Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
33
пәндердің мазмұнымен, ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарлау жүйесімен
байланысқан. Сондықтан, мұғалім қысқа мерзімді жоспар дайындауда ортақ
тақырыптар жүйесін сақтау және тапсырмаларды құрастыру мен оқушылардың
сабақтағы қызметін ұйымдастыруда оларды ескеруі тиіс.
1 сыныпта ортақ тақырыптар әр тоқсанға 2-еуден тең бөлінген, олардың
әрқайсысына шамамен бірдей сағат саны қарастырылады. Мұғалім әрбір ортақ
тақырып үшін сағат санын білім алушылардың дайындық ерекшелігіне
байланысты өзі өзгертеді (2-кесте).
2-
кесте – Ортақ тақырыптар
1 тоқсан
2 тоқсан
3 тоқсан
4 тоқсан
Барлығы мен туралы Менің отбасым және
достарым
Саяхат
Тағамдар және
сусындар
Менің мектебім
Бізді қоршаған әлем Салт-дәстүрлер және
ауыз әдебиеті
Дені саудың - жаны
сау!
Оқу жоспарлары
Оқытудың күтілетін нәтижелері оқытудың ұзақ мерзімді және орта
мерзімді мақсаттар жүйесін құра отырып, нақты оқу пәнінің оқыту
мақсаттарында әрбір бөлім бойынша нақтыланады.
Пәндер бойынша оқу бағдарламаларына қосымша берілген оқу
жоспарлары ұсыныс сипатында болады. Оқытудың мақсаттар жүйесі мен
тәсілдеріне негізделген ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарларда
мұғалімдер үшін тақырыптар мен бөлімдер бойынша сабақтар өткізу,
сабақтарда оқушыларды ұйымдастыру ұсыныстары берілген, сондай-ақ оқыту
ресурстары қосылған (интернет, мәтіндер, жаттығулар, бейне- және
аудиоматериалдары және т.б.).
Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының элементі ретінде оқу жылына
арналған тақырыптар мен бөлімдерді анықтайды.
Ұзақ мерзімді жоспар белгілі бір бөлімнің/бөлімшенің/тақырыптың аясына
қажетті оқу мақсатын қамтиды.
Әдетте, орта мерзімді жоспарлардың оқу бағдарламасын сабақтардың
жүйелі сериясына құрылымдайтын мұғалімдер тобы немесе жеке мұғалім
жүзеге асырады. Орта мерзімді жоспар ұзақ мерзімді жоспармен анықталған
бағдарларды нақтылайды және ең қысқа мерзім аралығында жүзеге асырылады.
Орта мерзімді жоспарларда белгіленген кезеңге арналған негізгі міндеттерді
тұжырымдайды. Онда әрбір тоқсанға немесе бөлімге арналған оқыту
тақырыптары көрсетіледі. Бөлімдер ішінде сағаттарды бөлуді, сондай-ақ
мұғалімнің қалауына қарай өзгертуге болады.
Орта мерзімді жоспарлар оқытудың мақсаттары мен тәсілдеріне негізделе
отырып, мұғалімдер үшін тақырыптар мен бөлімдер бойынша сабақтар өткізу,
сабақтарда оқушыларды ұйымдастыру ұсыныстары, сондай-ақ ресурстар
берілген (интернет, мәтіндер, жаттығулар, бейне- және аудиоматериалдары
және т.б.). Мұғалім сыныптағы оқушылардың жеке ерекшеліктері мен үлгерім
деңгейін ескере отырып, тапсырмалардың кейбір түрлерін өзгерту және түзетуі
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
34
мүмкін. Мұғалім қысқа мерзімді жоспарды немесе сабақ жоспарын орта
мерзімді жоспардың соңында ұсынылған үлгіге сай өзі әзірлейді. Қысқа
мерзімді жоспар дайындағанда мұғалімге саралай оқыту тәсілі мен
оқушылардың жеке ерекшеліктеріне ерекше назар аудару ұсынылады. Сабақты
қысқа мерзімді жоспарлау мұғалімге сабақ мақсаттарына анағұрлым тиімді қол
жеткізуге көмектеседі. Ол үшін мұғалім оқу материалы мен сабақтағы әрекет
түрлерін мұқият іріктеп алуы керек. Мұғалім әр сабақтан кейін білім алушылар
меңгере алмаған немесе түсінбеген жерлерін анықтау мақсатында сабаққа
талдау (рефлексия) жасап отыруы керек.
Қысқа мерзімді жоспар құрған кезде мұғалімге төмендегі ұсыныстарды
басшылыққа алуына болады:
-
сабақты ұйымдастырғанда оқу бағдарламасында және оқу жоспарында
көрсетілген мақсаттарды басшылыққа алу қажет;
-
сабақ мақсаттарын анық тұжырымдау (S.M.A.R.T. қағидасы бойынша),
яғни нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы мақсаттар қою;
-
орта мерзімді жоспарда көрсетілген барлық іс-әрекеттерді, әдістемелік
кеңестерді, ресурстарды мұқият зерделеу;
-
мұғалімнің қалауы бойынша іс-әрекет түрі қажеттілігіне қарай
толықтырылып отырады.
Мұғалім білімнің тек дара көзі ретінде емес, оқушылардың өздерінің оқу-
танымдық қызметінің белсенді ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі тиіс.
Ресурстар
Мұғалімдерге қолдау көрсету үшін ҚР МЖМБС-2015, оқу бағдарламалары
және оқу жоспарлары (ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді
жоспарлардың үлгілері), критериалды бағалау жүйесі бойынша әдістемелік-
нұсқаулық материалдар, сандық білім беру ресурстары ұсынылатын болады.
Мұғалімдерді Зияткерлік мектептердің ресурстық орталықтары, онлайн-
консультативтік жүйесі арқылы оқыту жүзеге асырылатын болады. Академияда
мұғалімдер үшін әдістемелік қамтамасыз ету және көмек көрсету мақсатында
«Тіл және әдебиет» білім саласы пәндері, «Математика», «Дүниетану»,
«Жаратылыстану» пәндерінен, «Көркем еңбек» кіріктірілген пәнін оқытудан
қысқа мерзімді жоспарлар дайындау бойынша әдістемелік құралдар мен
ұсыныстар және басқа материалдар әзірленді.
Аталған құралдар Академия сайтында (www.nao.kz) орналастырылған.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ресми сайтында http://nis.edu.kz,
жаңартылған білім мазмұны бойынша барлық ақпаратты біріктіретін және
барлық орталықтардың сайттарындағы сілтемелерден тұратын, жаңартылған
білім мазмұнын тарататын бірыңғай он-лайн платформа құрылған.www.cpm.kz,
www.cep.kz, www.erc.kz, www.cpi.kz.
Педагогикалық тәсілдер және ынтымақтастық
Жаңартылған білім мазмұны мұғалімнен әрекеттік технологияларды
енгізу, балалармен адамгершілік қатынас қағидасын іске асыруы арқылы
сыныптағы әрбір оқушының жеке қабілеттері мен шығармашылық қатынасын
дамытуды қамтамасыз ететін іс-әрекеттерін ұйымдастыруды талап етеді.
Заманауи мұғалім оқыту стратегиясының барлық мүмкіндіктерін қолдану
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
35
үшін түрлі педагогикалық тәсілдерді құрамдастыруда әртүрлі арсеналы болу
қажет. Білім беру стратегиялары барлық сыныппен, топта жүргізілетін жұмыс,
жеке жұмыс және білім алушылармен кері байланыстан тұрады. Мұғалім
әріптестерімен бастауыш сыныпта оқыту бойынша желілік кәсіби қауымдастық
шеңберінде, коучинг және менторинг процестерінде кәсіби ынтымақтастық
орнату қабілеттерін жетілдіруі қажет.
Қолданыстағы оқу бағдарламаларымен салыстырғанда жаңартылған білім
мазмұны бағдарламаларының оқыту мақсаттарына табысты қол жеткізудегі
түрлі әдістер, технологиялар мен стратегияларды қолдану жөнінде мұғалім
үшін ұсыныстар берілген «Оқу процесін ұйымдастырудың педагогикалық
тәсілдері» бөлімі қосылған.
Мысалы:
1)
стратегиялар: өздігінен басқарылатын, эксперименттік, сыни,
коммуникативтік, мәнмәтіндік;
2)
технологиялар: шағын топтардағы (командадағы) жұмыс, кейс-стади
(нақты жағдаяттар талдауы), рөлдік және іскерлік ойындар, модульдік оқыту.
3)
әдістер: проблемалық оқыту, жеке оқыту, пәнаралық байланыс, тәжірибе
негізінде оқыту, жобалау әдісі.
Мұғалім педагогикалық міндеттерді шешу және оқытуда стереотиптерді
жоюға, өзінің тұлғалық және кәсіби қасиеттерін жетілдіруге ұмтылуы тиіс. Ол
үшін он-лайн және оф-лайн режимдерінде әріптестерімен белсенді қарым-
қатынас және тәжірибе алмасу, талқылау және ынтымақтастық орнатуда, ортақ
проблемалар мен инновацияларды енгізуде мұғалімдердің кәсіби желілік
қауымдастығын пайдалану ұсынылады.
Бағалау жүйесі
Қазақстандық жалпы білім беретін мектептер үшін жаңа критериалды
бағалау жүйесі білім алушыны дамыту, оның оқуға қызығушылығы мен
мотивациясын арттыруға бағытталады. Әрбір оқушы мен оның ата-анасына
бағалаудың түсінікті, айқын және өлшемді критерилерін орнатқан жағдайда
оған қол жеткізуге болады.
Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны бағалау стандарттарымен,
процестерімен, құралдарымен және нәтижелерімен анықталады сондай-ақ
бірқатар нормативтік және әдістемелік-нұсқаулық құжаттармен реттеледі.
Критериалды бағалау ережелерінде ҚР МЖМБС-2015 сәйкес бастауыш білім
беру бағдарламалары апробациядан өтетін және енгізілетін, Қазақстан
Республикасы білім беру ұйымдарының бастауыш сыныптарындағы білім
алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі
анықталады. Құжатта формативті және жиынтық бағалау тәртібін ұйымдастыру
мен өткізу; тоқсан ішіндегі жиынтық бағалауды модерациялау тәртібі;
тоқсандық және жылдық бағаларды қою тәртібі; білім алушылар портфолиосын
жүргізу бойынша ұсыныстар реттеледі.
Жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері үшін
критериалды бағалау бойынша нұсқаулық жаңартылған білім мазмұнын енгізу
шеңберінде білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау бойынша
мұғалімдердің қызметіне өзгеріс енгізудің теориялық және практикалық
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
36
негіздерін анықтайды. Көрсетілген ұсыныстар бағалау тәртібінің сапасын,
олардың белгіленген стандарттарға және әрбір оқушыны оқыту сұранысына
сәйкестігін бағалауды қамтамасыз етеді.
Критериалды бағалауды енгізу бойынша аймақтық және мектептің
үйлестірушілері үшін нұсқаулық педагогикалық өлшемдер саласында білім
беру саясатын дамытудың көрінісі, мектеп, облыс және аймақ деңгейінде оны
іске асыру бойынша негізгі қағидалары мен тәсілдерін көрсететін құжат болып
табылады. Нұсқаулықта бағалау процесін ұйымдастыру бойынша қызметтің
өзекті бағыттары және үйлестірушілер үшін көмекке практикалық ұсыныстар
берілген.
Әр қалалық/аудандық білім басқармалары/бөлімінде және мектепте
критериалды бағалау жүйесін енгізу процесін үйлестіретін жауапты адамдар
тағайындалатын болады. Аймақтық үйлестірушілер аудандық/қалалық білім
бөлімдері әдіскерлерінің, мектептің үйлестірушілерң жалпы білім беретін
мектептердің директорлары орынбасарларының қатарынан анықталады.
Үйлестірушілердің басты ролі бағалау жүйесінің сапасын жалпы басқару,
мектептерге формативті және жиынтық бағалауға байланысты процестер мен
тәртіптерді іске асыру және бағалау тәртібіне әдістемелік қолдауды қамтамасыз
етуден тұрады.
Формативті
бағалауға
арналған
тапсырмалар
жинағы
оқу
бағдарламасының барлық мақсаттары бойынша формативті бағалау жүргізуге
арналған дескрипторларымен тапсырмалар үлгілерінен тұрады.
Тапсырмалар ұсыныс түрінде болып, білім алушылардың сұраныстары мен
мүмкіндіктерін ескере отырып бейімделуі мүмкін.
Жиынтық бағалау бойынша әдістемелік ұсыныстар бөлімдер/ортақ
тақырыптар және тоқсандар үшін жиынтық бағалауды ұйымдастыру мен
өткізудің тәсілдерін көрсетеді. Құжат бөлімдер/ортақ тақырыпты жиынтық
бағалауға арналған тапсырмалар әзірлемелері бойынша ұсыныстардан; /ортақ
тақырыпты дескрипторлармен және баллдармен жинақтап бағалауға арналған
тапсырмалар үлгілерінен; тапсырмалар әзірлеуге және рәсімді өткізуге
арналған тоқсандық жиынтық бағалаудың ерекшеліктерінен; сызбалармен балл
қоюдың тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар үлгілерінен
тұрады.
