Информатика пә



бет21/60
Дата10.12.2023
өлшемі1,41 Mb.
#136082
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   60
Байланысты:
МК-Лекция

Қолданылған әдебиеттер:
[1], [3], [8], [10], [11]


Бақылау сұрақтары:
1. Операциялық жүйе дегеніміз не?
2. Операциялық жүйенің қандай түрлерін білесіз?
3. ОЖ негізгі функциялары?
4. Бағдарламалық қамтамасыздану түсінігіне не кіреді?
5. Бағдарламалық қамтамасызданудың негізгі категорияларын атаңыз және сипаттаңыз.
6. Операциялық жүйенің тағайындалуы?
7. Операциялық жүйелердің негізгі концепциясын сипаттаңыз.


Глоссарий
Утилиттер – белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы.
Сервистік бағдарламалар - әрбір адамның операциялық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін бағдарламалар тобы.
Операциялық жүйе компьютер іске қосылған кезде бірден жұмыс жасайтын бағдарлама.
ОЖ қолданушымен, қолданбалы программалармен және компьютер құрылғыларымен байланыс түрін қамтамасыз етеді.
Қолданбалы бағдарламалық жабдықтар – белгілі бір мамандық саласында нақты есептер шығара алатын бағдарламалар жиыны.
Жүйелік бағдарламалық жасақтар – операциялық жүйелер, утилиттер, сервистік бағдарламалар.


Дәріс №11-12. Қазіргі қолданбалы программалық жабдықтарға шолу.
Мәтіндік редакторлар.


Дәріс мақсаты: қазіргі қолданбалы программалық жабдық түрлерімен таныстыру. Мәтіндік редакторлармен, MS WORD мәтіндік редакторымен таныстыру.
Кілттік сөздер: қолданбалы программалық жабдық, мәтіндік редактор, құжат, мәтін, туралау,


Жоспары:
1.Қолданбалы программалық жабдықтама
2.Мәтіндік редакторлар
3. MS WORD мәтіндік редакторы
1 Қолданбалы программалық жабдықтама
Қолданбалы программалық жабдықтама - белгілі бір мамандық саласында нақты есептер шығара алатын программалар жиыны. Олар белгілі бір мақсатта пайдаланылатын және әмбебап болып екіге бөлінеді. Белгілі бір мақсатта пайдаланылатын программалық жабдықтама әр адамның нақты есептерін шығаруға арналған, сондықтан оны пайдалану аймағы да шектеулі Мұндай программаларды жұмыс иесі өзі жасайды немесе оның талабы бойынша маман программалаушылар жасап береді. Дербес компьютерлердің кең тарауына басты себеп болған олардың алдын ала дайындалған әмбебап программалық жабдықтамалардың кең таралуы еді, бұл программалар тек бір есепті шығарып қана қоймай,
белгілі бір мамандық саласында есеп жұмыстарын түгел автоматтандыруды немесе ақпараттың белгілі бір түрлерін өңдеуді түгел қамти алатын болды. Әртүрлі ақпараттарды өңдеуге мүмкіндік беретін әмбебап программалық жабдықтың негізгі түрлері мыналар:
- мәтіндік редакторлары;
-графикалық редакторлар;
- электрондық кестелер;
- оқыту және ойнау программалары;
- ақпараттық жүйелер және т.б.
Мәтіндік ақпараттарды даярлау мен өңдеуге арналған прогаммалар мәтіндік редакторы деп аталады. Өмірде кез келген ЭЕМ-де жұмыс істейтін адамдар әртүрлі есеп-қисаптар мен құжаттар дайындау, мақала және басқа жазбалар жазу сияқты мәтін дайындаумен айналысады.. Мәтін редакторлары экранда мәтіндерді түзетуге, қателерін уақытында табуға, абзацтардың сол жақ, оң жақ шеттерін туралауға, мәтіндерді дискілерде ұзақ уақыт сақтап, қажет болғанда бірден тауып алуға, бірнеше алфавитті (латын, орыс, қазақ) қатар пайдалануға, қүжаттарды кағазға бірнеше дана етіп басып шығаруға мүмкіндік береді. Дербес ЭЕМ-дер кітап, журнал, газет, т.б. шығаруда кең пайдаланылады. Компьютердің машинкаға қарағанда көптеген артықшылығы бар: қате оңай түзетіледі, материалдарды дайыңдау шапшандайды, оларды безендіру жолдары жеңілдейді. Өте жоғары сапалы басылым шығара алатын лазерлік принтерлермен жабдықталған шағын баспахана жүйелерінің одан да күшті мүмкіндіктері бар. Кең тараған мәтін редакторларына Місгоsoft Word, PageMaker, WordPerfect т.б. жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет