«Өзара оқу» стратегиясы. Әр топқа жаңа тақырыптың белгілі бір фрагменті көрсетіледі. Оқушылар топтағы рөлдерін бөледі.
Бастапқыда әркім өз бетінше мәтінді оқиды.
Содан кейін топтың біреуі не туралы білгенін түсіндіреді, екіншісі оқылған мәтін бойынша сұрақтар қояды, үшіншісі қорытындылайды. Топтарда талқылау аяқталған соң, түсіндірушілер жаңа топқа біріктіріледі, екінші топқа сұрақ қоюшылар, үшінші топқа қорытушылар біріктіріледі. Жаңа топтарда әркім алдыңғы топта не білгенін кезекпен айтады. Әрбір топ кластер құрады.
Суретті қара.
Кіржуғыш мәшине панеліндегі осы функция бойынша оны "Заттар интернетіне" жатқызуға бола ма? Өз жауабыңды негізде.