Информатика әдістемелік нұСҚАУ


Ұзақмерзімді жоспар бөлімі



бет27/161
Дата06.12.2022
өлшемі1,05 Mb.
#55094
түріПрограмма
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   161
Байланысты:
Информатика дістемелік н С АУ

Ұзақмерзімді жоспар бөлімі:
1-бөлім. Жасанды интеллект

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Нейрондық желілерді жіктеу




Осы сабақта орындалатын оқу мақсаттары (оқу программасына сілтеме)

        1. - мәшинелік оқыту қағидалары, нейрондық желілерді (нейрондар мен синапстарды) түсіндіру

        2. - өнеркәсіпте, білім беруде, ойын индустриясында, қоғамда жасанды интеллект қолдану саласын сипаттау

11.3.4.4 - жасанды интеллектіні әзірлеуде «мұғаліммен оқыту» әдісін қолдану ауқымын сипаттау

Сабақтың мақсаты

Мәшинелік оқыту қағидалары, нейрондық желілерді (нейрондар мен синапстарды) түсіндіру; жасанды интеллектіні әзірлеуде «Мұғаліммен оқыту» әдісін қолдану ауқымын сипаттау.

Бағалау критерийлері

Нейрондық желілердің жіктелуін (классификациясын) біледі; Нейрондық желінің жұмыс істеу қағидаларын түсіндіре алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: мәшинелік оқыту, нейрондық желінің жіктелу қағидаларын түсіндіре алады.
Пәнге қатысты сөздер қоры және терминология: синапс, өлшенген сома, белсендіру функциясы, жеке секіру функциясы, сигмоидтік функция, логистикалық функция, орташа квадраттық қате, орташа квадраттық ауытқу.
Сөйлеу/жазу кезінде қолданылатын пайдалы сөз тіркестері:

  • нейрондық желілер жіктелімі бойынша … .

  • нейрондық желілердің қағидалары – … .

  • нейрондық желілерді қолдану мысалдары – … .

  • ... деп ойлаймын/болжаймын/сенемін.

Құндылықтарға баулу

  1. “Мәңгілік ел” идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады.

  2. Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым-қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады.

  3. Академиялық адалдық: өзгелердің идеялары мен ойларын құрметтейді, яғни академиялық адалдық қағидаларын сақтайды.

  4. Өмір бойы оқу, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады.

Пәнаралық байланыс

Математика

Алдыңғы білім

Нейрондық желілер



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет