Информатик а


ТАҚЫРЫБЫ: КӘСІБИ САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР. ИНДУСТРИЯЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР



бет52/56
Дата20.01.2022
өлшемі1,62 Mb.
#24150
түріЛекция
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
ТАҚЫРЫБЫ: КӘСІБИ САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР. ИНДУСТРИЯЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР.

 Автоматтандырылған жұмыс орындары дербес компьютерлермен, қолданбалы бағдарламалармен жабдықталған, ол қызмет блоктары немесе жеке қызмет, мысалы: бухгалтерлік операциялар, инвестициялар және т.б. жеке қызметкерлік жүзеге асырады.

Барлық АРМ (АЖО) біріңғай технологиялық платформаға қосылған, ол күшті серверлер базасында жұмыс істейді. Ақпараттың осындай электрондық  өңдеу кестесінде әр – түрлі және бір бағдарламалы мәліметтер базасымен көп қолданылатын жұмыс жүргізеді.

Таратылған есептеу жүйесі қолданбалы мақсаттың мінездерін айқындап берді. Қызметкерлері, бөлімдері, сақтандыру компаниясының  бөлімшелері, ақпаратты жеке тұтынушылар, ереже бойынша әр аймақтарда орналасқан. Бұл тұтынушылар өз тапсырмаларын  шешу үшін өздерінің есеп ресурстарының болуын көздейді. Бірақ та шешілетін тапсырмалары бір – бірімен тығыз байланысты болғандықтан, есептеу құралдары біріңғай жүйеге бірігуі керек.

Сенімділік. Апаратураның кейбір элементтерінің жұмыстан шығып қосу кезінде және мәліметтер қол жеткіліксіз болғанда жүйенің өзінің қызметін атқару мүмкіншілігі деп түсінуге болады. Аса үлкен сенімділік негізі болып аса көп ақпарат болып табылады.

Сақтандыру компаниясының мәліметтерінің аса көпшілігі, мысалы: бөлінген базаларда кейбір мәлімет жиынтығы есте сақтау құрылғыларында қайталана алады, сол себепті біреуі қайталанған кезде, мәліметтерге қол жеткізуге болады.

Сақтандыру компаниясының бөлімшелері үшін сенімділік пен аса көптілік ақпараттық, бағдарламалық  және техникалық ресурс- тарды бірге қолдануға мүмкіндік береді, басқа бөлімшелер  мен байланысты реттейді.

Бөлінген жүйелерді енгізу бірқатар мәселерді шешуді керек етеді, олар бөлек бөлімшелердің байланысын тиімді ұйымдастырумен байланысты.

Біріншіден, бұл қиындықтар бағдарламалық қамтамасыз етумен байланысты.

Екіншіден, компютерлерді торапқа қосудан шығатын мәселелер, хабарлама жоғалмаудан қорғанысты қарастырады; ақпаратты қорғау, өту мүмкіндігін көтеруге арнайы әдістермен байланысты.

Үшіншіден, коммерциялық  құпияны сақтау сұрақтары.

Сақтандыру  қызметінде есептеу техникасын қолдану ақыларды өңдеу уақытын азайту арқылы жұмыс тиімділігін арттыруға болады. Ол компания түсімін ұлғайтады. Сақтандыру ісіне автоматтанған ақпараттық жүйені және технологияларды енгізу сақ тандыру қызметіндегі бақталастықты күшейтеді, сақтандыру нарыққа да компанияның үлесін ұлғайтады.

Торапты қолдану коммуникациялардың жақсаруына әкеліп соқтырады, яғни компания қызметкерлері мен клиенттері арасын - дағы өзара байланыс пен ақпаратпен байланыс процесін жақсарта -  ды. Торап әр – түрлі офистегі қызметкерлер біріңғай техналогия -  лық  пратформада жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Ақпаратқа оңай және толық  кіру арқылы қызметкерлер тез арада нақты шешімдер қабылдай алады.

Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында « Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі » деп атап көрсетті.

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі , айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр –ақпараттандыру ғасыры » деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.

Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.

Өзбекістан Республикасының Білім туралы заңында : « Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек »- деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі - бағдарламалық – техникалық кешен болып саналатын « Активті экран » болып табылады.

Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық - құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.

Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік - ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.

Ақпараттық бірлікті қалыптастыру: мектептің материалдық -техникалық базасына; ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне; оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне;

оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне, педагог мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу - тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелді.

Қазіргі уақытта жаратылыстану - ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің , оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.

Білім берудегі интерактивті технология - мұндағы интерактивті сөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау)ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.




15 ЛЕКЦИЯ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет