Рефлексия. (Ж). ««Бір ауыз сөз» әдісі. Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға жапсырады. Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады (оларды тақтаға алдын-ала тақтаға жазып қойған дұрыс): ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым т.б
Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
Бұл бөлімде оқушылардың сабақта нені үйренгені, сабақта пайдаланылған әдістер мен тәсілдер жазылады.
Денсаулықты қорғау технологиялары. Сабақта сергітетін жаттығуларды және белсенді жұмыс түрлерін қолдану.
Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережесінің тармақтары.