ЖНЖ қолданылатын негізгі белсендіру функциясына … жатады.
Нейрондық желінің қағидалары – … .
Нейрондық желілерді қолданудың мысалдары – … .
... деп ойлаймын/болжаймын/сенемін.
Құндылықтарға баулу
“Мәңгілік ел” идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады.
Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым-қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады.
Академиялық адалдық: өзгелердің идеялары мен ойларын құрметтейді, яғни академиялық адалдық қағидаларын сақтайды.
Өмір бойы оқу, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады.
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Қызығушылықты ояту: «Егер ..., онда не болар еді?» әдісі. Оқушылардың бірі жүйрік қиялмен бір ситуация айтады, қалғандары соның шешімін тауып жалғастыру керек. Мысалы, «Егер әрбір адам дүниеге келе сала басқалардың ойын оқи алатын болса, онда Жер бетінде не өзгеріс болареді?» «Егер Жердің тартылыс күші жоғалып кетсе, онда ...» «Егер барлық адам сөйлеу қабілетінен айрылып қалса, онда» Бұл тәсіл оқушылардың қиялын дамытып, мидың ойлау белсенділігін арттырады және оқушыларға псиологиялық жағымды ахуал туғызады.