Осы сабақта орындалатын оқу мақсаттары (оқу программасына сілтеме)
11.3.4.5 - Blockchain технологиясының мақсаты мен жұмыс қағидасын түсіндіру
Сабақтың мақсаты
Blockchain технологиясының мақсаты мен жұмыс қағидасын түсіндіру.
Бағалау критерийлері
Blockchain дегеннің не екенін біледі;
Blockchain технологияларының мақсаты мен жұмыс істеу қағидаларын түсіндіре алады.
Тілдік мақсаттар
Оқушылар: Blockchain дегеннің не екенін түсіндіре алады.
Сөйлеу/жазу кезінде қолданылатын пайдалы сөз тіркестері:
Цифрландыру кең мағынада … білдіреді.
Цифрлық Қазақстанды дамытудың өзектілігі …
... деп ойлаймын/болжаймын/сенімдімін.
Құндылықтарға баулу
“Мәңгілік ел” идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады.
Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым-қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады.
Академиялық адалдық: өзгелердің идеялары мен ойларын құрметтейді, яғни академиялық адалдық қағидаларын сақтайды.
Өмір бойы оқу, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады.