Информатика әдістемелік нұСҚАУ



бет112/160
Дата21.10.2023
өлшемі1,05 Mb.
#120143
түріПрограмма
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   160
Дұрыс жауап:


Жоғарғы деңгейдегі дағдыларын дамыту

  • Стартап-тың қандай мүмкіндіктері мен проблемалары бар деп ойлайсың?

  • Деңгейлік тапсырмаларды орында.

Деңгейлік тапсырмалардың үлгісі (толық нұсқасы оқулықта берілген):
А деңгейі. Кестені толтыр.










Анықтама

Қызмет

Баса назар аударатын













































































































жайт







Идея










Атауы










Тұжырым










Жоба










Стартап












В деңгейі. Ең сәтті Стартаптарды анықтайтын негізгі талаптарды көрсет.
С деңгейі. http://стартап.techgarden.kz сайтының материалын зерттеп, шағын талдау жаса. Стартап-тар Қазақстанда қандай бағытта құрылып жатыр? Оған қатысушыларға қандай талаптар қойылады?
Топтық жұмыс
Стартап-ты жаңадан бастаушылардың (старперлердің) жолында қандай кедергілер болуы мүмкін? Осы сұрақты топта талқылап, өз идеяларыңды айтыңдар. Тәуекелдерді барынша азайту жолдарын ұсыныңдар.

Сабақтың соңы 7 мин.

Рефлексия
(Т). «А, В, С» әдісі.
А – сұрақ қояды. В – жауап береді.
С – айтқан жауаптарды бақылайды, толық болмаса толықтырады.
Оқушылар топта үшеуден отырады. А — сұрақ қоюшы, В – жауап беруші, С — бақылаушы рөлін атқарады. Бақылаушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді.
Оқушылар осы сұрақтарға жазбаша стикерге жауап береді. Ұсыныс, тілектерін айтады.


Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.


Үй тапсырмасы (таңдау бойынша)

  1. «Неге 10 Стартаптың 1-еуі ғана іске асады?» деген мәселеге шағын зерттеу жүргіз.

  2. «Әр бес жылдағы керемет стартап» деген хронологиялық тізім жаса.

  3. «Қазақстандағы IT стартаптардың: қиындықтары немесе болашағы?» деген тақырыпта таныстырылым жаса.




Саралау: Сіз қалай қолдау жасағыңыз келеді? Өзгелермен салыстырғанда едәуір қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау: Оқушылардың материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулықты қорғау және қауіпсіздік техникасын сақтау

Саралау оқушылардың жеке қабілетін ескере отырып, оқу материалдары мен ресурстарын әзірлеуді, тапсырмаларды іріктеуді, күтілетін нәтижені, оқушыларға жеке қолдау көрсетуді (Гарднер көпшілік интеллектісінің теориясы бойынша) қамтуы мүмкін.
Уақытты тиімді қолданып, саралауды сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақта нені үйренгені, сабақта пайдаланылған әдістер мен тәсілдер жазылады.

Денсаулықты қорғау технологиялары.
Сабақта сергітетін жаттығуларды және белсенді жұмыс түрлерін қолдану.
Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережесінің тармақтары.


  1. САБАҚ




Ұзақмерзімді жоспар бөлімі:
5-бөлім. IT Startyp

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Crowdfunding (краудфандинг) платформаларының жұмыс істеу қағидалары

Осы сабақта орындалатын оқу мақсаттары (оқу программасына сілтеме)

        1. - cтартап ұғымын баяндау

        2. - Crowdfunding платформалардың жұмыс қағидаларын сипаттау

Сабақтың мақсаты

Crowdfunding платформалардың жұмыс қағидаларын баяндау.

Бағалау критерийлері

«Стартап» ұғымын біледі;
Стартап-қа мысалдар келтіре алады;
Crowdfunding платформасының жұмыс істеу қағидаларын баяндайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: Crowdfunding платформаның; cтартаптың не екенін түсіндіре алады. Пәнге қатысты сөздер қоры және терминология: краудфандинг - crowdfunding Сөйлеу/жазу кезінде қолданылатын пайдалы сөз тіркестері:

  • Крауфандинг дегеніміз …

  • Крауфандингтің даму өзектілігі …

  • ... деп ойлаймын/болжаймын/сенімдімін.

Құндылықтарға баулу

  1. “Мәңгілік ел” идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады.

  2. Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым-қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады.

  3. Академиялық адалдық: өзгелердің идеялары мен ойларын құрметтейді, яғни академиялық адалдық қағидаларын сақтайды.

  4. Өмір бойы оқу, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады.

Пәнаралық байланыс

Ағылшын тілі, математика

Алдыңғы білім

Стартап

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы 26 мин.

Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
Қызығушылықты ояту: «Алма, шие, өрік, банан» ойыны.
Оқушылар орындықтарды шеңберлей орналастырып жайғасады. Мұғалім оқушыларды отырған ретімен жемістер атауымен санап шығады: «Алма, шие, өрік, банан» деп. Осыдан кейін мұғалім бір не бірнеше жемістің атын атайды (мысалы, «Шие!» не «Алма, өрік!» не «Алма, шие, өрік, банан!» – десе), сол кезде жемісі аталған оқушылар орындарын алмастыру қажет. Ал мұғалім бір бос орынға отырады. Орын жетпей қалған оқушы жүргізуші болып, жемістердің атын атайды.


Топтастыру:
Оқушылар сабақтың бастапқы кезінде мұғалімнің «Алма, шие, өрік, банан» ойынына арнап жеміс-жидектер атауын бөліп бергені бойынша төрт топқа бірігеді.
1-топ: Алма 2-топ: Шие 3-топ: Өрік 4-топ: Банан


(Ұ). Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.
Мұғалім өткен сабақпен жаңа сабақты ұштастыру мақсатында оқушыларға сұрақтар қояды. Оқушылар ұжымдық үлгіде жауап береді. Егер сұраққа жауап дұрыс айтылмаса мұғалім дұрыс

Таратпа материалдар
- 1




жауапқа бағыттап дұрыс жауабын табуға көмектеседі.


«Бинго» әдісі
Оқушылардың карточкаларында сабақ тақырыбына қатысты әртүрлі түйін сөздер берілген. Мұғалім анықтамаларды оқып жүргенде оқушылар тиісті түйінді сөздерді сызып тастауы керек. Барлық сөзді сызып тастайтын бірінші оқушы жеңеді.




Сабақтың ортасы 26 мин.

Педагог сабақ мақсаттарын хабарлайды:

  • краудфандинг платформасын;

  • краудфандинг платформасымен жұмыс істеу қағидаларын білетін боласыңдар.

Оқулықпен жұмыс.
Ақпаратты «Инсерт» әдісі бойынша оқу. Топтағы оқушылар мәтінді оқып, арнайы белгі қойып отырады:
+ - мұны білемін;
– - мен басқаша ойлағанмын, бұл менің ойлағаныма қарама-қарсы болып шықты; v – мен үшін бұл жаңа нәрсе;
? – маған бұл түсініксіз, түсіндіру, нақтылау қажет.
Топтың спикері оқылған нәрсенің мәнін түсіндіреді. Мұғалім оқушылармен сөйлеседі. Мәтіннің түсініксіз жерлерін түсіндіреді.
Краудфандинг – бұл кез келген ниет білдірушіден белгілі бір жобаны қаржыландыру үшін қаражат алудың бір түрі. Ақша жинайтындар реципиенттер немесе авторлар деп аталады (егер жоба краудфандинг алаңында орналасса), ал қайырымдылық беретіндер донор, демеуші немесе инвесторлар деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет