Информатика институты



Дата06.04.2023
өлшемі85,84 Kb.
#79894
Байланысты:
Жумабай Ақмөр 7


АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


МАТЕМАТИКА ,ФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА ИНСТИТУТЫ









2 – КУРС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАРҒА АРНАЛҒАН 
ОҚУ ПРАКТИКАСЫНЫҢ КҮНДЕЛІГІ
 






Студент-практиканттың аты-жөні: Жумабай Ақмөр
Оқу орнының атауы: Абай атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Институты: Математика, физика және информатика институты
Мамандығы: Физика пәнінің мұғалімі
Курсы, тобы: 2-курс ФОК212
Психолог-әдіскер: Сәлмеке Салтанат Аманқызы


1. Зейінді диагностикалауға арналған әдістемелер.
2. Зейіннің шоғырлануына арналған әдістемелер.
3. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың зейін ерекшеліктері.
4. Зейіннің таңдамалылығын анықтауға арналған әдістемелер.




Зейінді диагностикалауға арналған әдістемелер.


Әдістеме атауы: Пьерон-Рузер тестінің бланкісі бойынша әдістеме
Мақсаты: Зейіннің бөлінуі мен ауысуын анықтау 
Шарты: Білім алушыға әртүрлі пішіндер салынған матрица ұсынылады. Оқушы сол матрица ішінен ұқсас фигуралар тауып сызып тастайды. Тапсырманы орындауға 3-5 минут уақыт беріледі.

Әдістеме атауы: Пішіндер
Мақсаты: Зейіннің диагностикалануы
Щарты: Суреттегі геометриялық пішіндерге, яғни шаршы, үшбұрыш, дөңгелек, ромбтардың әрқайсысына суреттің жоғарғы жағында үлгіде көрсетілген тиісті белгілерді қойып шығу керек. Жұмыс уақыты 2 минут.





Зейіннің шоғырлануына арналған әдістемелер.


Әдістеме атауы: «Сандарды орналастыр»
Мақсаты: зейіннің өнімділігін анықтау және зейінді дамыту
Шарты: Тор көздерде орналасқан сандарды бос тор көздері бар кестеге өсу ретімен орналастырып жазу қажет.
Жұмысты орындауға 2-3 минут уақыт беріледі.




Бастауыш мектеп жасындағы балалардың зейін ерекшеліктері.


Зейін — адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате Мектепке дейінгі шақта балалар іс-әрекетінің күрделенуіне жалпы ақыл-ой дамуының ілгерілеуіне байланысты зейін күшті шоғырланып, тұрақтылыққа ие болады. Мысалы, мектепке дейінгі кішкентайлар бір ойынды 30-50 минут ойнайтын болса, бес-алты жасқа жеткенде ойынның ұзақтығы бір жарым сағатқа дейін созылады. Мұны ойында адамдардың күрделірек іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарының бейнеленуімен және ойынға үнемі енгізілетін жаңа ахуалдарды қолдау табуымен түсіндіруге болады. Балалар суреттерді көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда зейін тұрақтылығы арта түседі. Мысалы, мектепке дейінгі шақтың соңында суретті көру ұзақтығы екі есе артады, мектепке дейінгі кішкентайға қарағанда алты жасар бала суретті жақсырақ түсінеді, оның өзіне қызықты жақтары мен егжей-тегжейлерін бөліп алады.
Бірақ мектепке дейінгі шақта зейіннің негізгі өзгеруі баланың алғаш рет өз зейінін меңгере білуінде, оны саналы түрде белгілі заттарға, құбылыстарға бағыттай білуінде және кейбір тәсілдерді пайдалана отырып,соларға зейін қоя білуінде. Ықтиярлы зейіннің бастамалары баланың жеке басынан тыс жатыр. Бұл ықтиярсыз зейіннің өздігінен ықтиярлы зейіннен пайда болуына әкеліп соқпайтындығын көрсетеді. жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады.




Зейіннің таңдамалылығын анықтауға арналған әдістемелер.


Әдістеме атауы: «Мені ұқсат»
Мақсаты: Зейінді дамыту
Шарты: Оқушы заттың формасы бойынша ұқсас пішінді табады. Суреттегі заттардың пішініне қарап, қандай геометриялық фигураға ұқсайтынын айту керек. Мысалы: дөңгелек-сағат. Орындау уақыты: 1,5 минут

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет