7.2.2.2 электрондық кестенің элементтерін форматтау;
7.2.2.4 электрондық кестеде шартты форматтау қолдану;
7.2.2.3 электрондық кестеде диаграммалар құру;
7.2.2.5 электрондық кестеде автоматты толтыруды қолдану;
Сабақтыңмақсаты
Барлықоқушыүшін:шартты форматтауды біледі. Оқушылардыңкөбіүшін:компьютерде электрондық кесте элементтерін форматтайды.
Кейбір оқушылар үшін: электрондық кестеде автоматты толтыруды қолданды.
Бағалаукритерийлері
Компьютерде электрондық кесте элементтерін форматтайды,
шартты форматтауды біледі. Электрондық кестеде автоматты толтыруды қолданады.
Тілдікмақсаттар
Пәндіклексикаментерминология: Модель, Модельдеу, адрес, абсолюттік, салыстырмалы және аралас адрестер.
Компьютерде модельдеуді жүргізуде электрондық кестелерді қолданудың қандай әдістері бар?
«Ең көп сатылған автокөлік» жобасын қорғау
10 мин
Жаңа сабаққакіріспе Оқулықтағымәтінмен жұмысЖаңа ақпаратты топта бірін-бірі үйретіп, түсіну үшін
«ДЖИГСО» әдісін қолдану.
(Т) Білу кезеңі және түсіну кезеңінде төмендегі сұрақтарға жауап іздей отырып, жаңа білімді игеру.
Білукезеңі:
«Модельдеу» деген не?
Не үшін модельдейміз?
Модельдеу қандай кезеңдерден тұрады?
Түсінукезеңі:
Компьютерде модельдеуді ұйымдастыру қандай іс-әрекеттерден тұрады?
Компьютерде модельдеудің басқа модельдеу түрлеріне қарағанда қандай ерекшеліктері бар?
Дескриптор: -
Оқулықтағы мәтінді оқиды.
- Білу және Түсіну деңгейіндегі берілген сұрақтарға жауап жазады.
Бағалау: Топтағы оқушылар бір- бірін
«Баспалдақ»әдісі арқылы бағалайды.
Сабақтыңортасы 16 мин
(Ж) Практикалықжұмыс 2-тапсырма Екі жеңіл автокөлік бір уақытта, қарама -қарсы бағытта және бір жолда екі қаладан жолға шықты. Қалалар арасындағы қашықтық S километр. Бірінші автокөліктің жылдамдығы V1 км/сағат екінші автокөліктің жылдамдығы V2км/сағат болса, олар жолға шыққаннан кейін қанша уақытта кездеседі?
Берілген тапсырманы модельдеу кезеңдерімен орындап шығамыз.
4-суретте тапсырманың компьютерлік моделі
берілген.
Дескриптор
Электрондық кесте элементтерін дұрыс форматтайды.
Есептеулер кезінде автоматты толтыруды тиімді пайдаланады.
Диаграммалар құрады.
Бағалау Оқушыларды
«Баспалдақ»әдісі арқылы бағалайды.
7-сынып оқулығы.
Компью- тер.
(Т)Талдау 2-тапсырмада жасалған компьютерлік модельдеу жұмысына талдаулар жүргіземіз. Талдау барысында төмендегі тапсырмаларды орындайды.
1-кестедегі тапсырманың әрбір кезеңіне жеке-жеке талдау жасаңдар.
Компьютерлік модельдеуді басқа
модельдеу түрлерімен салыстырыңдар.
Ұқсастықтары мен ерекшеліктерін қағазға түсіріңдер.
Дескриптор: Берілген тапсырмаға топта талдау жасайды.
Компьютерлік модельдеуді басқа модельдеу түрлерімен салыстырады. Ұқсастықтары мен ерекшеліктерін қағазға түсіреді.
Бағалау: Топтағы оқушылар бірбірін
«Баспалдақ»әдісі арқылы
бағалайды.
7-сынып оқулығы.
Компью- тер.
(Т)Жинақтау «Постер қорғау»әдісі Топта пікір алмасу, ортақ идеяны постерге түсіру.
Күнделікті тұрмыста өздеріңе таныс мысалдың бірін таңдап, компьютердегі моделін ұсыныңдар (мысалы, үй салуға кететін шығынды есептеуші).
Қорғайды.
Дескриптор:
Топта ақылдасып өздеріне таныс мысал таңдайды.
Оның компьютердегі моделін ұсынады.
Жасаған постерлерін қорғайды.
Бағалау: Топтағы оқушылар бірбірін
«Баспалдақ»әдісі арқылы бағалайды.
А4,А3
қағаздар
Маркер- лер
Сабақтыңсоңы
7 мин Рефлек-сия
Сабақты бекіту Диалогті ұйымдастыру ауызша немесе
жазбаша тарату арқылы жүргізіледі.
Оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап беру керек:
Сабақ барысында көңіл күйің қандай болды?
Маған ... қызықты болды.
Маған түсінуге ... қиын болды.
Мен ... түсіндім.
Сабақ маған тұрмыстағы/техникадағы ... түсінуге мүмкіндік берді.
Мен ... тақырыбында қосымша ізденуді қаладым.
Бағалау: Мұғалім оқушыларды
«Баспалдақ»әдісі арқылы бағалайды.
Үйтапсырмасы Электрондық кестеде Паскаль үшбұрышының моделін жасаңдар
(5, 6-суреттер). Паскаль үшбұрышының қабырғалары тек «1» санынан тұрады, әрбір сан өзінен жоғары тұрған екі санның қосындысына тең.
ҚМЖ-ғаҚОСЫМША Қысқамерзімді жоспар сабақтың бастапқы кезеңінен соңғы кезеңіне дейін оқушылардың жас ерекшелігі, оқу мақсаты ескеріле отырып, сараланып жасалды.
Тапсырмаларды орындау барысында дербес (жеке-дара), жұппен, топпен жұмыс жасалады. Тапсырмаларды орындау сабақтың ортаңғы кезеңіне жоспарланды. Осы кезеңде саралаудың
«Қорытынды»,«Диалогжәнеқолдаукөрсету»,«Бағалау»,«Тапсырма»,«Қарқын» тәсілдері қолданылады. Бұл сабақтағы барлық тапсырмада оқушылар бірдей тапсырма орындағанымен нәтижелері оқушының деңгейіне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан мұғалім дұрыс жауапқа бағыттап, соңғы шешімін беріп отырады. Бұл саралаудың «Қорытынды» тәсілі. Сонымен қатар оқушылар әр тапсырманы орындау кезінде үнемі қалыптастырушы бағалаудың әдістерімен бағаланып отырады. Тапсырманы қандай деңгейде орындағанын, сабаққа қатысу белсенділігін көрсетеді. Бағалау оқушының іс-әрекетінің жақсаруына оң ықпалын тигізеді. Бұл саралаудың
«Бағалау» тәсілі. Сабақта оқушылар жаңа теориялық ақпаратпен танысып, практикалық, талдау, жинақтау, бағалау тапсырмаларын орындау арқылы өз білімдерін толықтыру жоспарланды. Бұл саралаудың «Тапсырма» тәсілі. Сонымен қатар жоспарланған тапсырмаларды орындау барысында оқушының білім дағдысына, деңгейіне қарай қарқыны жылдам және баяу оқушылар кездесуі әбден мүмкін деген болжаммен оқулықта қосымша тапсырмалар беру жоспарланды. Бұл саралаудың «Қарқын» тәсілі.
Құндылықтарғабаулудағымақсатымыз: «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша
«Жалпығабірдейеңбекқоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбек етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдылары қалыптасады.
Психологиялық жағымды ахуал орнатудағы басты мақсат: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастыру, көңіл -күйін көтеру, бауырмалдығын ояту.
Топтастырудағымақсатымыз: Топтық жұмыс барысында жылулық қарым-қатынастар дамиды, ынтымақтастық, тыңдау дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады. Өзгелердің идеялары мен ойларын тыңдап, құрметтейді, яғни академиялық адалдық принциптерін сақтайды. Бұл жерде саралаудың «Жіктеу»тәсілі қолданылады.
«Миғашабуыл»әдісінқолданумақсаты: Бұл әдіс ұжымдық жұмыс түрінде яғни оқушылардың барлығын жұмылдыра қатыстырып, сабақтың бастапқы кезеңінде ғана қолданылады. Себебі оқушылардың сабаққа дайындығын, өткен және жаңа тақырып бойынша алдыңғы білімін тексеру мақсатында ой қозғау сұрақтары беріледі.
Рефлексия: Бұл сабақтың соңғы кезеңіне жоспарланды. Өйткені сабақтың бастапқы кезеңінен соңына дейін оқушының нені оқып меңгергенін білу мақсатында және сабақты бекіту, қорытындылау үшін «Диалогтік әңгіме» әдісі арқылы оқушы өзінің қысқаша қорытынды ойын айтады.