4Санды бір санау жүйесінен екінші бір санау жүйесіне ауыстыру Сандарды ондық жүйеге ауыстыру ауыстырылатын жүйе негізінің дәрежелік қатарын құру арқылы жүзеге асырылады. Сосын қосынды мәні есептеледі.
Мысал. 10101101.1012«10» с.ж. ауыстыру. 10101101.1012=1*27+0*26+1*25+0*24+1*23+1*22+0*21+1*20+1*2-1+0*2-2+1*2-3= 173.62510 Бүтінондықсандардыондықемессанаужүйелерінеауыстыруберілген ондық санды біртіндеп ауыстырылатын жүйе негізіне бөлу арқылы жүзеге асырылады. Бұл процесс қалдық ауыстырылатын жүйе негізінен кіші болғанда тоқтайды. Жаңа жүйеде сан бөлінді қалдықтарының соңынан бастап жазылады.
Мысал.
18110 «8» с.ж. ауыстыру.
Нәтиже: 18110=2658
Сегіздік жүйеден оналтылыққа және керісінше көшу триада мен тетрадалар көмегімен екілік жүйе арқылы жүзеге асырылады.
Мысал. 175.248 "16" с.ж. ауыстыру
Нәтиже: 175.248 =7D.516 5Екілік арифметика. Екілік сандарға арифметикалық амалдар қолдану екілік қосынды, айырма және көбейтінді кестелері арқылы беріледі.
Екіліксандардықосукезінде әрбір разрядта қосылғыштардың цифрлары қосылады және бар болса, көрші төменгі разрядтан көшіру жүзеге асырылады. Бұл жағдайда мынаны ескеру қажет: 1+1 берілген разрядта 0-ге тең және бірлігі келесі разрядқа көшіріледі.
Екілік сандардыңайырмасын тапқандаберілген разрядта қажет болғанда жоғарғы разрядтан 1 қарызға алынады
Қолданылған әдебиеттер: [1], [2], [3], [5], [13], [34]
Бақылау сұрақтары: 1. «ЭЕМ архитектурасы» деген терминді қалай түсінуге болады?
2. Сандарды форматының неше түрі бар?
3. Санау жүйесі дегеніміз не?
4. Санау жүйесінің түрлері?
Глоссарий Код– бір белгі тобынан екінші белгі тобына ауыстыру ережесі.
Кодтау - деректерді олардың кодтық комбинациясымен теңестіру.
Кодтау кестесі – символдардың кодтау комбинацияларының (тіркестерінің) жиынтығы.
Пікір– жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау.
Дәріс №7-8.ЭЕМ-нің негізгі блоктарының ұйымдастырылуы
Дәрісмақсаты:Дербес компьютердің негізгі құрылғылары, архитектурасы туралы түсінік беру, есте сақтау және сыртқы құрылғыларына сипаттама беру. Процессордың және жадының жұмысын ұйымдастыру туралы.
Кілттік сөздер:ДК архитектурасы, жедел жады, тұрақты жады, адаптерлер, ақпаратты жинақтағыштар, аналық тақша, процессор.
Жоспары: 1 Фон Нейман принципі
2 Процессордың архитектурасының ұйымдасуы
3 Компьютер жадысының ұйымдастырылуы. Жадының иерархиялық құрылымы
1Фон Нейман принципі
Электронды есептеуіш машина (ЭЕМ) немесе компьютер–бұл ақпаратты шығаруға, өңдеуге және жинақтауға арналған программалар мен техникалық құрылғылардың жиынтығы. 1945ж. Джон фон Нейман цифрлық есептеуіш машинаның жалпы принциптерін ойлап тапты, ол қазіргі кезге дейін ДК-де қолданылады. Осы принциптер бойынша компьютерде мыналар болуы керек:
арифметикалық-логикалық құрылғы, арифметикалық және логикалық операцияларды орындайды;
жадтайтын құрылғы немесе бағдарламалар мен деректерді сақтайтын жад;
басқару құрылғысы, ол бағдарламаларды орындау процесін ұйымдастырады;
ақпарат енгізу-шығару сыртқы құрылғысы.
Алдымен белгілі бір сыртқы құрылғының көмегімен компьютердің жадына бағдарлама енгізіледі. Басқару құрылғысы жадтан бағдарламаның бірінші командасын тауып оқиды және оның орындалуын ұйымдастырады. Бірінші команданы орындағаннан кейін, басқару құрылғысы келесі командаларды оқиды және т.с. ЭЕМ-нің осы құрлысын фон Нейман архитектурасыдеп атау келісілген.