Ұзақмерзімді жоспар бөлімі:
4-бөлім. Заттар интернеті
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 11
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
«Мобильді қосымшаны әзірлеу» практикумы
|
Осы сабақта орындалатын оқу мақсаттары (оқу программасына сілтеме)
|
11.4.1.3 - әзірленген мобильді қосымшаны орнату жолын түсіндіру
|
Сабақтың мақсаты
|
Әзірленген мобильді қосымша орнату.
|
Бағалау критерийлері
|
Мобильді қосымшалар конструкторының не екенін біледі; конструктор интерфейсіне бағдарланады. Мобильді қосымшаны орнатады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар: мобильді қосымшалар конструкторының жұмысын түсіндіре алады.
Пәнге қатысты сөздер қоры және терминология: юзабилити, мобильді қосымша, мобильді қосымшалар конструкторы, мобильді қосымшаларды әзірлеу ортасы
Сөйлеу/жазу кезінде қолданылатын пайдалы сөз тіркестері:
мобильді қосымшалар конструкторының интерфейсі …
мобильді қосымшалар конструкторы қызметінің өзектілігі …
... деп ойлаймын/болжаймын/сенімдімін.
|
|