Критериалды бағалаудың құрылымы
Білім алушының оқу жылындағы үлгерімі және оқудағы жетістіктері
туралы деректерді жинау үшін бағалаудың екі түрі: формативті бағалау және
жиынтық бағалау іске асырылады. Жиынтық бағалау, өз кезегінде, бөлім/ортақ
тақырыпты, тоқсанды және орта білім деңгейін жиынтық бағалау рәсімінен
тұрады.
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
37
1-
сурет – Критериалды бағалаудың құрылымы
Бағалау тәсілдері пәннің мазмұнына және критериалды бағалау түріне
байланысты ерекшеленуі мүмкін.
Формативті бағалау оқыту процесінің ажырамас бөлігі болып табылады
және мұғаліммен тоқсан бойы үнемі жүргізіліп отырады. Формативті бағалау
балл және баға қойылмастан, білім алушылар мен мұғалім арасында үздіксіз
байланысты қамтамасыз етеді. Формативті бағалауда білім алушы қателесу
және оны түзетуге болады. Бұл білім алушының мүмкіндігін анықтау,
қиындықтарды айқындау, анағұрлым жақсы нәтижелерге қол жеткізу, оқу
процесін дер кезінде түзетуде көмектесуге мүмкіндік береді.
Формативті бағалау оқудағы жетістіктердің өсуіне және дамуына тікелей
ықпал ететін және мұғалім мен білім алушылар арасында кері байланысты
қамтамасыз ететін процесс.
Формативті бағалау оқытудың ажырамас бөлігі болуы тиіс, ол қосымша
жаттығулар немесе тест ретінде қарастырылмауы қажет. Оқыту мақсаттары мен
оқу бағдарламасының әрбір бөлімі бойынша күтілетін нәтижелер формативті
Критериалды бағалау
Формативті бағалау – мұғаліммен
үздіксіз өткізіледі, бағалау және балл
қоюсыз оқу үдерісін уақытында
түзетуге мүмкіндік береді және
мұғалім мен оқушы арасындағы кері
байланысты қамтамасыз етеді.
Сумативті бағалау - оқу
бағдарламаларының өтпелі
тақырыптары/бөлімдері аяқталғаннан
кейін өткізіледі, белгілі бір оқу
кезеңіндегі (тоқсан, триместр, оқу
жылы, деңгейі орта білім беру)
қойылған балл және бағалау
Өтпелі тақырып/бөлім
үшін сумативті бағалау
Әр тоқсанда 2-3 рет
мұғаліммен жүргізіледі
Тоқсан үшін сумативті
бағалау
Әр тоқсанның аяқталуы
бойынша мұғаліммен
жүргізіледі
Білім бері деңгейі үшін
сумативті бағалау
Бастауыш, негізгі және
жоғары мектептерден соң
(ҰТО) сыртқы ұйыммен
жүргізіледі
Әр тоқсанның қорытындсы бойынша
баға
Оқу жылының қорытындсы
бойынша баға
Аттестақа кіретін
қорытынды баға
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
38
бағалау практикасының мазмұнын анықтайды.
Мұғалім формативті бағалау процесінде оқу бағдарламасының барлық
оқыту мақсаттарын қамтуы қажет. Мұғалімге көмекке оқыту мақсаттары
бойынша бағалау критерилерінен, дескрипторларымен тапсырмалар
үлгілерінен тұратын формативті бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
дайындалды.
Мұғалім білім алушылардың жеке ерекшеліктері және оқыту мәнмәтінін
ескере отырып тапсырмаларды дайындайды немесе таңдайды. Әрбір
тапсырмаға дескрипторлар анықталады. Бағалауда мұғалімнің шешімі шынайы
болатындай тапсырмалардың дескрипторлары анық және нақты болуы тиіс.
Сондай-ақ, дескрипторлар білім алушы тапсырманы орындаудың қай кезеңінде
қиналғанын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл білім алушылар мен ата-аналарға
сындарлы кері байланыс жасауына ықпал етеді.
Жиынтық бағалау 1 сыныпта мұғалімдерге, білім алушыларға және ата-
аналарға білім алушылардың оқу бағдарламаларының 3-4-тоқсандардағы
бөлімдер/ортақ тақырыптарды аяқтағаннан кейінгі балл және бағалар қойылған
жетістіктері туралы ақпарат беру үшін жүргізіледі (3-кесте).
3-
кесте – 1-сынып, бастауыш білім беру оқу бағдарламасына сәйкес
суммативті бағалаудың ресімдеу саны
Пәндер
Суммативті бағалаудың рәсәмделуі
І
тоқса
ндағы
СБ
саны
І
үші
н.
СБ
ІІ
тоқсан
дағы
СБ
саны
ІІ
үші
н.
