«информатика» ПӘнінен дәрістер жинағы оқытушы: Тлеумбетова Г. К. №1 бөлім. Ақпарат үрдістері



бет6/34
Дата25.07.2022
өлшемі369,5 Kb.
#37904
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
3. Алгоритмнің берілу тәсілдері
Алгоритмнің келесі берілу тәсілдерін қарастырайық:
*табиғи тілдегі алгоритм – орындаушысы адам, қажетті құрал-жабдықтары – қазақ, орыс және ағылшын алфавиті;
*графикалық тілдегі алгоритм – орындаушысы адам, қажетті құрал-жабдықтары – әрбір әрекеті түрлі жазықтықтағы геометриялық фигура ретінде бейнеленіп, олардың арасындағы байланыстар түзу сызықтар мен бағыттаушылар арқылы көрсетіледі;
*алгоритмдік тіл – орындаушысы адам, қажетті құрал-жабдықтары – жаратылыстану тіліндегі қандай да бір мағынаны, бұйрықты білдіретін сөздер жиынтығы;
*программалау тілі – орындаушысы компьютер, қажетті құрал-жабдықтары – арнаулы программалау тілінің командалары.
Алгоритмнің тұрғызылу тәсілдерінің құрылысын зерттеу үш түрде беріледі:
*алгоритмдік тілде;
*блок-схема түрінде;
*программалау тілінде.
Алгоритмдік тіл – табиғи тілде жазылған алгоритм сияқты өзіміз күнделікті пайдаланып жүрген тілге жуық, бірақ ол құрылымы нақтыланған, бірыңғай және дәл жазылатын арнайы символдар мен түрлі ережелер жүйесінен тұрады. Кез келген тіл сияқты ол символдар жиынтығынан (алфавит), алгоритмдік тілдерді жазу ережелерінен (синтаксис) және жазуларды түсіндіру мәтіндерінен (семантика) тұрады.
Үйренуге арналған алгоритмдік тілде алфавит шектелмеген. Ол үшін ұлттық әріптерді, сандарды программалау тілдерінде пайдаланылатын арифметикалық операция таңбаларын, түрлі жақшалар және тағы басқа символдарды алуға болады. Мысалы; латын, орыс, қазақ алфавиттерінің әріптері, ондық санау жүйесінің цифрлары, арифметикалық амал таңбалары:
3 Бөлім. Компьютер- ақпаратты өңдеу құралы.
Аппараттық қамтамасыз етудің дамуы
Аппараттық қамтамасыз ету перифериялық құралдарға қажетті компьютердің электрондық толтырылымын құрайды. Процессор, электрондық платалар, монитор, пернетақта-бұлардың барлығы аппараттық қамтамасыз етуге жатады. Компьютердің заманауи аппараттық қамтамасыз етілуі көлемінің барынша кішіреюіне және өнімділігінің үлкеюіне әкеледі. Мысалы, қазіргі ұялы телефондарда компьютердің процессорлары орнатылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет