Глоссарий Электрондықкесте– ұяшықтарында деректер (мәтіндер, сандар, формулалар)
жазылған кәдімгі кестенің компьютерлік кестесі.
Араласадрестеу(EXCEL)– ұяшық адресінің сипаттамаларының тек біреуі ғана өзгертілмейтін болып бекітіледі, $ символы тек қана қажетті белгінің алдына қойылады (В$4, С$2).
Диаграмма– сандық шамалар мен олардың ара қатынастарын геометриялық тәсілдермен шартты түрде бейнелеп көрсету.
Диаграммашебері – диалогты терезелер көмегімен диаграмманы, графикті құруға немесе оны жұмыс парағына орналастыру үшін қолданылатын EXCEL функциясы.
Ұяшық–көрсетілген нұсқаға байланысты жіңішке пунктир сызықпен қоршалған тіктөртбұрышты аудан.
Ұяшық сілтемесі–ағымдағы ұяшықты анықтайтын ерекшеленген тіктөртбұрышты белгі.
Дәріс№15-16.Мәліметтерқоры.мәліметтерқорынбасқаружүйесі. MS ACCESSМҚБЖ. Дәріс мақсаты:Мәліметтер қоры, мәліметтер қорын басқару жүйесі туралы түсінік беру, мәліметтер қорының типтері мен объектілерін анықтау.
Кілттік сөздер:мәліметтер қоры, МҚБЖ, типтер, кесте, сұраныс, қалып,есеп, бет.
Жоспары:
1. Мәліметтер қоры және мәліметтер қорын басқару жүйесі
2. Мәліметтер қорын жобалау
3. MS Access мәліметтер қорын басқару жүйесі
1.Мәліметтер қорыжәне мәліметтер қорын басқару жүйесі Мәліметтер қоры дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Ең алғаш мәліметтер қоры ұғымы жаңадан қалыптасқан кезде онда шындығында мәліметтер сақталатын. Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәліметтерді ғана емес, ақпарат та сақталады деп айта аламыз.
Мәлiметтер қорын басқару жүйесi (МҚБЖ) мәлiметтер құрылымы типтерiнiң бiрiне бағытталады. Олар: иерархиялық МҚБЖ, желiлiк МҚБЖ, реляциялық МҚБЖ болып үшке бөлiнедi.