Информатик а


Аспаптық бағдарламалық жасақтама



бет17/56
Дата20.01.2022
өлшемі1,62 Mb.
#24150
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   56
Аспаптық бағдарламалық жасақтама – кез келген пәндік аумақта (сонымен қатар ЖБЖ және ҚБЖ) ерекше бағдарламалық құралдарды құруды автоматтандыруға  арналған бағдарламалық жасақтама бөлігі. Оның негізін құрастырушылар:

-  бағдарламалау тілдері (Delphi, Visual Basic және т.б.);

-  компиляторлар;

-  интерпретаторлар;

-  стандарттық бағдарламалар библиотекалары (СПБ);

-  бағдарламаларды редактрлеу, жөндеу, тестілеу құралдары.



Қолданбалы бағдарламалық жабдықтар — әртүрлі мәселелік аумақтардағы  қоданбалы есептерді шешуді жасақтайтын жеке қолданбалы бағдарламалар мен қолданбалы дестелерден тұратын бағдарламалық жасақтама түрі (Word, Excel және т.б.). ҚБЖ ЭЕМ–ң  адам өмірінің әртүрлі қызмет салаларында қолданылуын жүзеге асырады. Оның негізін қолданбалы бағдарламалар дестелері  (ҚБД) құрады.

Жалпы мақсаттағы қолданбалы программалық жабдықтар құрамына әртүрлі қолданбалы есептерді шешуге жиі қолданылатын программалық құралдар енеді, олар:

-  мәтіндік редакторлар мен процессорлар;

-  графикалық редакторлар;

-   электрондық кестелер (ЭТ) процессорлары;

-   мәліметтер қорын басқару жүйелері;

-   электрондық презентациялар және т.с.с.



Мәселелік бағытталған қолданбалы программалық жабдықтар  -  белгілі бір саладағы есептерді жүзеге асыруға мамандандырылған программалық құралдардың жиынтығы. Мұндай программалық құралдарға:

-   жобалауды автоматтандыру жүйелері (ЖАЖ);

-   таңбаларды айыру жүйелері;

-   статистикалық, қаржылық – аналитикалық жүйелер;

-   ғылыми зерттеулер жүйелері

және т.с.с. жатады.


Интегралданған ҚПЖ – қазіргі уақыттағы ҚПЖ-ның қарқынды және қуатты дамып жатқан бөлігі. Олар – көп функционалды, бірнеше қолданбалы программалық жабдықтарды бір ресурстық қор негізінде жинақтап объектілер деңгейінде әсерлесулерін жүзеге асыратын дестелер (Lotus Works, Microsoft Office  және  т.б.)

Операциялық жүйе компьютер іске қосылғанда шақырылады, компьютер жұмысын басқарады, құрылғыларын, аспаптарын тексереді-тестілейді, жедел жад пен дискідегі орынды бақылайды, қолданбалы программаларды орындайды. Операциялық жүйелердің басты қызметі – бұл ресурстарды басқару, ол басқаратын негізгі ресурс – компьютер аппаратурасы

Операциялық жүйе құрамы. базалық модуль (ОЖ ядросы) – файлдық жүйелер мен программа жұмыстарын басқарады, оған жетуге жол ашады және шеткі құрылғылар арасында файл алмасу; командалық процессор – пернетақта арқылы түсетін қолданушының бұйрықтарын ашып оқиды және орындайды; шеткі құрылғылар драйверлері – осы құрылғылардың жұмысының процессормен келістілігін программалы қамтамасыз етеді; қосымша сервистік программалар (утилиттер) – қолданушының компьютермен байланыс үрдісін көпжақты әрі ыңғайлы етеді.






4 ЛЕКЦИЯ





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет