Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім. Жасанды интеллект
Мектеп:
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 11
Қатысқандар:
Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы
Нейрондық желілерді жіктеу
Осы сабақта орындалатын оқу мақсаттары (оқу программасына сілтеме)
- мәшинелік оқыту қағидалары, нейрондық желілерді (нейрондар мен синапстарды) түсіндіру
- өнеркәсіпте, білім беруде, ойын индустриясында, қоғамда жасанды интеллект қолдану саласын сипаттау
11.3.4.4 - жасанды интеллектіні әзірлеуде «мұғаліммен оқыту» әдісін қолдану ауқымын сипаттау
Сабақтың мақсаты
Мәшинелік оқыту қағидалары, нейрондық желілерді (нейрондар мен синапстарды) түсіндіру; жасанды интеллектіні әзірлеуде «Мұғаліммен оқыту» әдісін қолдану ауқымын сипаттау.
Бағалау критерийлері
Нейрондық желілердің жіктелуін (классификациясын) біледі; Нейрондық желінің жұмыс істеу қағидаларын түсіндіре алады.
Тілдік мақсаттар
Оқушылар: мәшинелік оқыту, нейрондық желінің жіктелу қағидаларын түсіндіре алады.
Пәнге қатысты сөздер қоры және терминология: синапс, өлшенген сома, белсендіру функциясы, жеке секіру функциясы, сигмоидтік функция, логистикалық функция, орташа квадраттық қате, орташа квадраттық ауытқу.
Сөйлеу/жазу кезінде қолданылатын пайдалы сөз тіркестері:
нейрондық желілер жіктелімі бойынша … .
нейрондық желілердің қағидалары – … .
нейрондық желілерді қолдану мысалдары – … .
... деп ойлаймын/болжаймын/сенемін.
Құндылықтарға баулу
“Мәңгілік ел” идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады.
Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым-қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады.
Академиялық адалдық: өзгелердің идеялары мен ойларын құрметтейді, яғни академиялық адалдық қағидаларын сақтайды.
Өмір бойы оқу, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады.