазмұны анықталады, оқу үдерісінде, қосымша білім беру мен жанұялық
тәрбилеуге қатысты жеке тәсілдемелік ұсынымдар беріледі.
Консилиум мүшелерінің арасындағы ақпарат алмасу және сұрақтарға өзара жауап беру
оқушының психологиялық-педагогикалық мәртебесі сипатталатын, оқушыны қолдаудың
ұсынылған түрі мен қатысатын мамандар консилиумның тұжырымдамасын жасау үшін
негіз болады (Б қосымшасы). Тұжырымдамада консилиум мамандарының педагогтар
ұжымымен немесе жеке мұғалімдермен, оқушының ата-анасы мен мектеп әкімшілігімен
кеңес беру жұмысын өткізу қажеттілігі туралы нұсқау берілуі мүмкін.
Консилиум тұжырымдамасының негізінде оқуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыны
психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасы құрылады. Жарты жылға
құрылатын қолдаудың жеке бағдарламасында баламен жүргізілетін түзете дамыту
жұмысының бағыттары, әрбір бағыт бойынша жұмыстың мазмұны, күтілетін нәтиже
көрсетіледі. Балаға қатысты мамандардың әрекеттері үйлестіріледі. Қажет болған
жағдайда, әр түрлі мамандарды баламен жұмысқа қосудың бірізділігі анықталады.
Бағдарламада оқушының даму кар
ргізетін, қолдау кезеңдерін бақылайтын, жасалған жұмыстың нәтижесін қорытындылау
және ары қарайғы жұмысты талқылау мақсатында баланың мәселелерін консилиумда
қайтадан талқылауға ұсыныс беретін жауапты маман бекітіледі. Психологиялық-
педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасының мазмұнымен міндетті түрде ата-аналар,
оқушымен жұмыс істейтін барлық педагогтар таныстырылады. Баламен жұмыс істейтін
барлық мамандар оқушыны қолдаудың жеке бағдарламасының мазмұнын орындауға
міндетті болады. Баланы қолдау бойынша негізгі жүктеме мұғалімге жүктеледі, ол
оқушының оқудағы және әлеуметтенудегі жетістіктері үшін жеке жауапкершілікте
болады.
Достарыңызбен бөлісу: |