Үйге тапсырма беру мақсаты
бет 33/64 Дата 05.05.2023 өлшемі 1,62 Mb. #90633
Байланысты:
7-сынып қмж Үйге тапсырма беру мақсаты : Үйде мұғалімнің көмегінсіз өтілген сабақты өздігінен орындап, тақырыпты пысықтайды. Бұл оқушының өздігінен үздіксіз оқып-үйренуіне, білім алуына бағытталады.
Қысқамерзімді жоспар
Бөлімі:
4-бөлім. «Python тіліндегі алгоритмдерді программалау»
Педагогтің аты-жөні:
Күні:
Сыныбы:
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
4.1. Файлдармен жұмыс
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
7.3.3.1 Python программалау тілінде файлды оқу және жазу;
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушы үшін: файлды жасау және ашу жолдарымен танысады.
Оқушылардың көбі үшін: Python программалау тілінде
файлдардың екі типін қарастырады.
Кейбір оқушылар үшін: Python программалау тілінде деректерді
файлдан оқу және жазуды жүзеге асырады.
Бағалау критерийлері
Тапсырманың программа кодтарына талдау жасайды.
Файлға жазу және оқу әдістерін пайдаланып қарапайым тапсырманың мәтінін құрастырады.
Программалау барысында деректерді файлдан оқудың маңыздылығын түсінеді.
Тілдік мақсаттар
Пәндік лексика мен терминология :
Жазу → Написать → Write Оқу → Читать → Read
Басып шығару → Распечатать → Print Енгізу → Ввод → Input
Жабу → Закрыт → close Файл → Файл → File
Диалогтер мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:
Python-да программалау кезінде деректерді қалай енгіздің?
Программаны орындау кезінде айнымалылардың мәндерін енгізудің тағы қандай әдістерін білесің?
Программаның деректерді файлдан оқу арқылы өңдеуінің қандай тиімді жақтары бар деп ойлайсың?
Write() және print() командаларын қолдануда қандай айырмашылық бар? Себебін түсіндір.
Read() және Input() командаларын қолдануда қандай айырмашылық бар? Себебін түсіндір.
Файлды жазу үшін ашқанда міндетті түрде close() командасын қоюдың себебі неде?
Деректерді пернетақта арқылы енгізу мен файлдан енгізуді программалық тұрғыдан орындауда қандай айырмашылықтарды көрсете аласың?
Құндылықтарға баулу
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығы қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: