Информатика пә



бет51/60
Дата10.12.2023
өлшемі1,41 Mb.
#136082
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   60
Байланысты:
МК-Лекция

4 Графикалық редакторлар
Графикалық редактор — компьютер көмегімен екі өлшемді және үш
өлшемді кескіндерді құру және редактірлеуді мүмкіндейтін бағдарлама (немесе бағдарламалар пакеті).
Графикалық редакторлар түрлері:
 Растрлік графикалық редакторлар. Ең таралғандары: Adobe Photoshop.AutoCad.
 Векторлық графикалық редакторлар. Ең таралғандары: Adobe Illustrator, Corel Draw, Macromedia Free Hand. Барлық графикалық редакторлардың функциялары шамамен бірдей (қарапайым графикалық редакторлардың бірі
IBM-үйлесімді компьютерлер үшін — Paintbrush). Олар пайдаланушыға келесі мүмкіндіктерді береді:
графикалық қарапайым объектілерден суреттер жасау;
 сурет салу үшін әр түрлі түстерді және қылқаламдарды қолдану(яғни, әр түрлі ені және конфигурациясы бар сызықтарды қолдану);
суреттерді немесе олардың бөліктерін «қиып алу», оларды буферде
(«қалтада») уақытша сақтау немесе сыртқы жинағыштарда сақтау;
сурет фрагментін экран бойынша орнын ауыстыру;
бір суретті екіншісімен «желімдеу»;
 сурет фрагментін оның кіші детальдарын салу үшін ұлғайту;
суреттерге мәтін қосу.
Көптеген графикалық редакторлар сонымен бірге компьютерлік мультипликацияларды (анимацияларды), яғни, компьютерде қозғалатын кескіндерді құруға мүмкіндік береді.
Графикалық редактор «ортасы» негізгі үш бөліктен тұрады. Саймандық бөлігі - саймандарды кескіндейтін пиктограммалар жиынтығы. Әдетте бұл - кезкелген конфигурациядағы сызықтарды кескіндейтін «кисть» және түзу сызық кесінділерін сызуға арналған «сызғыш», «шеңбер», «тіктөртбұрыш»,
«эллипс» сәйкес фигураларды салу үшін, «ластик» кескіндерді өшіру үшін,
«валик» фигураларды бояу үшін, «қайшы» кескін фрагменттерін кесу үшін.
Ортаның басқа бөлігі -кескіндердің түсін таңдау үшін палитра.
Үшінші бөлігі -редактор командаларының мәзірі. Ортаның осы бөліктері әдетте экран шеттерінде орналасады. Экранның ортаңғы бөлігі жұмысшы өріске арналған (немесе кескіндер жасалатын «холст» деп аталады).
Графикалық редактордың келесі негізгі жұмыс іс-тәртіптері бар: саймандарды таңдау және баптау, түс таңдау, суретпен жұмыс (салу және редактірлеу), сыртқы құрылғылармен жұмыс.
Графикалық редактормен жұмыс істегенде, пайдаланушы тек пернетақтаны ғана қолданбай, сонымен бірге (көптеген қазіргі компьютерлер және редакторлар) үшін манипулятор тышқанды да қолданады. Компьютер экранында кескіндерді жасау кезінде суретті тек қана өзін салмай, басқа кескіндерді де пайдалануға болады, мысалы, фотогра-фиялар, кітаптағы суреттер және т.б. Осындай қосымша графикалық ақпаратты енгізу үшін арнайы құрылғы - сканер қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет