«Гүлментілек»әдісіарқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру: Фигуралар көмегімен оқушылар 3 топқа бірігеді.
I топ – «Үшбұрыштар». II топ – «Дөңгелектер».
III топ – «Төртбұрыштар».
(Ұ) «Миғашабуыл»әдісіАлдыңғы білім мен бүгінгі сабақты байланыст ыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар топтамасы интерактив ті тақтадан көрсетіледі.
Пайдаланушы интерфейстерінің түрлері қандай? Оларды пайдаланудың пайдаланушы үшін қолайлығы қандай?
Компьютерде өзің жұмыс істейтін программалардың командаларын басқаруға жасалған қолайлылылық жайлы не әңгімелей аласың?
Интерфейс ұғымы саған таныс па? Оны қай мағынада қолданады?
«Компьютерлік эргономика» дегеніміз не? Есіңе түсір.
Бағалау Оқушылар бір-бірін
«Жапондықбағалау»әдісіарқылы бағалайды.
Яғни «Дұрыскелісемін», «Толықтыра-мын, басқакөзқарасымбар», «Меніңсұрағымбар».
5 мин.
Жаңасабаққакіріспе «ДЖИГСО » әдісі (Т). Топтарға оқулықтан жаңа сабақтың мәтіні бөліп беріледі. Арнайы белгіленген уақыт ішінде мәтінді оқып шығады.
Кейін топтар арасында жаңа ақпаратпен таныстыру, ой бөлісу жұмысы
жалғасады.
Дескриптор:
Берілген мәтінді оқиды.
Топ ішінде өзара талқылау жүргізеді.
Топтар арасындағы түсіндіру, жеткізу, баяндау жұмысында белсенділік танытады.
пайдаланушының графикалық интерфейстерінің артықшылық тарын атайды.
Бағалау Топтар бір- бірін
«Жапондықбағалау» әдісіарқылы бағалайды.
Яғни «Дұрыскелісемін», «Толықтырамын, басқакөзқарасымбар», «Меніңсұрағымбар».
7-сынып оқулығы
.
Сабақ-тыңсоңы
7 мин
Сабақтыбекіту (Ұ)«Еркінмикрофон»әдісі арқылы оқушылар бүгінгі сабақ бойынша не үйренгенін, қандай ақпараттың жаңалық болғанын, түсінгенін еркін түрде сыныптастарымен өз ойымен бөліседі.
Бағалау Мұғалімнің қорытынды бағалауы
«Жапондықбағалау» әдісіарқылы
жүргізіледі.
Рефлек- сия
Үйтапсырмасы Төменде берілген тақырып бойынша жоба жұмысын дайында.
Жобатақырыбы
Зерттеусұрақтары мен бағыттары
Пайдаланушы интерфейсіне қойылатын негізгі талаптар қандай?
ҚМЖ-ғаҚОСЫМША Қысқамерзімді жоспар сабақтың бастапқы кезеңінен соңғы кезеңіне дейін оқушылардың жас ерекшелігі, оқу мақсаты ескеріле отырып, сараланып жасалды.
Тапсырмаларды орындау барысында дербес (жеке-дара), жұппен, топпен жұмыс жасалады. Тапсырмаларды орындау сабақтың ортаңғы кезеңіне жоспарланды. Осы кезеңде саралаудың
«Қорытынды»,«Диалогжәнеқолдаукөрсету»,«Бағалау»,«Тапсырма»,«Қарқын» тәсілдері қолданылады. Бұл сабақтағы барлық тапсырмада оқушылар бірдей тапсырма орындағанымен, нәтижелері оқушының деңгейіне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан мұғалім дұрыс жауапқа бағыттап, соңғы шешімін беріп отырады. Бұл саралаудың «Қорытынды» тәсілі. Сонымен қатар оқушылар әр тапсырманы орындау кезінде үнемі қалыптастырушы бағалаудың әдістерімен бағаланып отырады. Тапсырманы қандай деңгейде орындағанын, сабаққа қатысу белсенділігін көрсетеді. Бағалау оқушының іс-әрекетінің жақсаруына оң ықпалын тигізеді. Бұл саралаудың
«Бағалау» тәсілі. Сабақта оқушылар жаңа теориялық ақпаратпен танысып, практикалық, талдау, жинақтау, бағалау тапсырмаларын орындау арқылы өз білімдерін толықтыру жоспарланды. Бұл саралаудың «Тапсырма» тәсілі. Сонымен қатар жоспарланған тапсырмаларды орындау барысында оқушының білім дағдысына, деңгейіне қарай қарқыны жылдам және баяу оқушылар кездесуі әбден мүмкін деген болжаммен оқулықта қосымша тапсырмалар беру жоспарланды. Бұл саралаудың «Қарқын» тәсілі.
Құндылықтарғабаулудағымақсатымыз: «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша
«Жалпығабірдейеңбекқоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбек етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдылары қалыптасады.
Психологиялық жағымды ахуал орнатудағы басты мақсат:Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастыру, көңіл -күйін көтеру, бауырмалдығын ояту.
Топтастырудағымақсатымыз: Топтық жұмыс барысында жылулық қарым-қатынастар дамиды, ынтымақтастық, тыңдау дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады. Өзгелердің идеялары мен ойларын тыңдап, құрметтейді, яғни академиялық адалдық принциптерін сақтайды. Бұл жерде саралаудың «Жіктеу»тәсілі қолданылады.
«Миғашабуыл»әдісінқолданумақсаты: Бұл әдіс ұжымдық жұмыс түрінде яғни оқушылардың барлығын жұмылдыра қатыстырып, сабақтың бастапқы кезеңінде ғана қолданылады. Себебі оқушылардың сабаққа дайындығын, өткен және жаңа тақырып бойынша алдыңғы білімін тексеру мақсатында ой қозғау сұрақтары беріледі.
Рефлексия: Бұл сабақтың соңғы кезеңіне жоспарланды. Өйткені сабақтың бастапқы кезеңінен соңына дейін оқушының нені оқып меңгергенін білу мақсатында және сабақты бекіту, қорытындылау үшін «Еркін микрофон» әдісі арқылы оқушы өзінің қысқаша қорытынды ойын айтады.