СБ
ІІІ
тоқсан
дағы
СБ
саны
ІІІ
үші
н.
СБ
ІV
тоқсанда
ғы СБ
саны
ІV
үшін.
СБ
1.
Обучение грамоте
-
-
-
-
2*
10
-
ап
та
2*
2.
Сауаташу
-
-
2*
2*
3.
Қазақ тілі (Т2)
-
-
2*
2*
4.
Орыс тілі (Т2)
-
-
2*
2*
5.
Ағылшын тілі
-
-
2*
2*
6
Математика
-
-
3
3
7.
Жаратылыстану
-
-
2
1
8
Дүниетану
-
-
2
2
9.
Көркем еңбек
-
-
2
2
10.
Музыка
-
-
2
2
11.
Дене шынықтыру
-
-
2
2
* –
Тексерілетін сөйлеу қызметінің әрбір түрі үшін балдарды қою
Белгілеу процесінде білім алушылардың оқу бағдарламасына сәйкес білімі
мен дағдыларын көрсететін дәлелдер жинау іске асырылады.
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
39
Мұғалім жиынтық бағалау нәтижелері бойынша балл/деңгей/бағалар
туралы шешімді бағалау критериіне сәйкес қабылдайды. Бұл жағдайда балл
қою дескрипторлары мен сызбалары әр білім алушыға қатысты шынайы шешім
қабылдауға мүмкіндік береді. Формативті бағалаудан, алынған ақпарат оқыту
процесін жоспарлау, түзету және талдау жасау үшін қолданылуы мүмкін.
Мұғалімге бөлім/ортақ тақырыптар үшін жиынтық бағалаудың
нәтижелеріне талдау жүргізу ұсынылады. Бұл талдау білім алушылардың
оқудағы жетістіктерінің деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Тапсырмалар әртүрлі болуы мүмкін: диктанттар, мазмұндама, эссе,
тесттер, зертханалық жұмыстар, бақылау жұмыстары, жобалар және т.б.
Паралел сыныптар үшін тоқсандық жиынтық бағалау бірдей жағдайда
өткізіледі. Тоқсандық жиынтық бағалауды қайта орындауға (көшіріп жазу) жол
берілмейді.
Тоқсандық жиынтық бағалау жүргізілген уақытта дәлелді себептермен
(ауру, жақын туысқанының қазасы, конференция, олимпиада, ғылыми және
спорттық жарыстарға қатысу және т.б.) болмаған білім алушыға мектепке
келген күннен екі апта аралығында оны өтуіне рұқсат етіледі, бұл кезде
жиынтық бағалау тапсырмаларының қосымша нұсқалары қолданылады.
Баға қою механизмі
Бөлім/ортақ
тақырыптар
мен
тоқсандық
жиынтық
бағалау
қорытындыларының нәтижелерін тіркеу электрондық журналға белгіленеді.
Баллдар мен бағаларды есептеу электрондық журналда автоматты түрде іске
асады.
Бастауыш сыныптарда тоқсандық бағаларды қою:
1 сыныпта 1 жарты жылдықта жиынтық бағалау жүргізілмейді. Тоқсандық
бағалар тек 3-4-тоқсандарда қойылады.
Тоқсандық бағалар бөлім/ортақ тақырыптар мен тоқсандық жиынтық
бағалау нәтижелерінен жиналады.
Тоқсандық бағаларды қоюда бөлім/ортақ тақырыптар мен тоқсандық
жиынтық бағалау нәтижелері белгілі бір пайыздық қатынаста қолданылады.
Тоқсандық бағаларды қоюда бөлім/ортақ тақырыптар мен тоқсандық
жиынтық бағалаумен байланысы пән бойынша оқу бағдарламасына сәйкес
меңгерілген оқу материалының көлемі мен бөлім/ортақ тақырыптардың
жиынтық бағалауы санына байланысты анықталады.
Жиынтық бағалау бойынша әдістемелік ұсыныстарда барлық рәсімдердің
саны мен байланысы көрсетілген. Бұл кезде бөлім/ортақ тақырыптарды
жиынтық бағалау рәсіміне 50%, тоқсандық жиынтық бағалауға – тоқсандық
бағаның жалпы жиынтығының 50% бөлінеді.
Журнал жүргізу
Бөлім/ортақ тақырыптар мен тоқсандық жиынтық бағалау қорытындылары
білім алушылардың нәтижелерін тіркеудің электрондық журналына қойылады.
Дәстүрлі қағаз журналда мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын
белгілейді және пәннің тақырыпшасын жазады.
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
Достарыңызбен бөлісу: |