Информационное письмо


-30 дәріс: Қазақ тілінің лексикографиясы



бет18/45
Дата10.04.2023
өлшемі0,76 Mb.
#80862
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45
Байланысты:
СИЛАБУС Қаз қазақ тілі фон лексика жаңа (2)

29-30 дәріс: Қазақ тілінің лексикографиясы
Тіл білімі саласындағы үлкен саланың бірі – лексикография десек, оның қарастыратын объектісіне қарай өзіндік атқаратын қызметі де, зерттеу жұмыстары да аз емес. Лексикография – тарихы тереңде жатқан сала, сондай-ақ келешекте ашылатын жаңалықтары мен мүмкіншіліктері де мол.
Лексикография [гр. lexikos сөзге қатысты (сөздік) + grapho жазамын] терминіне лингвистикалық сөздікте: тіл біліміндегі сөздіктерді түзудің теориясы және практикасымен айналысатын ғылым саласы ретінде анықтама берілген (Гак В.Г.).
Лексикографияға еуропалық тіл білімінде, сондай-ақ Кеңестер Одағы тіл білімінде берілген анықтама:
1) ғылымның сөздік түзу принциптерін зерттеумен айналысатын саласы, сөздік жасаудың теориясы;
2) сөздік түзу ісі;
3) тілдегі сөздіктердің жиынтығы;
4) елдегі сөздіктердің жиынтығы .
Лексикография терминіне берілетін басқа анықтамалар да осы
анықтамаға ұқсас болып келеді: лексикография [гр. lexikos сөздіктік, сөздік + ...графия] – 1) сөздік түзу ісі; 2) тіл біліміндегі сөздік түзудің теориясы мен практикасын зерттейтін сала; 3) сөздік түрінде басылған еңбектердің жиынтығы, сөздік түріндегі әдебиет.
Бұл анықтамаларды М. Малбақов «Бір тілді түсіндірме сөздіктің құрылымдық негіздері» атты еңбегінде келтіреді. Ал лексикография саласын алғашқылардың бірі болып зерттеген Ә. Болғанбайұлы мен Ғ. Қалиұлы «Қазіргі қазақ лексикогарфиясы мен фразеологиясы» атты еңбекте де лексикография терминіне құнды анықтама береді: «Тілдегі сөздер мен фразеологизмдерді жинап-теріп, олардың сөздігін жасаумен және оның теориясымен шұғылданатын тіл білімінің саласын – лексикография дейді. Яғни сөздік жасаудың әдістемесі мен техникасын үйрететін ғылым деген сөз».
М. Малбақовтың жазуынша, «анықтамалардағы алғашқы екі мағынаның біреуі сөздік түзу ісі, яғни, «практикалық лексикография» ұғымынан, енді біреуі – «лексикографияның теориясы мен тәжірибесі» ұғымынан хабар береді. Бұл жіктеме лексикографияның теориялық мәселелері бойынша құнды еңбектер жазған белгілі мамандардың бірі В.В. Марковкиннің пікірімен үндеседі. Ғалым лексикогарфияны теоретикалық және практикалық салаларға бөліп қарастыра отырып, теоретикалық лексикогарфияның өзін өзара байланысты екі салаға: лексикографияның теориясы мен лексикографияның тарихы салаларына ажыратады. Лексикографияның тарихы өз кезегінде сөздіктер мен тұтас лексикографиялық концепциялар тарихы және лексикографияның негізгі мәселелерін шешу тарихы салаларына бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет