Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Қызығушылықты ояту: «Арқаға сурет салу» ойыны. Бұл ойында барлық әрекеттерді үнсіз жасау керек. Оқушылар екі топқа бөлініп, бірінің артынан екіншісі тұрып, сап түзейді. Мұғалім ең артында тұрған оқушыларға бір заттың атауы жазылған қағаз ұсынады (мәселен, алма, алмұрт, жүзім, гүл, кітап, ағаш,автомашина т.б). Тапсырма: соңында тұрған
оқушы үндемей, алдында тұрған оқушының арқасына әлгі заттың суретін саусағымен салады.
Арқасына сурет салынған оқушы алдында тұрғанның арқасына өзінің арқасына салынған затты салады. Суреттер салынып біткеннен кейін мұғалім соңғы оқушыдан арқасына салынған заттың атын сұрап, оны қағазда жазылғанмен салыстырады. /Бұл ойын оқушыларға жағымды көңіл күй сыйлайды/.
(Ұ). Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі. Мұғалім өткен сабақпен жаңа сабақты ұштастыру мақсатында оқушыларға сұрақтар қояды. Оқушылар ұжымдық үлгіде жауап береді. Егер сұраққа жауап дұрыс айтылмаса мұғалім дұрыс жауапқа бағыттап дұрыс жауабын табуға көмектеседі.
Өз мобильді қосымшаңды орнату үшін не керек?
Мобильді қосымшаны орнатуға қойылатын талаптар қандай? Осы тармақтан оқушылар сабақтың мақсатын қалыптастыруы тиіс.