Диаграммалар, суреттер және Windows-тың қосымшаларының басқа да объектілері
1 гбайт
Жұмыстың орындалу реті: MS Access-ті іске қосыңыз. Бұл үшін MS Office панелінде орналасқан MS Access пиктограммасын басыңыз немесе Іске қосу (Пуск)–Программалар-MS Access командаларын орындаңыз немесе “Менің компьютерім” терезесінен MS Office папкасы ішінен MS Access пиктограммасын таңдаңыз.
“Деректер қорын құру” терезесінен “Жаңа деректер қоры” ауыстырып-қосқышын таңдаңыз.
“Жаңа деректер қоры файлы” терезесінде деректер қоры файлы орналасатын диск және каталогты (папканы) көрсетіп, файл аты өрісіне файлдың атын енгізіңіз. ОК батырмасын басыңыз.
“Жаңа кесте” терезесінде жаңа кестенің құрылымын құру режимі – Конструкторды таңдаңыз.
Кестенің Конструктор терезесінде әр өріске ат беріңіз және типін таңдаңыз.
Өрістің типін беру үшін «Деректер типі» бағанындағы сәйкес ұяшықты шертіңіз. Таңдалған ұяшықтың оң жағында пайда болатын тізім символын ашып, керекті типті таңдаңыз. Әр өріске қасиеттер беріңіз (қасиеттер тізімі деректердің таңдалған типіне тәуелді болады).
- Өріс өлшемі - өрістердің максимальді өлшемін береді. Сондықтан деректерге өріс өлшемі төмендегідей болады:
байт – 0-ден 255-ке дейін бүтін сандар, сақтау кезінде 1 байт орын алады.
бүтін (целое) – -32768-ден 32767-ге дейінгі бүтін сандар, 2 байт орын алады.
Ұзын бүтін (длинное целое)- -2147483648-ден 2147483647-ге дейінгі бүтін сандар, 4 байт орын лады.
Жылжымалы нүктелі (с плавающей точкой) (4 байта) – «-3,4*1038-ден 3,4*1038-ге» дейінгі 6 таңбалы дәлдікке дейінгі сандар
Жылжымалы нүктелі (с плавающей точкой)(8 байта) – «-1,797*10308-ден 1,797*10308-ге» дейінгі 10 таңбалы дәлдікпен берілетін сандар
- Өріс өлшемі (Размер поля) – берілген өріс үшін кесте бағанының тақырыбын анықтайды.