Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Мобильді қосымшалар
Мектеп:
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні:
Сыныбы: 11
Қатысқандар:
Келмегендер:
Сабақтың тақырыбы
«Мобильді қосымшаларды әзірлеу» практикумы
Осы сабақта қол жеткізілуі тиіс оқу мақсаттары (оқу программасына сілтеме)
11.4.1.1 конструкторда ыңғайлы мобильді қосымшаның интерфейсін құру;
11.4.1.2 шарттары және циклдарымен кодтардың блоктарын қолдана отырып, мобильді қосымша әзірлеу;
11.4.1.3 әзірленген мобильді қосымшаны қалай орнату керек екенін түсіндіру.
Мобильді қосымшаның конструкторының не екенін біледі; Мобильді қосымшаның конструкторын біледі; Ыңғайлы интерфейс жасайды.
Тілдік мақсаттар
Оқушылар: мобильді қосымшаның конструкторының жұмысын түсіндіре алады.
Пәндік лексика және терминология: юзабилити, мобильді қосымша, мобильді қосымшалардың конструкторы, мобильді қосымшаларды әзірлеу ортасы.
Диалогке/жазуға қажетті сөйлемдер:
қосымшаны орнату үшін …
«Актуальность функционирования» мобильді қосымша конструкторының жұмысы істеуінің өзектілігі ……….
Мен …….. деп ойлаймын/санаймын/сенімдімін.
Құндылықтарға баулу
Бір-бірін құрметтей білу, ынтымақтастық және ашықтық құндылықтарын сіңіру жұппен жұмыс және ұжымдық талқылау арқылы жүзеге асырылады; бұл жұмыс түрі оқушылардың шығармашылық және сыни ойлай білетін бір-біріне мейірімді әрі тіл табыса білетін тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған.
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Қызығушылықты ояту: «Күн! Тас! Қоршау!» ойыны. Ойын оқушылардың зейіні мен қозғалыс жылдамдығын дамытуға бағытталған. Ойын шарты: оқушылар бірнеше топтарға бөлініп отырады. Кезек-кезек балаларға «Күн!», «Тас!», «Қоршау!» атты бұйрықтар беріледі. Сөздердің айтылу ретін үнемі өзгерту қажет. Оқушылар әрбір сөзге қимылмен жауап берулері шарт. Егер «Күн!» деген сөз айтылса, олар алақандарын ашып, саусақтарын тарбитып, қолдарын жоғары көтереді. «Тас!» сөзінде қолдарын түюлі жұдырықтарымен көтереді. «Қоршау!» сөзінде алақандарын ашып, қолдарын көтереді, бірақ саусақтары бір-біріне тығыз жанасып тұруы керек. Ойын жылдамдығы біртіндеп жоғарылауы қажет. Ешбір қате жібермеген топ жеңімпаз атанады.
(Ұ) «Өрмек» тәсілі. Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім бір шүйке жіп береді.
Бір шүйке жіп
Тапсырма: бірінші оқушы жіпті ұстап, мобильді қосымша туралы пайымын айтады да, келесі оқушыға береді, шеңбер бойынша кез келген реттілікпен жіп таусылғанша жалғастырады.
Сабақтың ортасы
(Т) «Мобильді қосымша құру» карточка-
консультациясын жасаңдар
(Ө) Қосымшаны құру бойынша тапсырмаларды орындаңдау
Деңгейлік тапсырмалар