«информатика» ПӘнінен дәрістер жинағы оқытушы: Тлеумбетова Г. К. №1 бөлім. Ақпарат үрдістері


Принтер – мәтіндік және графиктік ақпаратты қағазға шығару құрылғысы. Сканер



бет8/34
Дата25.07.2022
өлшемі369,5 Kb.
#37904
түріПрограмма
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34
Принтер – мәтіндік және графиктік ақпаратты қағазға шығару құрылғысы.
Сканер – компьютерге мәтіндік және графикалық ақпаратты енгізу құрылғысы.
Модем – телефон желілері бойымен ақпарат тарату құрылғысы.
Баған (колонка) – дыбыстық ақпаратты шығару құрылғысы .
(DVD) CD-ROM – лазерлік дискілерді көруге арналған құрылғы.
Тышқан – компьютермен жұмыс істеуге арналған ыңғайлы құрылғы .
Принтерлерді баптау және орнату
Принтерді баптау Windows 7 операциялық жүйесінде орнату үшін көрсетілген. Бірақ егер компьютерде басқа операциялық жүйе орнатылған болса да орнату жұмыстарының бір-бірінен айырмашылығы шамалы.
Ең алдымен принтерді тоққа қосуымыз керек. Содан кейін арнайы шнур арқылы компьютер мен принтерді байланыстырып жалғаймыз.Ол шнур принтер қорабының ішінде міндетті түрде болады. Компьютер қосатын тетікті көлеміне қарай тауып алыңдар. Бірақ соңғы шығып жүрген принтерлердің шнуры кәдімгі біз қолданып жүрген флешканың формасындай болады.
Осылардың барлығы дайын болған соң, орнатуға кірісеміз. Компьютердің кез келген қосымша құрылғыларының баптаулары Басқару панелі деген жерде сақталады. Экранның сол жақ төменгі бөлігіндеПуск батырмасы арқылы сол жерге өтеміз де,Қондырғылар және принтерлер деген бөлімге кіреміз.
Одан кейін Принтерлерді орнату деген батырманы басу керек. Содан соң шыққан терезеден принтерлерді орнату типін таңдаймыз.
Егер сол компьютерге ғана орнату керек болса, Локалді принтерді қосу, ал егер жергілікті принтер болса, Жергілікті принтер қосу деген батырманы таңдау керек. Сонымен Локалді принтерді қосу батырмасын таңдаймыз.
Одан кейін принтердің портын таңдап Әрі қарай батырмасын шертеміз де, дискіден принтердің өз маркасын арналған драйверін орнатамыз.
Мәтіналғыны орнату.
Жоғарыда айтып өткендей драйвер туралы мәселені шешіп болып, шнур арқылы мәтіналғыны компьютерге жалғаған соң, Windows автоматты түрде құрылғыны орнатады.
Мәтіналғы ескі болса, орнатуды өз қолдарыңмен іске асыруға тура келеді. Пуск арқылы басқару панелі деген мәзірге барып, терезенің сол жақ жоғарғы бөлігіндегі Қосымша құрылғы атты батырманы басып, Windows –тың айтқан барлық қадамдарын орындап шығасыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет