Графиктік редакторлар графиктік ақпаратты дайындау мен өңдеуге арналған программа болып табылады. Олар өмірде жиі кездесетін есептеу нәтижелерін график түрінде шығаруда өте ыңғайлы. Оның үстіне графикалық редакторлар бейнелерді әртүрлі етіп - схемалар, сызбалар, суреттер және т.б. түрлерде бере алады. Графикалық редакторлар мәліметтердің есептелу нәтижесін график бейнесінде көрсетуде де және өз қалауымызша түрлі сызықтар тұрғызуда да қолданылады. Күрделі графикалық бейнелер тұрғызу кезінде түрлі-түрлі фигура мен контурларды пайдаланып, олардың әрқайсысын
әртүрлі түстерге бояуға да болады. Осындай мүмкіндіктері бар графиктік редакторларға Paint, CorelDraw, Graf-in-the-Box, Adobe Ilustrator т.б. жатады.
Электрондық кестелер жүйесінде миллионнан аса торлар (ұялар) болады, олар пернелермен ақпаратты енгізу арқылы немесе формулалар өрнегін есептеу нәтижесі бойынша компьютерде жазу арқылы толтырылады. Мұнда кестелік мәліметтерді түзету, оларды дискілерде жазып сақтау, түрлендіру, қағазға басып алу сияқты көптеген әрекеттер өте жылдам орындалады. Кең тараған электрондық кесте жүйелеріне Lotus 1-2-3, SuperCalc, QuatroPro, Excel сияқты программалар жатады.
Ойын программалары дербес ЭЕМ-дердегі қызғылықты, кез келген жан әуестенетін топқа жатады. Дербес компьютерлердің кеңінен тарауына да себепші болған ойын программалары еді. Компьютерлік ойындар - демалудың жаңа технологиясы. ЭЕМ-де ойнағанда онымен шектен аса әуестенудің зиян екенін есте сақтаған жөн.
Оқыту программалары оқу-үйрену сабақтарын ұйымдастырады, олардың мектепте, не үйде тарихтан, информатикадан, тілден, биологиядан, математикадан, физикадан т.б. пәндерден сабаққа дайындалу кезінде өте ыңғайлы екені талас тудырмайды. Компьютерлер сабақ оқуда электрондық оқулық жөне тренажерлер түрінде, лабораториялық аспап, әрі ақпараттық- анықтамалық жүйе есебінде кеңінен пайдаланылады. Институттарға қабылдау емтихандарын өткізу кезінде компыютерлер "әділ қазы" рөлін де атқара алатын құрал екені белгілі. Іспрограммалары қызметте керекті әртүрлі ақпараттарды дайындау, сақтау және өңдеу үшін кеңінен қолданылып жүр. Бұлар іс қағаздарын жүргізуді компьютерлендіру кезінде де құжаттар дайындау, жұмыс кестелерін жасау, кезекшілік графиктерін салу сияқты әрекеттерде де өте ыңғайлы болып табылады. Ақпараттың көптеген түрлерін сақтау, іздеу, жалпы ұйымдастыру жұмысында ақпараттық жүйелер қолданылады. Бұларға мәліметтер базасы, кітапханадағы ақпаратты іздеу жүйелері, театрлардағы, әуе жолындағы және темір жолдағы билет сату мен оларды тіркеу тәсілдері жатады. ЭЕМ желілері мен ақпараттық- коммуникациялар негізіндегі осы сияқты жүйелерді жасау мен дамыту қоғамымызды ақпараттандыру бағдарламасының ірге тасын қалайды. Болашақта перспективасы бар ақпараттық құралдарға білімдербазасы мен эксперттік жүйелерді жатқызуға болады. Олардың көмегімен кейбір мамандық салаларында эксперттер тәртібін модельдеу арқылы медициналық тақырыптардан консультациялар мен әртүрлі қызмет салаларынан анықтамалар беру, өнертапқыштарға, технологтар мен конструкторларға көмек беру істерін жүзеге асыруға болады.
Әмбебап программалық жасақтың дамуының арқасында күрделі біріктірілген (интегралданған)жүйелер жасалынып жатыр. Олар бірыңғай командалар жүйесі арқылы бір форматты пайдалана отырып мәтін редакторын, электрондық кестелерді, графикалық редакторды, мәліметтер базасын басқару жүйесін, калькуляторды және тағы басқаларды бірік-тіріп, бір интерфейс арқылы осылардың барлығын да пайдалану мүмкіндігін береді. Біріктірілген жүйелердің ішінде кең таралып, белгілі болғандарына Framework, Symphony,
Master және т.б. жатады. Әмбебап программалық жасақтама дербес компьютерлермен жабдықталған әртүрлі мамандық иелерінін жұмыс орындарын автоматтандыруды іске асырады. Мүндай жүйелерге, мысалы, кострукторлық жобалауды, электрондык тақшалар
жасап дайындауды, экономикалық және бухгалтерлік жұмыстарды автоматтандыру істерін жатқызуға болады. Инженерлік практикада қазір осындай мақсаттарға MatLab, MatCad, Eureka сияқты программалық дестелер кеңінен қолданыльш жүр. Қоғамымызды дербес компьютерлермен, ЭЕМ желілерімен және ақпараттық қорлармен толық қамтамасыз ету бұрынғы "қағаздағы" мәліметтерді қолдану жұмыстарын толықтыра отырып, ақпарат алу, тарату, пайдалану жұмыстарын ұйымдастыруды жаңа белеске көтерді. Мұны өзі қоғамымызды ақпараттандыру процестерін дамытудың негізі болады деп толығынан айта аламыз.