Информатика әдістемелік нұСҚАУ


Сабақ мақсаттарын хабарлау



бет134/161
Дата06.12.2022
өлшемі1,05 Mb.
#55094
түріПрограмма
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   161
Сабақ мақсаттарын хабарлау:

  • ақпаратты және интеллектуалды меншікті не үшін қорғауды;

  • ақпарат және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қатынастарды қандай заңдар реттейтінін білетін боласыңдар.

Жаңа материалды меңгеру
–Қызмет көрсету салаларын цифрландыруға көшірудің тек артықшылықтары ғана болмайды. Белгілі бір қиындықтар да бар. Маңызды мәселелердің бірі – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Қызмет көрсету салаларын цифрландыруға байланысты ақпараттық қауіпсіздік үшін негізгі









тәуекелдерді атаңдар.
Ақпараттық қауіпсіздік деген не? Ақпараттық қауіпсіздіктің қандай негізгі ұғымдарын білесің?


Оқулықпен жұмыс
Оқушылар НМШЖ әдісін қолданып, оқулықтағы мәтінді оқып шығады.
Н – негізгі ойлар (мәтінді оқып, сұраққа жауап беру, мәтіннің негізгі ойын анықтау).
М – мұқият оқу (қайтадан мұқият оқып шығу, толық ақпараттың негізгі оймен үйлесуі). Ш – шолу жасау (бар біліммен қатар салыстыра байланыстыру).
Ж – жетілдіру (мәтін жадысы бойынша қайталау, толық қарап шығу: Нені жіберіп алдыңыз? Бұл қалай орын алды?).


Білу және түсіну

  1. Ақпараттық қауіпсіздік деген не?

  2. Ақпараттық қауіпсіздікке төндіретін ең басты қауіптерді ата.

  3. Ақпараттардың мемлекеттік қорғау жүйесінің негізгі міндеттерін ата.

  4. Ақпараттарды қорғау үшін қандай нормативті-құқықтық құжаттар қолданылады?



Қолдану
1. Нақты жағдаяттарды оқы, талда және қандай жағдайда азаматтардың ақпараттар бойынша құқықтары бұзылады?

  • сынып жетекшісі ұсынған сауалнамада ата-аналарға қатысты сұрақтар бар: «Тегі, аты, әкесінің аты, үйдің мекенжайы, телефон номері, сотталғаны туралы анықтама, күнкөріс қаражатының көзі, саяси партияларға мүше болуы».

  • Дүкеннің зергерлік бөліміне жұмысқа қабылдау барысында жұмыс беруші жұмысқа орналасуға келген кондидаттан тиісті мемлекеттік органдардан сотталғандық туралы анықтама, кредиттерінің саны, басқа кіріс көзі туралы деректер, салық деклорациясын талап етті.

  • Тергеу барысында экономикалық қылмыс жасаған К. деген азамат жұбайының кірісі туралы ақпаратты хабарлаудан бас тартты.

  • Мәжіліс депутатынан оның отбасы мүшелерінің өткен жыл бойынша кірістері, сондай-ақ бір жылғы кірістерінің шамасынан асып кеткен шығындары және оларды алу көзі туралы мәліметтер талап етілді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет