Жоғарғы деңгейдегі дағдыларын дамыту «Ақылды үйдің» өзектілігі неде?
Қалай ойлайсыңдар, қай жағдайда «ақылды үйге» сымды, ал қандай жағдайда сымсыз жабдық түрін қолданған тиімді?
Топтық жұмыс Топта мына мәселені қалай шешу керектігін талқылаңдар: көппәтерлі үйдің тұрғындары ақылды үйдің жүйесін орнатпақ болды. оларға қандай құрылғыларды орнатуға кеңес берер едіңдер?
Оқулық
Сабақтың соңы 7 мин.
Рефлексия. «Бес саусақ» әдісі (кері байланыс) Алақандарыңды параққа қойып, айналасын жүргізіп шығыңдар. Әр саусақтың өзіне тән мағынасы бар, соған сәйкес пікірлеріңді білдіріңдер:
Басбармақ: мен үшін маңызды әрі қызықты болғаны ...
Сұқ саусақ: менің бүгін түсінгенім …
Ортаңғы саусақ: мен үшін күрделі болғаны …
Аты жоқ саусақ: менің бағам …, өйткені …
Шынашақ: менің білгім келгені …
Үй тапсырмасы(таңдау бойынша)
1. «Ортаның параметрлеріне жауап беретін «ақылды үй» датчиктері» деген тақырыпта таныстырылым жаса.
«Ақылды үйлердің» болашағы тақырыбына хабарлама жаз.
Жапония мен Қазақстандағы үйді автоматтандыру жүйелеріне талдау жаса.
Саралау: Сіз қалай қолдау жасағыңыз келеді? Өзгелермен салыстырғанда едәуір қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?
Бағалау: Оқушылардың материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Денсаулықты қорғау және қауіпсіздік техникасын сақтау
Саралау оқушылардың жеке қабілетін ескере отырып, оқу материалдары мен ресурстарын әзірлеуді, тапсырмаларды іріктеуді, күтілетін нәтижені, оқушыларға жеке қолдау көрсетуді (Гарднер көпшілік интеллектісінің теориясы бойынша) қамтуы мүмкін.
Уақытты тиімді қолданып, саралауды сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады.
Бұл бөлімде оқушылардың сабақта нені үйренгені, сабақта пайдаланылған әдістер мен тәсілдер жазылады.
Денсаулықты қорғау технологиялары.
Сабақта сергітетін жаттығуларды және белсенді жұмыс түрлерін қолдану.
Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережесінің тармақтары.