Практикалық сабақ №6 Тақырып: Ассимиляция (ықпалдар заңдылығы). Сабақтың мақсаты: Ассимиляция құбылысының қазақ тіліндегі орны мен қызметі мысалдар арқылы дәлелдеп айту, түсіндіру.
Сабақтың мазмұны: 1. Ілгерінді ықпал ерекшеліктері.
2. Кейінді ықпал ерекшеліктері.
Әдістемелік нұсқаулықтар:
Өткен материалды тереңірек оқу және нығайту,
Материалды жүйелеу, практикалық сабаққа әзірленуге қажетті ақпараттарды өз алдына іздеу дағдысын қалыптастыру;
Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ өткізу формасы:Семинар сабақ. Пікірлердің плюрализмі, мәселені талқылау
Бағалау критерийлері: Өз мақсатын анық түсінуі және аша білуі. 50 балл.
Семинар сұрақтарын пікірталас арқылы аша білуі. 50 балл.
Қорыта білуі дәрежесі. 40 балл.
Логикалық тапсырмаларды орындауы. 40 балл.
Әдебиеттер: 1. Қазақ грамматикасы . А.,2002. 93-98 бб..
2. Мырзабеков С. Қазақ тілі фонетикасы. А.,1993
3.Строй казахского языка А., 58-68 бб..
4. І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев Қазіргі қазақ тілі Лек.Фон.
5. Р.Сыздық. Сөз сазы . А., 1983 ж.
6. Уәлиев Н., Алдашева А. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. А., 1991.
7. Джусупов М. Звуковые системы русского и казахского языков. Слог. Ташкент. 1991. Стр.240.
8. Жұбанов Қ. Қазақ тілі бойынша зерттеулер . 1966.
9. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. А. Салқынбай, Е.Абақын. «Сөздік-Словарь» 1998.
Практикалық сабақ №7 Тақырып: Әуентаным теориясы Сабақтың мақсаты: Интонацияның қазақ тіліндегі қызметі, компоненттері, орны айтылады.
Сабақтың мазмұны: 1. Интонацияның қызметі.
2. Интонацияның тіл біліміндегі орны.
3. Интонацияның қазақ фонетикасында қарастырылуы.