Информатика әдістемелік нұСҚАУ



бет160/161
Дата06.12.2022
өлшемі1,05 Mb.
#55094
түріПрограмма
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   161
Жобаны қорғау

Жобамен жұмыс бойынша кумулятивті сұхбат.


Әр оқушы немесе топ (егер жобаны бірнеше оқушы бірігіп жасаған болса) өз жобасын қорғайды. Жобаны қорғау үшін оппоненттер тағайындалады, параллель сыныптың озық оқушылары, информатика пәнінің мұғалімі немесе шақырылған қонақтар, ата-аналар оппонент бола алады.


Жобаны бағалау
Мұғалімнің сұрақтары:

  1. Жобамен жұмыс жасау барысында жаңадан не үйрендің?

  2. Жоба тапсырмсыа сен үшін өте қиын немесе өте оңай болды ма?

  3. Жобаны орындауға қанша уақытыңды жұмсадың?

  4. Жобаны жалғыз өзің жасадың ба әлде топпен бірге ме?

  5. Жобаны қорғау күрделі болды ма?

  6. Басқа жобалардың қорғалуын тыңдау қызықты болды ма?




Сабақтың соңы 7 мин.

Рефлексия
Текшенің қырларында сөйлемдердің басы жазылған. Әр оқушы қолына берілген текше қырындағы сөйлемді жалғастырады. Сөйлемдер:

  • Менің таңғалғаным ...

  • Менің ... көзім жетті.

  • Мен ... түсіндім.

  • Мен мынандай шешім қабылдадым ...

  • Мені қызықтырғаны ...



Үйге тапсырма
Жобаны аяқтау жұмысын жасап, қорғауға дайындалу.




Саралау: Сіз қалай қолдау жасағыңыз келеді? Өзгелермен салыстырғанда едәуір қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау: Оқушылардың материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулықты қорғау және қауіпсіздік техникасын сақтау

Саралау оқушылардың жеке қабілетін ескере отырып, оқу материалдары мен ресурстарын әзірлеуді, тапсырмаларды іріктеуді, күтілетін нәтижені, оқушыларға жеке қолдау көрсетуді (Гарднер көпшілік интеллектісінің теориясы бойынша) қамтуы мүмкін. Уақытты тиімді қолданып, саралауды сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақта нені үйренгені, сабақта пайдаланылған әдістер мен тәсілдер жазылады.

Денсаулықты қорғау технологиялары. Сабақта сергітетін жаттығуларды және белсенді жұмыс түрлерін қолдану.
Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережесінің тармақтары.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет