Информатика курсының бағдарламалық қамтамасыздандыруы



Дата21.12.2022
өлшемі191,41 Kb.
#58865
түріПрограмма
Байланысты:
лекция 8

Информатика курсының бағдарламалық қамтамасыздандыруы.

Мектеп информатикасы информатика ғылымының бір саласы ретінде, мектептегі оқу үрдісінде пайдаланылатын ЭЕМ-ді бағдарламалық (программалық), техникалық, оқу-әдістемелік және ұйымдастырушылық жақтары бойынша қамтамасыз етуді зерттейтін сала ретінде қарастырылады. Мектеп информатикасын бағдарламалық қамтамасыз ету орта мектептің ақпараттық, басқару және оқыту жүйелерін қамтиды, оның құрамында осы жүйелерді жобалауға арналған сериялық құралдар бар. Мектептегі иинформатика курсын программалық қамтамасыз етуге арналған жалпы програмалардың тізімін келтірейік. Бұл қазіргі мектепте пайдаланып жатқан программалар: 1. Мектеп ЭЕМ-сын негізгі программалық қамтамасыз ету (операциялық жүйе, файлдық жүйе, графикалық жүйе, текстік редакторлар). 2. Стандартты програмалар кітапханасымен және программаны байқау жүйесімен жабдықталған программалау тілі. 3. Клавиатуралық тренажер. 4. Текстік редактор (Word) 5. Графикалық редактор (Paint, PhotoShop) 6. Мектептік алгоритмдік тілдің интерпреторы. 7. Мәліметтер қоры (MS Access)


8. Электрондық кестелерді өңдеу жүйесі (Excel).
9. ЭЕМ –мен алғашқы танысуға арналған программалық пакет.
10. Нақты бекітілген командалар жүйесі бар және белгілі бір ортада жұмыс істей алатын орындаушылар тобы.
11. Көмекші алгоритмдер кітапханасы.
12. ЭЕМ-ның және оның құрылғыларының жұмысын сипаттайтын программалар пакеті.
13. Мектептегі математика және физика курстарының тақырыптарын сипаттайтын программалар пакеті .
14. Мәліметердің типтік құрылымдарының программалық моделі
15. Автоматты түрде есеп шығаратын оқу пакеті (Mathcad).
16. Оқу роботтарын басқаруға арналған программалар пакеті.
17. ЭЕМ-ның қолдануларын көрсетуге арналған демонстрациялық пакет.
Бұл көрсетілген программалар тізімі курс программасының мазмұнының маңызды бөлімдерінің негізгі тақырыптарын қамтиды. Түрлі тексеретін, оқытатын программалардың, курстың бөлімдері бойынша ақпараттық анықтамалық жүйелер және оқу процесін белсендіруге арналған барлық басқа құралдардың жасалуы информатика курсын программалық қамтамасыз етуді кең көлемде дамытуға мүмкіндік береді.
Мектеп информатикасы курсының техникалық базасының мазмұны, құрылымының өзгеруіне қарай, бағдарламалық қамтамасыз етуде дамып, жетілдіріліп отырады.
Педагогикалық программалық құралдар (ППҚ)-курстың белгілі бір тақырыбын оқытуды және оқушылардың оқу программасында көрсетілген, практикалық дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Педагогикалық программалық құралдар: демонстрациялық, жаттықтырушы, бақылаушы, компьютерлік оқу орталары болып бөлінеді.
Мектептегі информатика курсында қолданылатын ППҚ жасау мен оны пайдалану жайында бірқатар ғылыми жұмыстар жүргізілуде.
Программалық құралдарды жасаудағы қазіргі үрдіс инструментальдық құралдардың көптеп таралуымен сипатталады. Білім беру жүйесінде дидактикалық мақсатта пайдаланылатын инструментальдық программалық құралдар (ИПҚ) қолданылады.
Мұндай программалық құралдар оқыту программаларын құруды немесе пәндік мазмұны жоқ оқу ортасын сүйемелеуді қамтамасыз етеді. Аталған инстументальдық құралдар информатиканы оқытуды сүйемелдеу үшін де пайдаланылады, сондай-ақ, курсты программалық қамтамасыз етудің құрамдас бөлігі болып табылады.
Шартты түрде инстументальдық құралдар: оқытушыға және оқушыға арналған болып екіге бөлінеді. Өйткені кез-келген оқыту құралын мақсаты оқушыға әсер ету, бұған алдын-ала дайындықтың қажеті жоқ. Ал оқытушыға арналған инстументальдық программалық құралдар оны оқытуға дайындау үшін педагогтан алдын ала дайындалуды талап етеді. Оқытушының инстументальдық программалық құралдарына: программалау тілдерінің орталары, жергілікті желіні сүйемелдеу құралдары жатады.
Демонстрациялық педагогикалық программалық құралдарға: мәтіндік және графиктік редакторлар, презентациялар жасауға арналған программалар жатады.
Программалау тілдерінің орталарын оқытушы информатика сабағында оқушыларға программалау негіздерін үйрету үшін пайдаланады. Мұғалімнің программалау тілдерінде оқыту программаларын жазуға мүмкіндігі бар. Сондықтан программалау тілдерінің орталарын мұғалімнің инструментальдық программалық құралына жатқызуға болады.
Программалау тілдерінің орталары – бұл біріншіден, программалауға үйрету, екіншіден, оқу процесін сүйемелдейтін оқыту программаларын құратын орта болып табылады. Оқушылар программалау тіл ортасында жұмыс істей отырып, программалаудың қарапайым дағдыларын меңгереді, оқушылар үшін тіл орталары бір мезгілде әрі оқыту құралы, әрі оқу объектісі болады. Оқыту орталарының негізін салған Сеймур Пейперт. Оның идеясының негізінде 1968-69 жылдары ЛОГО оқыту ортасы құрылды, ол орта төменгі сынып оқушыларына арналған. Негізгі мақсаты – балалардың ойлау стилін қалыптастыру, программалауға үйрету.
Бақылауға арналған программалар сұрауды қорытындысымен шығаруды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бақылауға арналған ИПҚ-дар негізінде жасалған программамен жұмыс істей отырып, оқушылар тек өзіне ұсынылған сұрақтарға жауап береді.
Мұндай жұмысты сыныптағы бақылау немесе сынақ жұмысын жүргізумен салыстыруға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет