Ұзақмерзімді жоспар бөлімі:
2-бөлім. 3D модельдеу
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 11
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
«Мектеп бойынша виртуалды тур құру» практикумы
(1-сабақ)
|
|
Осы сабақта орындалатын
оқу мақсаттары (оқу программасына сілтеме)
|
- виртуалды және кеңейтілген шынайылықтың психикалық және физикалық денсаулыққа әсері туралы айту
- бірінші тұлға көрінісі бар 3D панорама жасау (виртуалды тур)
|
Сабақтың мақсаты
|
Бірінші тұлға көрінісі бар 3D панорама жасау (виртуалды тур).
|
Бағалау критерийлері
|
Виртуалды турдың, 3D панораманың не екенін біледі;
Виртуалды тур және 3D панораманы жасауға арналған программалық қамтамасыз етілімді таңдай алады; Программалық қамтамасыз етілімді қолданып, 3D панорама мен виртуалды турды құруды үйренеді.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар: 3D панораманың ерекшеліктері туралы айтып бере алады.
Пәнге қатысты сөздер қоры және терминология: хотспот, панорамалық фотосурет, сфералық панорама, 3D панорама, виртуалды тур
Сөйлеу/жазу кезінде қолданылатын пайдалы сөз тіркестері:
Виртуалды тур жасау үшін …
Сфералық 3D панораманың артықшылықтары …
... деп ойлаймын/болжаймын/сенімдімін.
|
Құндылықтарға баулу
|
“Мәңгілік ел” идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады.
Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым-қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады.
Академиялық адалдық: өзгелердің идеялары мен ойларын құрметтейді, яғни академиялық адалдық қағидаларын сақтайды.
Өмір бойы оқу, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады.
|
Пәнаралық байланыс
|
Математика, география, бейнелеу өнері
|
Алдыңғы білім
|
Виртуалды тур және 3D панорама
|
Сабақтың барысы
|