Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: 4-бөлім. Заттар интернеті
Мектеп:
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 11
Қатысқандар:
Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы
Мобильді қосымшаны орнату
Осы сабақта орындалатын оқу мақсаттары (оқу программасына сілтеме)
1 - конструкторда ыңғайлы мобильдік қосымшасының интерфейсін құру
- кодтың блоктарымен және циклддерімен мобильді қосымшаны жасау
- әзірленген мобильді қосымшаны орнату жолын түсіндіру
Сабақтың мақсаты
Шарттары және циклдері бар кодблоктарын қолданып, мобильді қосымша орнату.
Бағалау критерийлері
Мобильді қосымшалар конструкторының не екенін біледі; конструктор интерфейсіне бағдарланады Мобильді қосымшаны орнатады.
Тілдік мақсаттар
Оқушылар: мобильді қосымшалар конструкторының жұмысын түсіндіре алады.
Пәнге қатысты сөздер қоры және терминология: юзабилити, мобильді қосымша, мобильді қосымшалар конструкторы, мобильді қосымшаларды әзірлеу ортасы
Сөйлеу/жазу кезінде қолданылатын пайдалы сөз тіркестері:
мобильді қосымшалар конструкторының интерфейсі …
мобильді қосымшалар конструкторы қызметінің өзектілігі …
... деп ойлаймын/болжаймын/сенімдімін.
Құндылықтарға баулу
“Мәңгілік ел” идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады.
Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым-қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады.
Академиялық адалдық: өзгелердің идеялары мен ойларын құрметтейді, яғни академиялық адалдық қағидаларын сақтайды.
Өмір бойы оқу, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады.