Жаңа материалды меңгеру «Кластер» әдісі
Топтағы оқушылар параграф мәтінін оқып, «Стартап» кластерін жасайды.
Әр топтың спикері өз кластерін қорғайды, қалған
топтар нақтылайтын сұрақтар қояды.
Өзара бағалау. «Екі жұлдыз және бір тілек» Сұрақтар: Startup деген не?
Startup-қа тән негізгі белгілерді атаңдар.
Startup-тың қандай түрлерін білесіңдер?
Қалай ойлайсыңдар, Startup-тың қандай қиындықтары мен мүмкіндіктері бар?
Стартаптың төмендегі кезеңдерінің қандай ерекшеліктері бар екенін белгілеңдер:
Инвесторлар мен коммерциялық серіктестер де табылады.
Seed-«егін егу»
Бұл кезеңде, әдетте, идеяны іске асыру жоспары болмайды.
Прототип
Бұл кезеңде инвесторларды іздей бастау керек.
Альфа-нұсқа
Клиенттермен шарт жасалады, өызметтер мен өнімдердің алғашқы сатылуы іске асады.
Жабық бетанұсқа
Прототип тек негізгі функциялары бар және мінсіз жағдайларда жұмыс істеуге арналған.
Ашық бета-
нұсқа
Осы кезеңде түзетулер енгізіледі және жобаның жұмыс үлгісінің ақаулары жойылады.
№2 тапсырма:Стартап кезеңдерін сәйкестендір. Берілген сипаттамалардың қайсысы стартаптың бастапқы кезеңіне тән екенін анықта: жобада пайдаланушылар саны шектеулі, олардың негізгі міндеті жобаның проблемалық нүктелерін табу.
Pre-seed
Seed-«егін егу»
Прототип
Альфа-нұсқа
Жабық бета-нұсқа
Ашық бета-нұсқа
Дұрыс жауап:_____________________
Қалыптастырушы бағалау: Тапсырма соңында мұғалімнің қорытынды бағалауы «Мадақтау сөздер» әдісі арқылы оқушылардың сабаққа қатысу, тапсырманы орындау деңгейіне қарай жүргізіледі. Жарайсың!, Жақсы!, Талпын!.
талаптарды көрсетіңдер.
3. http://startup.techgarden.kz/сайтының материалын зерттеп, шағын талдау жасаңдар.
Қалыптастырушы бағалау:Тапсырма соңында мұғалімнің қорытынды бағалауы «Мадақтау сөздер» әдісі арқылы оқушылардың сабаққа қатысу, тапсырманы орындау деңгейіне қарай жүргізіледі. Жарайсың!, Жақсы!, Талпын!.
Сабақтың соңы
Рефлексия (Т). «А,В,С» әдісі. А - сұрақ қояды.
В - жауап береді.
С–айтқан жауаптарды бақылайды, толық болмаса толықтырады.
Оқушылар топта үшеуден отырады. А — сұрақ қоюшы, В – жауап беруші, С — бақылаушы рөлін атқарады. Бақылаушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді.
Оқушылар осы сұрақтарға жазбаша стикерге жауап береді. Ұсыныс, тілектерін айтады.
Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
ҚБ: Сабақ соңында мұғалімнің қорытынды бағалауы «Мадақтау сөздер» әдісі арқылы оқушылардың сабаққа қатысу деңгейіне қарай жүргізіледі. Жарайсың!, Жақсы!, Талпын!.
Үй тапсырмасы (қалаулары бойынша) 1.«Неге 10 стартаптың 1-еуі ғана іске асады?»
деген мәселеге шағын зерттеу жүргізіңдер.
«Әр бес жылдағы керемет стартап» деген хронологиялық желі жасаңдар.
«Қазақстандағы IT стартаптар: қиындықтары немесе болашағы?» деген тақырыпта таныстырылым жасаңдар.
Саралау – сіз қалай қолдау жасағыңыз келеді? Өзгелермен салыстырғанда едәуір қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Денсаулықты қорғау және қауіпсіздік техникасын сақтау
Саралау оқушылардың жеке қабілетін ескере отырып, оқу материалдары мен ресурстарын әзірлеуді, тапсырмаларды іріктеуді, күтілетін нәтижені, оқушыларға жеке қолдау көрсетуді (Гарднер көпшілік интеллектісінің теориясы бойынша) қамтуы мүмкін.
Уақытты тиімді қолдана отырып, саралауды сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады.
Бұл бөлімде оқушылардың сабақта нені үйренгені, сабақта пайдаланылған әдістер мен тәсілдер жазылады.
Денсаулықты қорғау технологиялары. Сабақта сергітетін жаттығуларды және белсенді жұмыс түрлерін қолдану. Осы сабақта қолданылатын «Қауіпсіздік техникасы» ережесінің тармақтары.