Ұзақ мерзімді күнтізбелік-тақырыптық жоспар Пән: Информатика Сыныптар: жаратылыстану-математика бағытындағы 11 сынып Сағат саны: 68 сағат. аптасына: 2 сағ.
БЖБ саны: 6
2021-2022 оқу жылында 10-11 сыныптарда «Информатика» оқу пәні ҚР БҒМ 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығымен бекітілген жаңартылған мазмұн бойынша үлгілік оқу бағдарламасымен қоғамдық-гуманитарлық бағытта 15-қосымшаға және жаратылыстану-математикалық бағытта 14-қосымшаға сәйкес оқытылады.
Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен (2021 жылғы 26 наурыздағы №125 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) жүргізіледі. Атап айтқанда, жаңартылған мазмұнның Үлгілік оқу жоспарлары және төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары.
Тақырыптық күнтізбелік жоспар Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы ҚР БҒМ 2018 ж 31.10. №604 ( 2020ж 28.08 №372 бұйрық);
Үлгілік оқу жоспары ҚР Бжғм-ң 2012 жылғы 8.11 №500 ( 2021ж 20.08 №415 бұйрық); Үлгілік оқу бағдарламасы 2013ж 3.04.№115 2021ж 27.11.№496 бұйрықты басшылыққа алынып жасалды;
Оқу бағдарламалары ҚР БҒМ-ң 2013ж. 3.04. №115 бұйрығы (2020 жылғы 27.11 № 496) бұйрығы негізге алынып жасалды;
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы.
Оқулықтар: Информатика. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сынып оқушыларына арналған оқулық / В.Г. Архипова, Р.Г. Амдамова, Н.К. Беристемова, К.Б. Кадыракунов – Алматы: «АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ», 2020. – 264 бет.