Жоба тақырыптары
Цифрландыру әлемдік экономиканың тренді ретінде.
Блокчейн технологиясы – жаңа технологиялық революция.
Хеш-функция блокчейннің басты құрамаларының бірі ретінде.
Криптовалюталар – пайда болу тарихы, перспективасы, тәуекелдері.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясат негіздері.
Дербес мәліметтерді өңдеу кезінде пайда болатын құқықтық қатынастар.
Ақпараттық-құқықтық нормалар мен ақпараттық құқықтық қатынастар.
ЭЦҚ-да қолданылатын алгоритмдер.
ЕGov порталы. Жасалу жолы, мүмкіндіктері, перспективасы.
Жобаны бағалау критерийлерін құру (критерийлер оқушылармен бірге жасалады).
Жобалық жұмыстарды бағалау критерийлері
(олар сыныпта талқылау барысында өзгертілуі мүмкін және жобаны қорғау алдында түпкілікті бекітілуі тиіс)
Материалдардың тақырыпқа сәйкестігі, құрылымы, тақырыпты толық ашуы.
Жобаны таныстыру (жұмыс кезеңдерін сипаттау, таңдауды ынталандыру, техникалық құралдарды сипаттау, өз жұмысын талдау).
Шешендік шеберлігі, топта сөз сөйлегенде үйлесімділігі, қосымша безендірудің болуы.
Программалық өнім интерфейсі.
Жобаны орындаудың дербестік деңгейі.
Жоба тақырыбының өзектілігі мен құндылығы.
Тақырыпты толық ашу деңгейі.
Жоба проблемасын шешу үшін қандай да бір қосымшаларды қолданудың орындылығы.
Жобаның мазмұнын ашудағы нақтылық пен ықшамдылық деңгейі.
Ойлануға берілген белгілі бір уақыттан кейін, оқушылар жобаның атауын, мақсаттары мен міндеттерін айтады, жобаға қойылар идеяны негіздейді. Жобаның ақпараттық картасын толтыруды ұсынуға болады.
ДК бойынша жеке жұмыс Жобамен жұмыс
Жобаны қорғауға даярлану.
|