Информатик а



бет22/56
Дата20.01.2022
өлшемі1,62 Mb.
#24150
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   56
Байланысты:
ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ

Жасап-шығарудың реті. Жасап шығару процесі жаңалықты қажет етеді, және де бұл жаңалық майда-шүйденің ішінде жоғалып кетпеуін, қолданылатын әдіс-амалдарын дұрыстығын қадағалау керек. Қазіргі кезде пайдаланушылардың көпшілігі әртүрлі жүйелерге кіре алады, сондықтан олар жүйелер ауысқан кезде өз жұмыс тәсілдерін ауыстыра қоймайды. Ішінде біркелкі жұмыс істейтін программалық "жанұяларын" дамытқан дұрыс. Бұған, сондай-ақ әртүрлі жүйедегі программалық интерфейстерін жасап шығару үшін қолданылатын стандарттық модульдер библиотекасы мүмкіндік береді. Интерфейс құрудың қабылданған принциптерін пайдалану. Пайдаланушының жұмыс бекеті мен физикалық байланысының, адам мен машинаның қарым-қатынасымен ортақ жағдайлары көп. Сондықтан, жұмыс бекетін жасауға және ұйымдастыруға оңай әкелетін, эргономикадағы жалпылама көптеген ұсыныстары болады. Сонымен қатар, ақпаратты экранда көрсету түрі әртүрлі компьютерлік жүйелерде бірдей емес: графикалық дизайні ақпаратты экранда көрсетілуіне, сөйлемдердің сөздік құрамына, негізгі кілттік элементтерді көрсету тәсілдеріне, деректерді ұсынылуына байланысты болады және т.с.с. Интерфейсті жасаушылар осы принциптерді білулері, және басқа саладан білімдерін өз проблемаларын шешудегі қиындықтарға қолдануға тырысулары қажет. Міндеттерді және пайдаланушыны түсіну. Интерфейсті жасаушы міндеттерді орындауға қажетті есептеу процесін түсініп қана емес, пайдаланушының мақсаты мен міндеттерін шешуге бағытталған іс-әрекетін бағалай білуі керек. Ол жүйенің потенциалды пайдаланушыларының ерекшеліктерін білуі керек. Соңғы жылдары компьютер мен программист арасындағы интерфейсті программалау саласындағы қарқынды атап өту керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет