Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Қызығушылықты ояту: «Жаңалық ашамыз» ойыны. Заттардың негізгі қасиеттерімен қоса қосалқы қасиеттерін ашу үшін тапсырма беріледі. Бұл таптаурын болған ойдан арылу, айналаға сын көзбен қарау, жаңалық ашуға ұмтылу үшін керек.
Мысалы, «Сіріңке жанып, жарық беріп қана қоймайды, бір жағынан салмағы мен ұзындығын жоғалтады; су – сұйық, бірақ оны қатырған кезде, құрылыс материалы ретінде қолдануға болады (мұз қала салу) т.с.с.
Оқушыларға қарапайым заттардың өзгеше қасиеттерін ашу тапсырылады. Мысалы, полиэтиленді қақпақ, қаламсаптың пайданылған өзекшесі, шеге, балмұздақ т.с.с.
Бұл тапсырма талантты және дарынды балалардың қабілетін ашуға көмектеседі.
(Ұ). Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі. Мұғалім өткен сабақпен жаңа сабақты ұштастыру мақсатында оқушыларға сұрақтар қояды. Оқушылар ұжымдық үлгіде жалпылама жауап береді. Егер сұраққа жауап дұрыс айтылмаса, мұғалім дұрыс жауапқа бағыттап дұрыс жауабын табуға көмектеседі.
Назарбаев университетіне виртуалдық тур.
- Осы тур бойынша не айта аласың?
- Қандай ерекшеліктерді аңғардың?
- Егер саған мектебіміз бойынша тур жасау ұсынылса, жұмысыңды неден бастар едің? Сабақ тақырыбын қорытындылау.
Сабақтың ортасы 26 мин.
Педагог бүгінгі сабақтың мақсаттарымен таныстырады:
– 3D панорама мен виртуалды турды хотспоттарымен бірге құруды үйренесіңдер.
Оқулықпен жұмыс. Жеке жұмыс Оқушылар оқулық материалын зерделейді. Материалды ұжымдық талқылау.
Практикалық жұмыс Хотспот жасау үшін, Блокнотты ашып, келесі программалық код жаса:
Оқушыларға көзге арналған жаттығуларды жасату.
Мектеп бойынша виртуалды тур жасау
Компьютер Оқулық Фотосурет шығару құрылғысы
Мектеп бойынша тур папкасын жасау.
Алдын ала жасалған мектеп холы, кітапхана, асхана, бір кабинеттің сфералық панорамасы бойынша freeDEXpano GUL программасында панорама жаса.
Барлық жасалған панораманы осы папкада сақта.
freeDEXpano GUL файлы атауын умолчание бойынша жасалған Холл, Кітапхана, Асхана, Кабинет атауына өзгерту. Осы атауларды XML баптауындағы файлдарына беру керек.
Панорама бейнеленген файлдарды Images папкасында, осы аттас папкаларға сақтау керек. Суреті оқулықта берілген.
Суреттерімен панорама файлдарын сақтау тиімді, мысалы, х_ front.jpg (для холла), k_front.jpg ( кабинет үшін), s_front.jpg (асхана үшін) және b_front.jpg (кітапхана үшін). Бұны XML файлындағы баптауларын өзгерткен кезде жасау керек.