Информатика пә



бет53/60
Дата10.12.2023
өлшемі1,41 Mb.
#136082
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   60
Байланысты:
МК-Лекция

2. Компьютерлік желілер.
Екі компьютерді физикалық қосу кезінде компьютерлік желі пайда болады. Жалпы жағдайда, компьютерлік желілерді құру үшін арнайы аппараттық қамтама (желілік қондырғы) және арнайы программалық қамтама (желілік программалық құралдар) қажет. Деректермен алмасу үшін 2 компьютерлердің қарапайым қосылуы тура қосылу деп аталады.
Ең бірінші компьютерлік желі ІХ ғасырдың ортасында пайда болды және олар тек кодталған сигналдарды беріп отырды. Соңынан ғана дауысты да жеткізетін мүмкіндік пайда болды.
Барлық компьютерлік желілердің бір белгіленуі бар – жалпы ресурстарға бірге қатынауды қамтамасыз ету: аппараттық, программалық, ақпараттық.
Ақпаратты-есептеуіш желілерінің архитектурасы (АЕЖ) жұмыс істеп тұрған желіні құруға қажетті хаттамалар жүйесін және логикалық құрылымдарын ұсынады. Ақпаратты тарату көзімен қарағанда логикалық құрылым желінің құрылымдық элементтерін модел-дейді және олардың архитектурасын, желіде функциялар мен интерфейстердің анықтайды. Біріккен технология бойынша логикалық құрылым байланыс арналарымен және желінің басқа да элементтерімен басқаруға мүмкіндік береді. Логикалық құрылымның элементі ретінде түйіндер, қосу элементтері мен процесстері шығады. АЕЖ архитектурасында бар болу ролін оның топологиясы ойнайды, оның негізінде үш негізгі типі жатыр: жұлдызша тәрізді, сақиналық және шиналық.





1-сурет. Жұлдызша типті топология

Жұлдызша тәрізді топология есептеуіш желілеріндегі басқа топологияларға қарағанда тез іс-әрекетті болып табылады, себебі жұмыс станциялары арасында деректерді жіберу тек осы жұмыс станцияларымен қолданылатын бөлек жолдар арқылы орталық түйін арқылы өтеді.


Есептеуіш желісінің өндірілуі біріншіден орталық файлдық сервер қуатынан тәуелді. Орталық түйін істен шыққан кезде барлық желінің жұмысы бұзылады.







2-сурет. Сақина типті топология

Сақиналық топология кезінде жұмыс станцияларының желісі бір-бірімен дөңгелек бойымен байланысты, яғни 1 жұмыс станциясы 2 жұмыс станциясымен, 3 жұмыс станциясы 4 жұмыс станциясымен және т.с.с. соңғы жұмыс станциясы біріншімен байланысты.









3-сурет. Шиналық типті топология

Шиналық топология кезінде ақпаратты жіберу ортасы барлық жұмыс станциялары қол жеткізе алатындай коммуникационды жол формасында ұсынады, оған бәрі қосылуы тиіс. Барлық жұмыс станциялары кез-келген жұмыс станциясымен байланыс орната алады.


Абоненттік жүйелердің территориялық орналасуына байланысты есептеуіш желілерін негізгі үш классқа бөлуге болады:
глобальды желілер (WAN — Wide Area Network);
қалалық желілер (MAN — Metropolitan Area Network);
 локальды желілер (LAN — Local Area Network).
Глобальды есептеуіш желісі әр түрлі елдерде, әр түрлі континенттерде орналасқан абоненттерді біріктіреді. Бұндай желілер абоненттерінің арасындағы қарым-қатынасты телефонды байланыс жолында, радиобайланыс және спутниктік байланыс жүйе базасында жүзеге асады. Глобальды есептеуіш желілері барлық адамзаттың ақпараттық ресурстарын біріктіру мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Қалалық есептеуіш желісі бір-бірінен белгілі бір қашықтықта орналасқан абоненттерді байланыстырады. Ол үлкен қаланың, экономикалық аймақтың,
бөлек елдің ішіндегі абоненттерді қоса алады. Көбінесе қалалық есептеуіш желісінің абоненттері арасындағы арақашықтық ондаған-жүздеген километр құрайды.
Локальды есептеуіш желісі тым үлкен емес қашықтықта орналасқан абоненттерді біріктіреді.. Локальды есептеуіш желілер әдетте, басқа желілерден графикалық облысы шектелуімен ерекшеленеді (бір бөлме, бір ғимарат, бір аудан).
Локальды желі компьютерлер, қосымша құрылғылар (принтерлер және т.б.) жиынын және кабельдермен жалғанған коммутациялық құрылғылар жиынын құрайды. Кабель ретінде«қалың» коаксиальді кабель, «жұқа» коаксиальді кабель, волоконды оптикалық кабель қолданылады. «Қалың» кабель негізінен жоғары жіберу қабілеті талап етілетін үлкен кернеулік участкелерде қолданылады. Волоконды-оптикалық кабель кернеу участкелерін
ретронеляторларсыз басқа кабельдердің көмегімен алынбайтын сенімділік пен жоғары жылдамдықпен қамтамасыз ете алады. Бірақ оның негізінде кабельдің, желінің құны өте жоғары болғандықтан, ол локальды желілерде өз қолданысын
әлі тапқан жоқ. Негізінен локальды компьютерлік желілер «жұқа» кабельмен өрілген жұптан (витая пара) құралады.
Алғашқыда желілер «жұқа» Ethernet принципі бойынша құрылды. Оның негізі тізбектегі коаксиальді кабельдермен жалғанған желілік адаптерлері бар бірнеше компьютерлер болады, мұнда барлық желілік адаптерлер оған бір уақытта сигналдар береді. Бұл принциптің кемшіліктері соңынан көрінді.
Желі мөлшерінің өсуімен көптеген компьютерлердің параллельді жұмысы бір шинаға үлкен жүк түсіреді, олардың бір-біріне әсері үлкен болады. Коаксиальді кабельдің кездейсоқ істен шығуы барлық желіні істен шығарады. Ал кабельдің үзілу орнын табу немесе программалық ақауларды табу мүмкіндігі болмады.
Әрбір жеке құрылым желілік адаптері бар бірнеше компьютерді құрайды, олардың әрқайсысы жеке сыммен – коммутатормен жалғанған.
Бұл принцип бойынша желі құру үшін компьютерлер санынан гөрі, кабельдер көп болуы керек. Кабель әрбір жұмыс орнына ғана емес, жұмыс орны жоқ, бірақ болуы мүмкін жерлерде де жүргізіледі. Жаңа қолданушыны қосу үшін бір немесе бірнеше панельдерде коммутацияны өзгертеді.
Құрылымдық жүйе жобалауға кететін шығындар әсерінен дәстүрлі желіден құндырақ болып келеді. Бірақ ол көп жылдар бойы желіні игеруге мүмкіндік береді.
Бұл принцип бойынша құрылған желілер үшін арнайы электронды құрылғылармен қамтамасыз ету қажетті. Мұндай құрылғылардың бірі – хаб. Хаб – желінің коммутациялық элементі болып табылады. Әрбір хабтың 8-ден 30-ға дейінгі порты болады. Әрбір портқа бір құрылғы қосылады. Компьютерді хабқа қосуда желілік интерфейстің электроникасының бір бөлігі компьютерде, ал екінші бөлігі хабта орналасады.
Хабтар жүйенің жүрегі бола отырып, оның функционалдығын және мүмкіндіктерін анықтайды. Тіпті ең қарапайым хабта порттар жағдайының индикациясы болады. Бұл ақаулардың, үзілген сымдардың және т.б. диагностикасын алуға мүмкіндік береді. Мұндай құрылымдық желінің ерекшелігі оның ақауларға төтеп беруі: оның екі элементтерінің қабілетін сақтайды. Әр түрлі ұйымдастырылған компьютерлік желілерді байланыстыру мәселесі, осындай әрекеттерді жүзеге асыратын арнайы құрылғының пайда болуына әкеледі.
Компьютерлік желілердің екі типі бар: бір ранголы желілер және ерекшеленген серверлі желі. Бір ранголы желі жұмысын ұйымдастыратын арнайы компьютерлердің ерекшеленуін қарастырмайды. Әрбір қолданушы желіге қосыла отырып, желіге қандайда бір ресурсты ерекшелейді (дискілік кеңістік, принтерлер) және желіге басқа қолданушылармен берілген ресурстарға қосылады. Мұндай желі қондыруға жеңіл: олар ерекшеленген серверлі желіге қарағанда арзан. Ерекшеленген серверлі желі қондыруы қиын және құнды болғанымен, ол орталықтан басқаруға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет