Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Қызығушылықты ояту: «Жағымды тілектер алқасы» ойыны. Алдын ала топтағы оқушы санына сай ұзын (70 см) және көбірек түрлі-түсті қысқа (10 см) жіптер дайындалады. Жағымды әуен арқылы барлық қатысушылар бір шеңберге топтасады. Мұғалім қолындағы жіптерді көрсетіп: «Менің қолымда түрлі-түсті, ұзын-қысқа жіптер бар. Шын мәнінде, бұлар жай жіптер емес, біздің шығармашылығымыздың ұшқындары. Аңызға сүйенсек, егер таза жүректі адамдар бір жерге жиналса, бұл ұшқынды әдемі алқаға айналдырады екен. Қазір ұзын жіптерді әрқайсың алып, өз мойындарыңа тағып, ұшын байлауларыңды сұраймын. Содан соң түрлі- түсті қысқа жіптен алып бір-біріңнің мойындарыңдағы алқаға жағымды тілек айтып байласаңдар. Осылайша қысқа жіптер алқамыздың моншақтарына айналады.» Барлығы байлап болған соң, осы күннен естелік ретінде сақтап қою ұсынылады. /Бұл ойын оқушыларға жағымды көңіл күй сыйлайды/.
(Ұ). Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі. Мұғалім өткен сабақпен жаңа сабақты ұштастыру мақсатында оқушыларға сұрақтар қояды. Оқушылар ұжымдық үлгіде жауап береді. Егер сұраққа жауап дұрыс айтылмаса мұғалім дұрыс жауапқа бағыттап дұрыс жауабын табуға көмектеседі.
Мобильді қосымша қандай болуы тиіс?
Мобильді қосымша интерфейсіне қойылатын талаптар қандай? Оқушылар осы тармақтан сабақтың мақсатын құрастыруы керек.
– Usable сын есімінен шыққан usability сөзі «қолдану ыңғайлы, ыңғайлылық деңгейі және оңай қолдану» деп аударылады. Бірақ
IT-саласының көптеген терминдері сияқты белгілі бір уақыттан бастап оны кірме сөз ретінде қолдана бастады.
Юзабилити – сайтты қолдану ыңғайлылығы, оның тапсырмасын
қолданушыға ыңғайлы және түсінікті болатындай етіп жасау, сонымен қатар қолданушының қызығушылығын арттыру.