Информатик а


Тақырыбы: Бағдарламалық жасақтама. Операциялық жүйелер



бет16/56
Дата20.01.2022
өлшемі1,62 Mb.
#24150
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   56
Тақырыбы: Бағдарламалық жасақтама. Операциялық жүйелер.
 Бағдарлама – магниттік тасымалдаушыда файл түрінде сақталып, қолданушының бұйрығы бойынша компьютер зердесіне жүктеліп, орындауға арналған машина тіліндегі нұсқаулар жиыны.

Компьютердегі бағдарламалық жасақтама құрамын бағдарламалық конфигурация деп атайды. Бағдарламалар арасында, физикалық буындар мен блоктар арасындағы сияқты байланыс бар – көптеген бағдарламалар өзінен төмен деңгейдегі басқа бағдарламаларға сүйеніп жұмыс істейді .


Бағдарламалық жасақтама (БЖ)

Жүйелі БЖ: Аппараттық жабдықтар жұмысын басқарып, жұмыс істеп отырған адамды қолданбалы бағдарламалармен байланыстырады.

Қолданбалы БЖ: Белгілі бір мамандық саласында нақты есептер шығара алатын программалар жиыны. Олар белгілі бір мақсатта пайдаланылатын және әмбебап болып екіге бөлінеді.

Аспаптық БЖ: Бұл жаңа бағдарлама жазуға арналған бағдарламалық жүйелер.

Жүйелік бағдарламалық жасақтама (ЖБЖ) – ЭЕМ барлық ресурстарын басқаруды, пайдаланушымен интерфейсін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін бағдарламалық құралдардың жиынтығы. Жүйелік бағдарламалық жасақтаманың негізгі бөліктері: - операциялық жүйе (ОЖ) MS-Dos, Windows, Unix, Linux; - сервистік бағдарламалық құралдар (антивирус, сервистік бағдарламалар); - желілік бағдарламалық құралдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет