Өзіңе Қазақстанда қолданатын қандай чат-боттар белгілі?
Жұптық жұмыс. №1 тапсырма: Сөздің тар мағынасында цифрландыру нені білдіреді?
Ақпаратты сандық түрге түрлендіруге және экономикалық тиімділік пен өмір сүру сапасын жақсартуға әкеледі.
Географиялық бөлінген ақпараттық ресурстарды біріктіретін телекоммуникациялық инфрақұрылымды құруға және дамытуға бағы талған процесс.
Ақпараттық ресурстарға жедел қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені.
Қоғам мен адам өмірінің барлық саласына ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану.
Топтық жұмыс. Әр топтың оқушыларына оқулық, мұғалім дайындаған мәтін, бейнефрагменті бар дербес компьютер сияқты әртүрлі ақпарат көздерін қолданып тақырып материалымен танысу ұсынылады. Содан кейін топтық жұмыс барысында ақпарат жазылған постер дайындайды.
Тұжырымдар:
"Цифрлық Қазақстан" программасының кем дегенде 5 аспектісі сипатталады.
Олардың мағынасы түсіндіріледі.
Цифрландыру процесінің заманауи үдерістеріне талдау жасалады.
Қолдану Digitalкz.кz интернет ресурстарын ашып, "Цифрлық Қазақстан" программасының негізгі бағыттарын табыңдар.
Әр бағыт үшін қандай мәселелер шешіліп жатқанын түсіндіріңдер.